Мамандықтар арасында өткен көркемөнерпаздар байқауының есебі
Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы ел» атты Азақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған мамандықтар арасында өткен көркемөнерпаздар байқауының есебі 2012 жылдың 21 желтоқсанында «Қазақ жастары» ұйымы ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы ел» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған мамандықтар арасында көркемөнерпаздар байқауы өтті. Мақсаты: - Студенттердің ізденіс-шығармашылық дағдыларын дамыту.
Міндеттері: - Тәуелсіздік алған жылдар ішінде еліміз қол жеткізген жетістіктер мен елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген ұлы оқиғаларды дәріптей отырып, елін, жерін қорғауға, сүйіспеншілік пен бауырмалдыққа тәрбиелеу. Студенттерге ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді насихаттау арқылы кейінгі ұрпаққа үлгі болардай тәлім-тәрбие беру, өскелең жастардың санасына ата -бабаларымыз сан ғасырдан бері аңсап жеткен Тәуелсіздіктің тағылымын ұялату. Байқаудың өту барысы: Байқау «Құқықтану», «Қаржы», «Аударма ісі» мамандықтары арасында өтті. Әр мамандықтың студенттері 5 номерден тұратын (Қазақтың 1 биі, «Тіл және Тәуелсіздік», «Атамекен» тақырыбында 1 өлеңді мәнерлеп оқу, «Тәуелсіздік», «Туған ел», «Тіл» тақырыбында 2 ән орындау, 1 көрініс көрсету) 30 минуттық шағын концерт дайындады. Байқауды бағалауға тәуелсіз қазылар алқасы сайланды, олар: - Мамырбекова Жамалхан Тәңірбергенқызы - ҚР Білім беру ісінің үздігі, зейнеткер ұстаз, оқытушы-әдіскер, еңбек ардагері; - Жангельді Шымшықов - Білім және ғылым министрлігі жанындағы экономика инситуты Астана филиалының директоры, профессор; - Болат Төлепбергенов –қоғам қайраткері, журналист; -
Құқықтық пәндер оқытушысы Индира Ықыласқызы «Тәуелсіздік» әнімен мерекелік іс-шараға ән –шашуын шашты.
|