Қаржылық есептілік – бұл өзара байланысқан көрсеткіштің топтасқан кешені. Инвесторға, кредиторға, ұлттық банкке, банк қызметкерлеріне қажетті материалдар, оларды сатып алуға және төлем тәртібінің жарлығы туралы талап ететін нұсқаулардың орындалуы үшін, бюджеттің орындалуына, несиелік ресурстардың пайдалануын бақылауға қолданылады. Есеп беру формаларының негізгі сұрақтары бойынша Ұлттық банк қаржы және статистикалық ұйымдардың келісімімен қарастырады. Қаржылық жағдайды талдау банктің қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады.Банктің қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді,себебі Қазақстан Республикасында соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып, реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және банк үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша, сондай-ақ банктің болашақтағы ақша ағымдарын және осы банкке сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы ұйымдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды.