Студопедия — Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.






Наймандар мен керейлер. Наймандардың, керейлердің ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығысында – Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар.XII ғасырда керейлер мен меркіттер қосылған Наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болды. Ғалымдар “найман” терминінің мәні моңғол тілі тұрғысынан алғанда конфедерацияға енген тайпалар санына қарап “сегіз” деген сөзді білдіреді деп болжам жасайды. Сондықтан наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы туралы мәселе әлі күрделі. Зерттеушілердің арасында бұлардың тілі туралы әртүрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар бұл тайпаларды моңғол тілдес десе, екінші ғалымдар оларды түркі тілдес дейді. Олардың этникалық құрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми әдебиеттегі жаңа мәліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дәйектейді. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатқан. Кейінірек наймандар да сол араны жайлаған. Наймандардың батыс жағында Ертіс бойын мекендеген қаңлылар мен қыпшақтар, солтүстігінде Енисей қырғыздары, шығысында Шығыс Моңғолияда көшіп-қонып жүрген керейлер, ал оңтүстік жағында Орталық Азияның басқа да көптеген тайпалары мекендеген. Осы тайпалармен және ұйғырлармен көрші ретінде қарым-қатынас жасап тұрған. Наймандар, әсіресе, қаңлылармен өте тығыз этникалық-саяси және мәдени байланыста болған. Қаңлылар мен қыпшақтардың кейбір жеке топтары наймандардың жеріне келіп қоныстанады. X ғасырда сегіз-оғыздар Қидан мемлекетінің қол астына алынған кезден бастап, олар “найман” деген атпен белгілі болған. Наймандар Бұйрық және Беткін деген екі үлкен тайпалардың бірлестігінен құралған. Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы, ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. “Ұлыс” деген сөз ол кезде “халық” деген ұғымды білдірді, әрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі – хан басқарды. Хан ордасы, ұлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болған. Әрбір ұлыстар ондық бірліктер бойынша, әскери жүйемен сарбаздар жасағын құрған.Ұлыстарды басқару және оның ішкі жұмыстарын, салық жинауды арнаулы шерби атағы бар адамдар жүргізген. Арнаулы іс жүргізетін адамдар да болған. Іс ұйғыр жазуымен жүргізілген. Жарлықтар ханның мөрі басылған жағдайда ғана бекітілген.Наймандар XІ ғасырдың бас кезінде христиан дінінің несториан бағытын ұстанған. Бұл наймандардың ерте феодалдық кезеңде басқа мемлекеттермен және халықтармен этно-мәдени байланыста болғандығын дәлелдейді. X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Моңғолияда қиданның Ляо мемлекеті құрылғаннан кейін (907-1125 жж. құрылып, өмір сүрген), наймандар оның құрамына кірген, бірақ Елюй-Даши өлімінен кейін тәуелсіздік алып, өздерінің билеушісі етіп Инанч-Білге Буху ханды тағайындады. XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырдың басында Найман хандығы екіге бөлініп, оны Инанчтың екі ұлы: Даянхан мен Бұйрық хан басқарды. 1204 жылы моңғолдар Даянханды, 1206 жылы Бұйрық ханды талқандады. Даянның ұлы Күшілік хан найманның қалған әскерін жинап, Қидан мемлекетіне барып, бас сауғалады. Қидан билеушілерінің тілін таба біліп, наймандардың шашырап кеткен әскерінің басын қайта біріктірген Күшіліктің қуаты тез күшейді. Осы кезде Хорезмшах Мұхаммедтің әскерінен жеңілген қидандар өлкеде нақты биліктен айырылды. Осыны пайдаланып, Күшілік хан 1211 жылы қалған қидандарды тізе бүктіріп, өзінің ордасын Жетісуға көшірді. Күшілік 1213 жылы Алмалықтағы мұсылмандар иеліктеріне қарсы әскери қимыл-әрекетін бастады. Күшіліктің әскері Алмалықты алғанымен, моңғолдардың жақындап қалуына байланысты кері шегінді. 1218 жылы моңғолдар наймандарды талқандап, қашып кеткен Күшілікті ұстап алып, Бадахшанда өлтірді. Сөйтіп, XIII ғасырдың басында бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу моңғолдардың қол астына кірді.Керейлер (Керейттер). Керейлер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер Х ғасырдың бас кезіне жатады. Керейлер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Олар түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейлердің батысында – наймандар, солтүстігінде -меркіттер, шығысында -татарлар, оңтүстігінде -таңғұттар тұрады.Керей тайпаларының екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында, ал оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несториандық тармағын қабылдайды. Керейттер белгілі дәрежеде ұйғыр мәдениетінің ықпалында болған.ХІІ ғасырдың 50 – ші жылдарында керейлердің Қытаймен арадағы қатынасы шиеленісті. Қытайларға қарсы керейлердің күресін бастаған Маргуз – хан тұтқынға түсіп, азаптап өлтірілді. Одан кейін елді Худжар Бұйрық – хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті. Тоғырыл хан тұсында Керейлер ұлысы солтүстікте – Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте - Хуанхеге дейінгі; Батыста – Хангай тауынан, Шығыста Халкин Голге дейінгі жерлерді жайлаған. Керейлер найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, моңғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз саяси және этникалық – мәдени байланыс жасап тұрған.Тоғырыл ханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері – Темучин (Шыңғыс хан) мен Жамуха – тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болған. Керей билеушісі Тоғырыл хан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан. 1180 жылдары Тоғырыл Тимучинге қолдау көрсетіп, 1183 жылы керейлер мен моңғолдар Қытаймен одақтаса отырып, татар әскерін талқандады, сол үшін Тоғырыл хан Қытайдың Ван титулын иеленді. Бұл егеменді құқығы ресми мойындалған патша дегенді білдіреді. Сондықтан Тоғырылды тарихта Ван – хан деп те атайды. 1203 жылы керейлер мен бұрынғы одақтасы моңғолдар арасында соғыс өрті бұрқ ете түсіп, ол керейлердің жеңілісімен аяқталды. Тоғырыл мен оның ұлы Сангум қаза тапты. Керейлердің бір бөлігі қолбасшы Қайранбайдың бастауымен Солтүстік–Батысқа, яғни Ертіс өзенінің орта ағысына қарай қашты. Ал басым бөлігі Моңғол мемлекетінің құрамына енді.Жалпы алғанда, моңғол шапқыншылығы Орталық Азияның этникалық процесіне үлкен әсер етті, соның салдарынан көшпелі халық орасан зор аймаққа көшіп–қонды. Моңғолдардан жеңілген наймандар мен керейлер біртіндеп қалыптасып келе жатқан түркі халықтарына, оның ішінде қазақ халқына араласып кетті. Наймандардың қазақтар құрамындағы үлесі едәуір еді. Моңғол дәуірінде олардың басым бөлігі Сырдарияға, яғни қазақтың кең даласына көшті, сөйтіп қазақ этносының қалыптасуында белсенді роль атқарды. Ал керейлердің бір бөлігі батысқа, Еділ бойына ұмтылды, онда олар өздерінің керей этнонимін сақтап қалды, кейін осы атаумен олар өзбектер мен қырғыздар құрамына енсе, аз бөлігі қазақтар құрамына кірді. Олардың (керейлердің) көпшілігі Солтүстік Қазақстанда қалып, Орта жүз қазақтарына Керей (Қара – Керей, Абақ - Керей) атауымен енді, сөйтіп бұрынғы “Кереит” деген этноним атауындағы “т” жалғауы алынып қалды.Керейлер мен наймандар әлеуметтік – саяси дамудың бір деңгейінде тұрған. Олар дербес мемлекеттік құрылым – ұлыстар болып ұйымдасып, ал ұлыстар болса, хандар әулеті бастаған бүкіл этносты біріктіріп, рулық – тайпалық институт атаулының бәрінен де жоғары тұрған. Әрбір ұлыстың өз территориясы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған. Ұлыстарда хан қосының басқару орындары, әскері мен жасауылы бар басқару аппараты жұмыс істеген. Сонымен туысқан тайпалардың әлеуметтік жіктелуі мен бірігуі ерте феодалдық мемлекеттердің, яғни Керейлер мен Наймандар ұлысының құрылуымен аяқталады







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2532. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия