Терең орналасқан қол-аяқтың флегмоналары фасция астылық және фасция аралық деп бөлінеді. Іріңдік бұлшықет аралығы және тамырлар айналасындағы майлы клетчаткалар бойымен таралады. Этиологиясы стрептококк, стафилококк, ішек таяқшалары, көкірің таяқшасы, шірікті, анаэробты микроорганизмдер. Қабыну тіндердің серозды ісінуінен басталып, бара-бара іріңге айналып, тіндерді өліеттенуге әкеледі (бұлшықеттер, фасция, майлы клетчаткаларды). Іріңдіктердің орналасуы, таралуы, қол - аяқтың анатомиялық ерекшеліктерінің схемасы 29(а,б,в,г) суреттерде көрсетілген.