Студопедия — Жаттығу,оның түрлері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жаттығу,оның түрлері






Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынадай:

1. Грамматикалық-орфографиялық талдау («грамматикалық талдауды» қараңыз). Бұл – оқушыларды граммтикалық және орфографиялық құбылыстардың ара қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландыру. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немес басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі (мысалы, көшіріп жазуда, диктантта т.б.).

Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында карточка жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы алдын ала карточка дайындайды. Мысалы, зат есімнің септік жалғауларын талдау барысында мұғалім бір септік жалғауының қалай жазылатынын сұрағанда оқушы тиісті карточканы көтереді. Сонан кейін жазады. Бұл мұғалімге оқушылардың білім жөнінде біраз мәлімет береді.

2. Көшіру. Алғашқы, Ісыныпта, ІІ сыныпта сөзбе-сөз, механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте: деформаланған ммәтінді (картинадағы рет бойынша) көшіру, сөз теріп көшіру, қалдырылған сөздерді қойып көшіру, толық көшіру т.с.с. ұйымдастырылалды. Көшіру жұмыстарында керекті әріптердің, сөздердің, сөз тіркестерінің астын сызу, сөз табын анықтау, қосымшасын, жағын, шағын анықтау, жақшаға көрсету т.с. белгіленеді.

Балалар көшіру техникасына үйретіледі (әуелі оқып шық, буындап оқы, ойлан, мағнасына түсінесің бе, қалай жазылатынын байқа, есіңде сақта, жазып болған соң тексер т.б.). Жазғандарын түп нұсқасымен салыстырып, қатесі болса, түзейді. Көшіруге арналған материал қызықты, түсінікті болуға тиіс.
Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін оқылады, талданады, содан соң жабылады. Оқушы есінде оқығандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болғаннан соң мұғалім мәтінді ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді. көшіріп жазудың бұл көрсетілген түрі диктант болғандықтан мұны көру диктанты деп атайды. Бұл әсіресе «қиын» сөздердің жазылуы өткенде пайдалы. Әдетте жазылуы қиын сөздердің тізімі оқулықтардың соңында беріледі мұндай сөздердің жазылуыан есте қалдыру үшін мұғалім мынадай әдіс тәсілдер қолданады:
1. Зейін қойып іштерінен және дауыстап оқып шығыңдар. 2. Мағынасына көңіл бөліңдер; үй жануарларын білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер Т.с.с. 3. Буындап оқыңдар және жазыңдар. 4. Әсіресе сөздің қай бөлімін есте сақтағыларың келеді, сол бөлімнің астын сызыңдар. 5. Жазғандарыңды сөздік бойынша тексеріңдер. 6. Сөзді екі-үш рет қайта жазыңдар немесе екі-үш түбірлес сөз ойлап жазыңдар. 7. «Я» әріпі бар сөзді топтаңдар т.б.
Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі, бірнеше рет қайталанады. Жаттығулардың ішінде әсіресе сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасы есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі (сөздік дәптері бірнеше бөліктерге бөлініп, цифрмен белгіленеді (1, 2, 3,...). Мысалы оқушылардың дәптерлерінің бесінші бетінде «в» әріпі кездесетін сөздер кездеседі.
Еркін көшіру. Балалар әуелі мәтінді оқып шығады, талдайды, сонан соң кітапты жауып қойып, мәтіннен есте қалғандарын, қалай ұғынса солай жазады. Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру. Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі: қалып қойған жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады: қалып қойған әріптер мен буындарды тауып қосу, сөздерді тауып қосу немесе сөйлемдерді аяқтау, берілген сөйлемнің немесе сөздің тұлғасын өзгертіп жазу сияқты тапсырмалар орындалады.
Көшіру жұмыстары тіл дамытумен байланысты, сұрақтарға жауап беру (жазбаша) түрінде кездеседі. Бұл жұмыс балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға дайындау мақсатында қолданады.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1517. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия