Мойын тіндері аралығындағы терең флегмоналардың пайда болуы, таралуы мойынның анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты: Мойындағы өте жақсы дамыған лимфа тамырлары және мойынның фасциялары аралығында майлы клетчаткалар, көптеген лимфа түйіндері іріңді процестердің дамуына, таралуына қолайлы орта болып табылады. Мойынға іріңді процестер көбінесе бас, құлақ, бет, ерін, ауыз, мұрын қуысы, тамақтағы қабыну ошақтарынан тарайды, немесе тікелей өңеш, трахея жарақаттарында, септикопиемияда пайда болады. Көбінесе іріңдіктер мойынның алдыңғы бетімен, оң және сол жақтарында орналасады.
Мойынның терең орналасқан абсцестері 24-суретте көрсетілген. Этиологиясы. Стафилококк, стрептококк, энтерококк, спорасыз дамитын анаэробтар.
