Жарқын болашақ» шағын концерті
3 мамандықтың студенттері өз өнерлерін көрсеткеннен кейін,әділ қазылар байқаудың жеңімпаздарын анықтағанша Пк-12 тобының студенті Серік Ерназар «Балбырауын» күйін орындады
Әділ қазылардың шешімімен байқаудың жеңімпаздары анықталып, марапатталды, олар: І-орынды «Құқықтану» мамандығының студенттері иеленіп, дипломмен және ««Тәуелсіз Қазақстан-тұғырлы ел» концертінің жеңімпаздарына» кубогымен марапатталды.
ІІ-орынды-«Қаржы» мамандығының студенттері иеленіп, дипломмен және Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» кітабымен марапатталды;
ІІІ-орынды «Аударма ісі» мамандығының студенттері иеленіп, дипломмен және Мұхтар Шахановтың «Жұрт аузында көп айтылып жүрген өлеңдері» кітабымен марапатталды.
«Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы ел» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған мамандықтар арасында өткен көркемөнерпаздар байқауы жоғары деңгейде өтіп колледжде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу шешім қабылданды.
|