Студопедия — Мазмұны. · 1 Қазақстанның геосаяси жағдайы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мазмұны. · 1 Қазақстанның геосаяси жағдайы






[жасыру]

· 1 Қазақстанның геосаяси жағдайы

· 2 Қазақстан және халықаралық ұйымдар

· 3 Қазақстанның сыртқы саясаты

· 4 Дереккөздер

Қазақстанның геосаяси жағдайы [өңдеу]

Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау,саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты».

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды.Республика аумағында бір неше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім — ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің — Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды.

Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млм доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды.

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

· АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес — 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі.

· Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындавы Мәскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

· 1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауганстан, Қырғызстан, Тәжікстан,Турікменстан, Өзбекстан мүше болды.

Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. Олар Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды.

Қазақстан және халықаралық ұйымдар [өңдеу]

Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.

Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері,Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.

1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қарарға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды.

1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Халықаралық ыңтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.

1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкел ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын («Адам және биосфера», «Халықаралық гидрология») жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. 1994—1995 жылдарда ЕҚЫҰ-ның төмендегідей құрылымдарымен тұрақты ынтымақтастық байланыстар орнады: аз санды ұлттар жөніндегі институты, демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы. 1999 жылдың қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді.

Қазақстанның сыртқы саясаты [өңдеу]

Халыкаралық байланысты жүзеге асыруда Қазақстанның сыртқы саясаты дүние жүзінде қалыптасқан жағдайға байланысты көпбағыттылығын ескеру принципінен шығуы керек. Дүние жүзіндегі саяси және экономикалық үдерістердің ғаламдық сипаты жағдайында, жекелеген елдер қауіпсіздігіне кепілдік ұжымдық күш-жігермен ғана қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы өзімен шекаралас елдердің бәрімен сенімге негізделген тату көршілік қатынас орнатуға тырысады. Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қауіпсіздік жүйесін құруға арналған және халықаралық ынтымақтастықтың барлық деңгейіндегі қарусыздану ісіне міндетті түрде қатысады. Оның бірнеше деңгейі бар:

· Қазақстанның ТМД-дағы халықаралық кауіпсіздік және қарусыздану саласындағы ықпалдастық саясаты;

· Қазақстанның Азияда бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдау туралы ұйым құру ұсынысы;

· Қазақстан халықаралық БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. ұйымдарға қатысып, қарусыздану және бейбітшілікті қолдау саясатын жүзеге асырады.

Қауіпсіздікке кепілдік алуға қол жеткізу үшін Қазақстан бірқатар сыртқы саясат әрекеттерін қарастырды. 1992 жылы Ташкентте Қазақстанның, Қырғызстан, Тәжікстан,Белоруссия, Армения, Әзірбайжан, Грузия мен Өзбекстанның басшылары бас қосып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімге кол қойды. Мемлекет басшылары жөнө ТМД Біріккен Қарулы күш Бас қолбасшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылды. 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда АӨСШК мүшелері — 15 мемлекеттіц Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.

1995 жылы үш республика — Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшылары БҰҰ Бас хатшысына БҰҰ қарамағындн Біріккен ортаазиялық бейбітшілік сақтау батальоның (ОртАзБат) құру туралы ұсыныс енгізді. 1997 жылы ОртАзБаттың алғашқы оқу- жаттығулары өткізілді. 1996 жылы бес мемлекет — Қазақстан, Қытай,Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери салада және шекаралық аудандарда сенім шараларын нығайту туралы Келісімге қол қойды. 1997 жылы шекаралық аудандардағы қарулы күштерді келісімді қысқарту туралы Келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер Қытаймен шекара жөніндегі дауды реттеуге негіз болды. 2001 жылғы көктемде бұл Келісімге Өзбекстан қосылып, Шанхай бестігі Шанхай ынтымақ тастық ұйымы (ШЫҰ) болып құрылды.

Республика ішінде жүргізіліп жатқан реформаларды қамтамасыз ету жөнінде де бірқатар міндеттердің бар екені белгілі. Оларды атап айтсақ:

· Қазақстан экономикасы үшін дамыған мемлекеттер және жекелеген қаржы ұйымдары тарапынан қаржы салымын тарту;

·

· экономикалық міндеттер, экологиялық мәселелер, дүниежүзілік коммуникацияға шығу үшін қаржы тарту және практикалық көмек көрсету;

· әр түрлі мәселелер бойынша халықаралық ақпараттармен алмасуға қатысу;

· Қазақстандық экономиканың, ғылым мен басқарудың әр түрлі салалары үшін шетелдерде мамандар даярлау бағдарламасын жүзеге асыру;

· шетелдердегі Қазақстан азаматтарының мүддесі мен құқықтарын қорғау;

· шетелдік серіктестермен еліміздің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту.

Аталған бағыттар бойынша Қазақстанның дипломатиялық қызметін тұрақты жүзеге асыру біздің еліміздің ұзақ мерзімдік басым бағытын іске қосуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның сыртқы саясаты 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі 10 жыл ішінде күрделі даму жолынан өтті. 1991—1993 жылдары Қазақстан халықаралык құқық субъектісі ретінде әлемдік коғамдастыққа ену шараларын жүзеге асырды, дүние жүзіндегі жетекші елдермен ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық базасынқалыптастырды.

1994—1997 жылдары сыртқы саясат қызметінде мықты құкықтық база құру жұмысы жалғастырылды, бірінші кезекке шет елдер стратегиялық ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету тетігін қалыптастыру міндеті шықты.

1997 жылдан бастап Қазақстанның сырткы саясатында үшінші даму кезеңі басталды, ол ел алдында жаңа ғаламдық жағдайлар тууымен сипатталады. Қазақстаниың сыртқы саясатындағы бағдары «Қазақстан—2030» стратегиялық даму бағдарламасында ашып көрсетілді.

2003 жылы Алматыда Бейбітшілік пен өзара келісім жөніндегі халықаралық конференция мен Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің 1 съезі болып өтті. 2006 жылдың қыркүйек айында Астанада Бейбітшілік пен өзара келісім Сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің II съезі болды.[1]

слам Әріптестік Ұйымы[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ислам Әріптестік Ұйымы [көрсет ►]
Headquarters Джидда, Сауд Арабиясы
Ресми тілдер Араб тілі, Ағылшын тілі,Француз тілі
Мүшелігі 57 member states
Басшылары
Генераль Сәркатип Әкмәлетдин Ихсаноглы
Ғаламтор торабы http://www.oic-oci.org/
     

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ)(2011 жылдың 28 маусымына дейін - Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ))1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,2 миллиардқа жетіп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. ИҚҰ-ның басшысы – Бас хатшы, ал атқарушы органы – Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір мәрте 4 жылға сайлайды. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар. Олар Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 500. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия