Студопедия — НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

НЕГІЗГІ БӨЛІМ






 

Қазақстанның Оңтүстік Батыс экономикалық ауданы 2 обылыстан, яғни Атырау және Маңғыстау облыстарының құрылады. Оңтүстік Батыс экономикалық ауданың ашығырақ түсіндіру үшін әр облысқа жеке – жеке тоқталайық.

 

Маңғыстау облысы өндірістік кешені

 

Маңғыстау аймағының орталығы - Ақтау қаласы. Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың га құрайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 5 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кенттен,55 ауылдық елді мекеннен және 43 ауылдық округтен тұрады. Қала халқының саны 274,6 мың адамды құрайды (76%), ал ауыл тұрғындарының саны - 87,1 мың адам (24%). Облыс орталығы - Ақтау қаласы, бұрынғы атауы Шевченко қаласы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. Халқы 2005 жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159,2 мың адамды құрады. Бұл барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19,4 мың адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам).

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы құрылған аудан Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы болып құрылды. Екінші аудан Алматы қаласындағы Алатау ауданы. Мұнайлы ауданы Ақтау қаласының маңына жақын шет елдерден отанына орала бастаған және қоныстана бастаған саяжайларды дамыту мақсатында құрылды.

Маңғыстау облысына кіретін аудандар:

 

Атауы Ортлығы
1. Ақтау Ақтау
2. Жаңаөзен Жаңаөзен
3. Бейнеу ауданы Бейнеу
4. Қарақия ауданы Құрық
5. Маңғыстау ауданы Шетпе
6. Мұнайлы ауданы Мұнайлы
7. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко

 

 

Маңғыстау облысының соңғы он жылдағы демографиялық динамикасы:

Маңғыстау облысының орташа демографиялық көрсеткіштері        
Халық саны, мың адам 416,544 492,948 513,721 534,950

 

Жыл басына, мың адам        
Маңғыстау облысы 407,4 425,7 446,2 524,2
Ақтау қаласы 149,4 154,5 158,5 177,7
Жаңаөзен қаласы 87,1 90,2 93,7 118,7
Бейнеу ауданы 42,7 45,1 47,7 51,7
Қарақия ауданы 28,2 28,8 29,6 30,8
Маңғыстау ауданы 29,0 30,3 30,6 32,0
Мұнайлы ауданы 53,4 59,6 68,3 91,8
Түпқараған ауданы 16,7 17,2 17,8 21,6

 

2012 жылдың басында облыста 524.2 мың адам тұрды, оның ішінде қала халқы – 275,8 мың немесе 52,8%, ауыл халқы – 248,3 мың адам (47,4%). 2007 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 133,7 мың адамға немесе 34,2% өсті.

Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі донор өңірі болып табылады. Облыстың экономикалық белсенділігі негізінен өңірдегі пайдалы қазбалардың көп болуына, соның ішінде мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты. Соңғы 20 жылдың ішінде Каспий теңізінде орналасқан көптеген ірі мұнай және газ кен орындары игеріле бастады.

Маңғыстау облысы Каспий теңізінің бойында орналасқандықтан және басқа елдермен шекаралас болғандықтан жүк тасымалдау қарқыны да жыл сайын өсіп келе жатыр. Облыста "Жер-Теңіз-Аспан" ықпалдастық жобасы да қарқынды дамып келе жатыр. Баутин теңіз сауда порты – Түпқараған түбегінің жағасындағы Баутин кентінде орналасқан. Аудан орталығы Форт-Шевченко қ-нан солт-ке қарай 4 км жерде. 1997 жылдан Ақтау халықаралық теңіз сауда порты респ. мемлекеттік кәсіпорынның аудандық жүк тасымалдау бөлімшесі саналады. Баутин порты жайлы алғашқы деректер Грузия республикасы мемлекеттік мұражайларында кездеседі. Закаспий облысының бастығы генерал-адъютант Шереметьевтің қолы қойылған 2457 3 қазан 1887 ж. жазылған хатында Түпқараған кіші кемелер айлағы құрылысын салуға рұқсат етілген. Осы мерзім Баутин теңіз сауда портының негізі қаланған күн болып саналады. Жоба бойынша қоршалған кемелер тоқтайтын Түпқараған жері мен «Форт-Александровск теңіз агенттігі» құрылды. 1939 жылдан бастап «Форт-Александровск теңіз агенттігі» «Форт-Шевченко теңіз агенттігі» болып өзгертілді. 1939 –55 ж. агенттік Махачкала порты басқармасы құрамында болды. 1955 – 58 ж. Форт-Шевченко Астрахан теңіз сауда портының Баутин порт бөліміне айналды. 1958 жылдан порт Гурьев(қазіргі Атырау) теңіз сауда порты құрамына берілді. КСРО Теңіз флоты министірлігінің бұйрығымен 1960 ж. Баутин порты 3 разрядты теңіз портына айналды. Баутин теңіз сауда портының негізгі міндеттері: порттың барлық сауда айналымының 70%-ын құрайтын минералдық құрылыс материалдарын, ұлутас пен қиыршықтастарды жүктеу болып табылады. Жүк айналымының қалған бөлігі машиналарға, өнеркәсіптік жабдықтарға, ағаш материалдары, т.б. х. ш. жүктеріне келеді.

Облыстың 2012 жыл қорытындысы бойынша экономикалқ даму көрсеткіштері:

· Жалпы аймақтық өнім - 1 422,9 млрд теңге (5 орын)

· Өндіріс өнімдерінің жалпы көлемі- 1647, 4 млрд теңге (2 орын)

· Ауылшаруашылығының өнімі - 4.4 млрд теңге (14 орын)

· Негізгі капиталға жасалған инвестиция - 372 млрд теңге (3 орын)

· Бөлшекті сауда көлемі - 78 млрд теңге (14 орын)

Облыстың әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы

       
Жалпы аймақтық өнім, (млн. теңге) 1 095 816,2 1 108 520,5 1 484 848,4
Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, (мың теңге) 2 631,0 2 248,8 2 890,4
Жалпы өңірлік өнімдегі аймақтардың үлесі, (%) 6,8 6,5 6,8

 

Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас қорларымен бай. 2012 жылы облыс бойынша жалпы қо-сымша құн 282,1 млрд. теңге құрады, ал негізгі қорлар (қалдық құны бойынша) - 324,9 млрд. теңге. 2012 жылы негізгі капиталға инвестициялар 101 млрд. теңге, немесе 2011 жылғы деңгейдің 126,9% құрады. 2012 жылы құрылыстық мердігерлер келісімімен жасалған жұмыс көлемі бағалау бойын-ша 27,7 млрд. теңгені құрады, ол 2011 жылға қарағанда 1,3 есеге артық. Облыс үшін айқындайтын салаға кен өндіру өнеркәсібі жатады. 2012 жылы бұған негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің 63% жұмсалмаған.

Маңғыстау өнеркәсіптік ауданыңда жұмыс жасайтын негізгі ірі компаниялар:

Ø Каспий Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация

Ø Маңғыстаумұнайгаз

Ø Өзенмұнайгаз

Ø ПМК

Ø Ақтау порты

Ø Казмортрансфлот

Ø Қаражанбасмұнайгаз

Ø Қарақұдықмұнай

Ø Бозачи

Ø Каспий меруерті оперейтинг

Ø Н оперейтинг

Ø Құрманғазы Петролеум

Ø Хазар

Ø Ерсай

Ø МАЭК

Ø КазАзот

Ø Keppel Kazakhstan

Ø Теңіз сервис

Мұнай өндіру кен орындары:

Кен орынның атауы Операторы
1. Қаламқас Маңғыстаумұнайгаз
2. Жетібай Маңғыстаумұнайгаз
3. Өзен ҚазМұнайГаз Барлау және Өндіру
4. Қаражанбас Қаражанбасмұнай
5. Жемчужина Каспий меруерті оперейтинг компани
6. Қарақұдық Қарақұдықмұнай
7. Арман Арман
8. Блок Н Н Оперейтинг компани
9. Құрманғазы Құрманғазы Петролеум
10. Дунга Маерск

 

Өзенмұнайгаз – мұнай және газ өндіруші кәсіпорын. 1961 ж. ашылған «Өзен» кенішінің негізінде 1965 жылдан «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы ретінде жұмыс істей бастады. 1966 ж. 10 шілдесінде «Өзен» кен орнынан алғашқы миллион тонна мұнай өндірілсе, 1980 ж. 150 млн. т мұнай өндірілді. 1994 ж. қазан айынан осы атпен өндірістік бірлестікке айналды. 1996 жылғы сәуірден ААҚ болып қайта құрылды, 24 өндірістік бөлімшені қамтиды. Акцияларының 90%-ы «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясына, 10%-ы еңбек ұжымына тиесілі. Қазір «Өзен» ААҚ-ның балансында 11 кеніш бар, өндіріп алынатын мұнай қоры 204 млн. т, конденсат қоры 1,5 млн. т және газ қоры 22 млрд. м3. Қоры жағынан олардың ең ірілері – «Өзен» және «Қарамандыбас» кеніштері. Пайдаланудағы мұнай ұңғымасы – 3583, газ ұңғымасы – 82 (2001). Кәсіпорын құрамында газ өңдейтін зауыт жұмыс істейді. Өндірілген мұнай ТМД елдеріне және шетелдерге шығарылады. 1997 жылдың 31 шілдесінен стратегиялық инвесторды таңдау жөніндегі халықаралық тендерді Қытай ұлттық мұнай корпорациясы жеңіп алды. 2004 ж. «Филиалды заңды тұлғаға тіркеу» қаулысына сәйкес «Қазмұнайгаз» біріккен өндірістік АҚ-нда, «Өзен» өндірістік филиалы пайда болды.

Облыстың ауыл шаруашылығы (850 ша-руа (фермер) қожалығы, ауылшаруашылық өндірісінің басқа кәсіпорындары мен ұйым-дары, халықтың жеке қожалығы) 2012 жылы өндірілген жалпыреспубликалық ауылшаруашылық жалпы өнімі көлемінің 0,2% береді.

Облыста 6,9 млн.гектар ауыл шаруашы-лығы пайдаланатын жер бар, оның 0,4 мың га. егіндік жерлер. 2012 жылы 0,7 мың тонна көкөніс, 9,4 мың тонна ет (сойылған салмағы-мен), 5,3 мың тонна сүт, 0,7 мың тонна жүн (нақты салмағымен), 27,2 мың қаракөл терісі өндірілді.

2012 жылдың соңына қарай ірі қара малдың саны - 7,2 мың бас (оның 4,1 мыңы - сиыр), қой мен ешкі - 430 мың, шошқа - 0,2 мың, жылқы - 30 мың және түйе - 34 мың бас құрады.

2012 жылы 15,5 млн. тонна шикі мұнай, 2,8 млрд. тк. метр табиғи газ шығарылған, 2,9 млрд. кВт сағат электр энергиясы, 74 тонна тіс пастасы мен ұнтағы, 311 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей өндіріледі.


 

Атырау облысы өндірістік кешені

 

Атырау облысының орталығы - Атырау қаласы. Атырау облысы негізінен, кең байтақ Каспий маңы ойпатына орналасқан. Аумақ рельефі — Каспий теңізінің жағалауынан жоғарылап, түйе өркештенген жазықтыққа ұласады. Каспий маңы ойпатының елеулі бөлігін тізбекті және құмды төбелер (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) алады. Облыстың солтүстік шығысының аз ғана бөлігін Орал маңындағы тарамдалған борлы шоқылар алады.

Облыс қойнауы мұнай мен газға, калий мен натрий тұздарына, борат және басқа да бай кен орындарына толы. Климаты айрықша континенттік және құрғақ. Жазы құрғақ, ыстық, ұзаққа созылады; қысы суық, қар аз жауады. Облыс аумағындағы ірі өзендер: Жайық (жалпы ұзыны 2428 км), Жем (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км). Облыстағы ірі көл — Индер (110,5 ш.м.).

Атырау облысы мұнай және газдың орасан ірі қорларына ие, облыстың геоэкономикалық әлеуетін тиімді пайдалану тек Каспий маңы өңірі тұрғындарының ғана емес, жалпы Қазақстанның тұтастай өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, облыс түрлі пайдалы қазбалар қорына бай: кірпіш өндірісіне арналған саз (қор 52,7 млн.тонна деп бағаланды); калий тұзы (697 млн.тонна), құрылыс құмы (41,2 млн.текше м), гипс (21,0 млрд.тонна); ас тұзы (687,0 млн.тонна), құм түйірлі-малтатас қоспа (12,0 млн.текше м), әктас (1,9 млн.текше.м); бор (95,2 млн.тонна); бешофит (50,0 мың тонна), натрий, кальций хлориді, магний хлориді, магний сульфаты диоксидымен байытылған минералдық су көзі, олардың қоры 898 млн.текше метрді құрайды.

Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 кент, 183 ауылдық елді мекендер орналасқан.

Атырау облысындағы аудандар
Аудандар Аумағы (мың km²) Тұрғын жұрты (мың адам) Орталығы
Жылыой 29,4 67,9 Құлсары
Индер 10,9 30,3 Индербор
Исатай 14,7 23,9 Аққыстау
Құрманғазы 20,9 58,5 Ганюшкин
Қызылқоға 24,9 32,2 Миялы
Мақат 4,9 27,2 Мақат
Махамбет 9,6 29,0 Махамбет

Облыс халқының саны 480,7 мың адам. Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4,1 адам құрайды. Тұрғылықты адам саны 207,2 мың немесе жалпы облыс бойынша 43,1% адам құрады. Қала тұрғындарының саны 274,6 мың (57,1%) адам, ауылдықтар 206,1 мың (42,9%) адам.

Жылы ой ауданына қысқаша тоқтала кетсек. Жылыой ауданы мұнай мен газ сияқты пайдалы қазбаларға өте бай, сондай-ақ әлемдегі бай қазба орны - Теңіз өндірістік кені осы ауданда орналасқан. Сонымен қатар ауданда «Жылыоймұнайгаз» басқармасы, «Бақай» корпорациясы, «НСС», «Ғимарат», «КОССК», «Ақниет - Ембі» ЖШС-рі, «Жылыойкөлік», «Теңізавтокөлік» мекемелері жұмыс жасайды. Атырау облысы статистика департаментінің мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2011 жылдың қаңтар-қазанына 2010 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -123,3, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 105,9, ауыл шаруашылығы - 102,2.

2012 жылы өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 3 059,7 млрд.теңге құрады, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi - 113,8 %.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 90,9 % құрайтын тау-кен өнеркәсiбiнде 2780,9 млрд.теңге сомасына өнiм өндiрiлген, нақты көлем индексі - 112,7%.

2012 жылдың ішінде облыс бойынша 30 млн. тонна мұнай немесе 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,1 % және 13,6 млрд. текше м ілеспе мұнай газы немесе 118 % өндiрілді. Бірнеше мұнай кен орындары баршылық солардың біразына тоқтала кетсек:

Доссор мұнай кені, Атырау облысының Мақат ауданында, Атырау қаласынан шығысқа қарай 90 км жерде орналасқан; Қазақстанда ашылған ең алғашқы өндірістік маңызы бар мұнай кені. Доссор мұнай кені 1860 – 87 жылы орыс геологтары Н.А. Северцев, Д.В. Кирпичников, М.М. Новаковский барлап, картаға түсірген. Мұнай 1911 жылдан өндіріліп келеді. 1911 – 17 жылы аралығында Доссор мұнай кенінде 11 мұнай фонтандық ұңғысы болды. Ең үлкен фонтан тәулігіне 525 т мұнай беріп отырды. Сол жылы жалпы шығымы 15700 тонналық 1 ұңғы, 1912 жылы шығымы 16657 т 6 ұңғы, 1913 жылы шығымы 117640 т 16 ұңғы болды. Бұл жылдары негізгі өндірістік алаңы Шығыс Доссорда болатын. Кейіннен (1930 – 40) тұзкүмбезді көтерілімнің мұнайлы құрылымы зерттеліп дайындалды. Мұнда 1938 жылы 185-телім ашылып, 1939 жылы өндіріске қосылды. 1941 жылы Солтүстік Доссор мұнай кені ашылып, 1945 жылы пайдалануға берілді. 1944 – 45 жылдары Оңтүстік-батыс Доссор мұнай кені құрылымы барлауға дайындалып, іздестіру-бұрғылау нәтижесінде тек 1978 – 82 жылдары ғана нақтыланды. Кен орны тұз күмбезінің үстіндегі юра кезеңінің шөгінділерінде қалыптасқан. 30 – 300 м тереңдікте 6 мұнайлы қабат ашылған. Бұл қабаттардың қалыңдығы 2,4 – 26,7 м аралығында, ашық кеуект. 24 – 30,9%, өткізгіштігі 0,128 – 4,76 мкм2, ұңғыманың бастапқы өнімд. 1,7 – 132,6 м3/тәул., қабат қысымы 14,4 – 33,6 МПа, температурасы 19 – 27°С. Мұнайдың тығыздыздығы 0,84 – 0,88 г/см3, құрамындағы күкірті (0,2 – 0,22%), шайыры (7%), парафині (0,2 – 2,07%) аз. Ілеспе газ, негізінен, метаннан (77,1 – 93,8%), этаннан (7,17%) және пропаннан (0,4 – 5,1%) тұрады.

Алтыкөл мұнай кені, Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеулік белдеміндегі мұнай кенорны. Атырау облысында, Құлсары станциясының солтүстік батысында 35 км жерде орналасқан. Құрылым 1940 жылы сейсмобарлаумен дайындалған, сол жылы іздестіру және барлау-бұрғылаулары жүргізілген. Кенорын 1942 жылы ашылды. Барлау 1961 жылы аяқталды. 1977 жылы пайдалануға берілді. Тектоникалық тұрғыдан алғанда, кенорын қос қанатты (шығыс және батыс) тұзкүмбезді құрылымнан орын алған. Шығыс қанаттағы мұнайлы аумақ ауданы 350 мың м2, батыс қанаттағы бұл көрсеткіш 1273 мың м2. Төменгі бор мен ортаңғы юраның шөгінділері мұнаймен қаныққан, осылардың аумағында бөлінген 13 мұнайлы горизонттардың біреуі апт, төртеуі неоком, сегізі юра таужыныстарында. Апт-неоком горизонттары 158-243 м, юра горизонттары 671-761 м тереңдікте жатыр. Апт-неоком жатындарының биіктігі 35-93 м, юра жатындарының биіктігі 5-49 м. Су-мұнай жапсары, тиісінше, 261 м, - 277 м және 175 м,- 792 м абсолют белгілерде. Жатындар қойнауқаттық күмбезді, тектоникалық және литологиялық тұрғыдан қалқаланған. Мұнайға қаныққан қалыңдық апт-неоком горизонттарында 1,8-3,7 м, юра горизонттарында 1,7-8,1 м. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 26-28%,өтімділігі 0,008-0,805 мкм. Мұнайдың бастапқы шығымдары 0,24-67,2 м3/тәу болды. Бастапқы қойнауқаттық қысым 0,9-6,77 МПа, температура 13-38°С-қа жетті. Мұнайдың тығыздығы 810-830 кг/м3. Мұнайда 0,16-0,8% күкірт, 0,5-2% парафин бар. Хлоркальцийлі қойнауқаттық сулардың тығыздығы 1056-1550 кг/м3, минералдылығы 73,18-180,4 г/л. Кенорын 1976 жылдан игерілуде.

Ақтөбе мұнай кені, Каспий ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 125 км жерде орналасқан. Барлау жұмыстары 1961 – 62 жылы жүргізіліп, кен 1965 жылы ашылды. Шөгіндінің юралық бөлігінде мұнайлы қабаттардың бесеуі, ортаңғы юра қабатында екеуі жатыр. Қабат беттерінің орналасу тереңдігі 2215 – 2348 м аралығында. Мұнай құрамында күкірт 0,4 – 0,5%, парафин 1,48 – 2,48%, асфальтендер 1,33, шайыры 2,1%-ды құрайды. Кен 1979 жылы пайдалануға берілді.

Аққұдық мұнай кені, Каспий ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 64 км жерде орналасқан. Барлау жұмыстары 1981 жылы жүргізіліп, кен орны 1982 жылы ашылды. Кен қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Орналасу тереңдігі 1737 – 1759 м аралығында. Мұнайы аз күкіртті (1,18%), парафинді(1,67 – 1,85%), 12 – 14% асфальтені бар. Аққұдық мұнай кені 1995 жылы пайдалануға берілді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 250,6 млрд. теңге сомасын құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен 34,8 %-ға артық.

Жыл басынан бастап кезеңінде электр қуатын, газды және суды өндіру және бөлуде нақты көлем индексі 118,1%, оның ішінде жылу қуатын өндіру - 3602,8 мың Г/кал (105%), электр қуатын өндіру - 3391,5 млн. кВт.сағ (105,8%) құрады.

2012 жылғы қала және аудандар бойынша өнеркәсіп өнімдері:

ЖАО Шығарылатын өнім көлемі, млн.теңге Нақты көлем индексі, %
Барлығы, облыс бойынша   113,8
Атырау қаласы   204,6
Жылыой ауданы   115,3
Индер ауданы   118,7
Исатай ауданы   104,1
Құрманғазы ауданы   113,3
Қызылқоға ауданы   98,8
Мақат ауданы   102,2
Махамбет ауданы   112,9

 

Облыс аумағында:

Ø өнеркәсіп саласында: «Ембімұнайгаз» ӨФ, «Облтрансгаз» КМК-ны, «Қазмұнайгаз», «Прикаспийбурнефть Қазақстан», «Теңізшевройл», «АМӨЗ», «Атырауобллгаз» ЖШС-рі, «Атыраубалық», «Атырау ЖЭО», «Атыраужарық», «Атырау жылу желілері» АҚ-ры, «Атырау су арнасы» КМК-ны;

Ø құрылыс саласы бойынша: «Энка Иншаат Ве Санайи Аноним Ширкети», «ПФД интернешнл» компаниясының АФ-ры, «Сенімді құрылыс» ЖШС-гі, «НГСК Қазқұрылыссервис» АҚ-ның филиалы, «Гате Иншаат Таахают Санайи Ве Тиджарет» АҚ-ның Екінші Қазақстандық филиалы,

Ø сауда саласында: «Идеал», «Атаба», «Атырау Виват», «Гелиос» ЖШС-нің АФ-ы, «КМГ Жайық» ЖШС-нің АФ-ы, «Медицина» АҚ-ы;

Ø байланыс саласында: «Қазтранском», «Қазтелеком», «Транстелеком», «Қазпошта», «Қазтелерадио» АҚ-ның АФ-ы;

Ø транспорт саласы бойынша: «Авиакомпания ҚазЭйрУест», «Авиакомпания „Атырау Әуе Жолы“» АҚ-ры, «Бертлинг Казах Поджистикс», «Батыс Транспорт Сим» ЖШС-рі, «Атырау өзен порты» АҚ-ы жұмыс жасайды.

Түз өндіру саласы да жақсы дамыған. Келесідей тұз кенін атап өтсек болады, ол Индер тұз кені. Индер тұз кені, Атырау облысының Индер ауданындағы Индер көлі ойпатында орналасқан. Көл солтүстігінен Индер тауымен қоршалған, оңтүстік жағалауы жазық. Ойпаттың геологиялық құрылымы күрделі. Тұз қабатының қалыңдығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 56 м-ден 8 м-ге дейін азаяды. Тұз негізінен ақ, шыныдай мөлдір. Терригендік материалдардың қоспалары оған қызғылт және сұрғылт өң береді. Негізгі минералдары: гидрогалит – NaCl•2H2O, мирабилит – Na2SO4•10H2O және карналлит – KCl•MgCl2•6H2O. Литоликалық тұрғыданкен тұзы жоғарыдан төмен қарай жаңа шөгінді (қалыңдығы 0,05 – 1 м), ескі шөгінді (0,2 – 3 м), сусымалы (10 – 25 м), қырлы (15 – 30 м) және қара мөлдір тұз болып ажыратылады. Тұз құрамында бром, йод, т.б. микроэлементтер бар. Тұздың мемлекеттік есепке алынған қоры 647 млн. тоннадан астам. Кен орнын «Индертұз» АҚ игеруде.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі - 19528,1 млн. теңгені, нақты көлем индексін 99,7% құрады. Ет өндіру - 47,0 мың тоннаны немесе 102,1%, сүт өндіру - 54,2 мың тоннаны (100,5%), жұмыртқа өндіру - 1,84 млн. дананы (100,2%) құрады. 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ірі қара мал - 182,3 мың басты немесе 102,8%, қой және ешкі - 619 мың басты (103,1%), түйе - 31,7 мың басты (102,5%), жылқы - 46 мың басты (103,9%) құрады. 2012 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылық құрылымдарының жалпы саны 2008 бірлік құрады, соның ішінде 79 өндірістік кооператив, 1929 шаруа қожалығы.

Жайық - Каспий балық өнеркәсібі Қазақстан Республикасының ішкі су қорлары арасында жетекші орынға ие. Балық саласының дамуына бекіре тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий теңізінде болуы, уылдырық пен балықты дүниежүзілік рынокқа шығара алады. «Атыраубалық» АҚ ірі уылдырық өндірудің арқасында көптеген елдерге экспортталады. Каспий теңізінің жақын орналасуы өндіріс салаларының, яғни балық шаруашылығы, балық өндіріс өнеркәсібі, кеме шаруашылығы өндірістерінің дамуына жағдай жасайды.

2011 жылы көліктің барлық түрлері арқылы жүк тасымалдау көлемі облыс бойынша 112,1 млн.тонна жүк немесе 2010 жылына қарағанда 108,9% құрады. Транспорттың басқа түрлері бойынша тасымалдау: автомобиль көлігімен - 52,1 млн.тонна, құбыр арқылы - 59,9 млн.тонна құрады. Жолаушыларды тасымалдау - 93854,4 мың адамды, оның ішінде автомобиль көлігімен - 93849,7 мың адам және әуе көлігімен - 4,7 мың адам құрады. Жүкайналым - 39329,6 млн. ткм, жолаушыайналымы - 681,0 млн. пкм.

Жолдар және олардың ұзындығы: теміржол жолдары - 879 км, қатты табанды автомобиль жолдары - 1277 км.

Байланыс кәсіпорындары:

§ Облыстық телекоммуникация дирекциясы

§ Облыстық радиотеледидар арқылы тарату орталығы

§ "Қазпошта" АҚ Атырау филиалы

§ Altel ұялы телефон байланысы

§ Kcell ұялы телефон байланысы

§ Beeline ұялы телефон байланысы

§ Tele2 ұялы телефон байланысы

§ Dalacom ұялы телефон байланысы

 


 

Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданың дамыту шаралары

 

Атырау облысы өндірістік кешенін дамыту бағдарламасы.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 801. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия