Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Р-ның үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік Бағдарламасы: мақсаты мен міндеттері.





Бағдарламаның мақсаты: Экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету

Міндеттері:1) Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту. 2) Экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру. 3) Индустрияландыру үшін қолайлы орта жасау. 4) Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын құру. 5) Экономиканың басым салаларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан 2014 жылға қарай төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:

· 7 триллион теңгеден кем емес ІЖӨ өсімі, нақтылы түрде ІЖӨ өсімі 15%-ды құрайды;

· ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;

· экспорттың жалпы мөлшерінде шикізаттық емес экспорт үлесін 40%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;

· өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жиынтық мөлшеріндегі шикізаттық емес экспорт үлесін 43 %-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;

· өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес мөлшерде арттыру.

Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді.

2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ. Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртараптандыруды және технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:

қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;

бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;

жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;

адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.

Жаппай Еңбек Қоғамының іргетасын қалау идеясын Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақа­ла­сында көрсетті. Елбасы мақсаты мен мәні «жаңа индустриалдық-жаңарт­палық эконо­мика жағдайында қоғамды өмірге дайын­даудан, Қазақстанның жыл­дамдатылған экономикалық даму мен қоғами игіліктер кеңінен қамту арасында оңтайлы теңгерім табудан, құқық пен әділет қағидасына негізделген әлеуметтік қатынастар бекітуден құралған» Қа­зақ­станның әлеуметтік жаң­ғырту тұжырым­дамасын ұсынады. Президент «азаматтың қолынан келетінді өзі атқаруға міндетті» деп атап өтті. Қазақ­стан­ның жетістігі оның барлық азамат­та­рының, бүкіл қо­ғам­ның іс-әрекетіне байланысты екенін түсінген абзал. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған сөзінде, Жаппай Еңбек Қоғамына 20 қадам-міндеттер кешенін белгіледі. Күн тәртібінде әлеу­меттік заңнаманы жаңарту, әлеуметтік-еңбек қатынастарының нәтиже­лі үлгісін қалыптастыру, өмір сапасының жоғары қазақстандық стандарттарын қам­тамасыз ету, жетілдірудің ақпараттық-мә­дени құ­рам­дас бөлігін дамыту, әлеуметтік үдеріс­терді мемлекеттік басқару нәтижелі жүйе­сін құру. Әлемнің әміршісі - еңбек.Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек.Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады, бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады.Еліміз үшін еңбек етейік, ардақты ағайын!Әлеуметтік жаңғыртудың жаһандық тренді. Қазақстан 20 жылдық шепті еңсерді.Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымды турбулентті жағдайда тұр.

Жаңғырту үдерістері шеңберінде қандай маңызды міндеттерді шешу қажет? Бұл тізім құрғақ және ұзақ-сонар көрінуі мүмкін, бірақ оны атап айтқан жөн.

● Жанжалды жағдайларды ескертудің, реттеу мен шешудің әділетті заңдары мен нақты құқықтық нормаларын, сондай-ақ әлеуметтік қатынастардың барлық жүйесінің қызметін қабылдап, іске қосқан ұтымды.

● Қазақстандықтардың сапалы әлеуметтік үлгі-қалыптары мен кәсіби біліктілігі жүйесін, әсіресе экономикалық белсенді тұрғындардың арасында жасап енгізу міндеті тұр.

● Негізінде мемлекеттің, жеке сектор мен кәсіби бірлестіктердің әріптестік механизмдері болатын әлеуметтік-еңбек қарым-қаты­насының тиімді моделін құру маңызды.

● Қазақстандықтардың өмірінде өзін өзі ұйымдастыру, оның ішінде жергілікті өзін өзі басқару органдары бастауын дамытып, азаматтардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруда нақты тетік болуы тиісті азаматтық қоғам институттарын «заманалыққа айналдыру» керек.

● Қазақстан қоғамы өмірінің ақпараттық құрамдасын біршама жоғарылатып, Интернет-технологияның мүмкіндіктерін азаматтарды ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекет пен тұрғындардың тұрақты «кері байланысын» нығайту мәселелерінде де кеңейту міндеті тұр.

● Орта таптың үздіксіз өсуіне, инновациялық экономиканың басты қозғаушы күші - креативті таптың пайда болуы мен дамуына жағдай жасау маңызды.

● Масылдық пен әлеуметтік инфантилизм секілді құбылыстарды еңсеріп, жеке адам мен бизнестің жоғары жауапкершілігіне, барлық еңбек субъектілерінің мемлекетке қатысты әріптестік өзара қарым-қатынасына негізделген еңбек қызметі мен игілікке жаңа тартымдылық енгізу қажет.

● Жаңғыртудың маңызды аспектісі - Қазақстанда биліктің барлық деңгейіндегі сарапшылар мен менеджерлердің кәсіби корпусымен «тігінен» және «көлденеңінен» құрылған әлеуметтік үдерістердегі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру.

Міне, барлық мемлекеттік органдар осы міндеттерді шешуге бағдарлануы тиіс.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 856. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия