Студопедия — Деу өнеркәсібі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Деу өнеркәсібі






Азық-түлік өндірісі. 2011 жылы азық-түлік өндірісі сусындарды қосқанда 6 307 млн. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9 %-ға жоғары болды. Ет және ет өнімдерін шығару 55%-ға, балық және балық өнімдерін шығару 10,2%-ға өсті.

Облыстың ұн өнімдері, кондитерлік және шұжық өнімдері, өсімдік майы және сары май, жұмыртқаға қажеттілігі негізінен облыстан басқа аумақтардан әкелінуі есебінен қанағаттандырылады.

Баспа ісі. Баспа ісінің көлемі бойынша 2011 жылы 411,6 млн. теңгеге өнім шығарылды. Нақты көлем индексі 2010 жылға қарағанда 111,2 %-ды құрады, бұл аптасына төрт реттен жиі шығатын газеттер, шығарлымының көбеюіне байланысты.

Мұнай өнімдерінің өндірісі. 2011 жылы өндіріс көлемі 152,6 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 113,4 % болды. Мұнайды өңдеу өнімдерінің жалпы көлемі 4 896,3 мың тонна немесе 106,9 % болды.

Машина жасау. Облыс аумағында 4 машина жасау компаниясы жұмыс жасайды: «Атыраунефтемаш» ЖШС, «Қарашұңғыл» ЖШС, «Доссормұнаймаш» ЖШС-мен, «КазТурбоРемонт» ЖШС. 2011 жылы 5 033,6 млн. теңге немесе 2010 жылға қарағанда 104 % өнім шығарылды.

Машина жасау саласының дамуына бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, аясы тар номенклатура және Қазақстандық машина жасау өнімдерін тұтыну үлесінің төмен өнеркәсіптік өндірістік қорларының белсенді бөлігінің техникалық төмен жағдайы болуы, және саладағы инновациалық белсенділігінің болмашы деңгейі кедергі келтіруде. Сонымен бірге, бұл сала Кеден одағына енуді ескере отырып, шығарылған өнімді өткізу нарығын ұлғайтудың және құрамдаушы мен шикізат экспортты, импорттың рәсімдерін жеңілдетуде дамудың зор әлеуетіне ие.

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын шығару. Құрылыс индустриясының жіктегішіне сәйкес 2011 жылы 5,2 млрд. теңге сомасына металл емес минералды өнім шығарылды немесе НКИ 95,8 % құрады.

Саланың дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелерінің ішінде аса маңыздылары мекемелердің негізгі қорларын жаңартуға және жаңа технологияларды дамытуды инвестициялауға мүмкіндік бермейтін жоғарғы энергия жұмсағыштың пайдалылығының төмендігі, жұмысшы және инженер кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері.

Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту жөніндегі салалық бағдарламанын іске асыру шеңберінде қолданыстағы өндірістерді жетілдіру және ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған жаңа өндірістерді салу жоспарлануда.

Жеңіл өнеркәсіп. Қазіргі күні облыстың жеңіл өнеркәсібінде кәсіпорындардың 90 %-дан астамы шағын және орта бизнес субектілері, сонымен бірге сала кәсіпорындарының 90%-ына жуығы жұмыс қуаты 20-30 %-ды құрайтын ескірген жабдықтармен қамтылған.

Сала дамуының беталысы жалпы облыстық өнеркәсіп көлеміндегі үлесінің төмендеуі, жұмыс орындарының қысқартылуымен, отандық тауар өндірушілердің шетелдік өндірушілермен ішкі нарықтан ығыстырылып шығаруымен сипатталады, бұл апатты сипат алуда.

Дайын металл бұйымдардың өндірісі. 2011 жылы 777,9 млрд. теңге өндірілді, бұл бүрыштамалар, профильдер және металл құрастырмаларының шығарылуы есебінен 3,3 есе өсті.

Фармацевтикалық өнеркәсіп. Фармацевтикалық өнеркәсіпте 14,9 млрд. теңге өнім өндірілді, НКИ 146,1 %-ды құрады. Республикалық өндіріс көлемінің үлесі 2010 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 0,2 %-ды құрады.

Саладағы бар проблемалар отандық өндірілген өнімнің түр-түрінің «тар» ассортиментімен, өндірілген өнімнің халықаралық стандарттарға (GMP и ISO 13485) сәйкес еместігімен және саланың дамуын реттейтін нормативтік-құқықтық базаның кемел еместігімен байланысты.

Саланың дамуы үшін мемлекеттік қолдаудағы секторлық және жобалық шаралар көрсетіледі, оның ішінде дәрілік қаражаттарды мемлекеттік сатып алу, білікті кадрлар ресурстарымен қамтамасыз ету, техникалық регламентін жасақтау және енгізу, тікелей инвестиция тарту үшін тартымды жағдай жасау.

Ұлттық инновациялық жүйені дамыту.

Бүгінге Атырау облысының ғылыми әлеуеті 5 ғылыми-зерттеу институтымен және 2 базалық жоғары оқу орнымен ұсынылған, олар ҒЗТКӘ жобаларын әзірлеуді жүргізеді.

Инвесторларды одан әрі іздеу үшін қаржыландыруды талап ететін ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі қалыптастырылуда.

Атырау бизнес-инкубаторы құрылды және ойдағыдай жұмыс істеп тұр, онда 25 жоба өз қызметін жүзеге асырып отыр.

Қойылған мақсаттарға сәйкес 2010–2020 жылдарға арналған Қазақстанның индустриаландыру картасын әзірленуде, оған өңірлердің ресурстық базасымен және инфрақұрылымның дамуымен бірге өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру схемасы қосылады.

Жақын келешекте ғылым және инновацияны дамыту саласында өңірлік қолдаудың негізгі бағыттары:

- жоғары технологиялар өнімдерінің экспортына бағдарланған, ғылымды қажет ететін, қор жинақтаушы және экологиялық таза өндірістерді әзірлеуге бағытталған зерттеулерді дамыту;

- ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың тетіктерін жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 405. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия