Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ашу орындары. ашу орындары.





30(а) – қолға операция жасаудағы тілік орындары: 1 – тоқпан жіліктің диафизіне операция жасаудағы алдыңғы – латералды тілік жасап ену, 2 – білектің алдыңғы бетінде, фасция ішіндегі флегмонаны ашуға арналған тіліктер, 3 – қолдың шынтақтан төмен алақан бетінің бұлшықет аралық және сүйек аралық іріңдіктерді тіліп ашу проекциясы, 4 – Пирогов кеңістігінің флегмонасын тіліп ашу проекциялары, 5 - қолдың шынтақтан төмен алақан бетінің бұлшықет аралық және сүйек аралық іріңдіктерді Войно – Ясенецкий тәсілімен тіліп ашу проекциялары, 6 – латералды фасцияішілік флегмонаны ашуға арналған тіліктер, 7 – медиалды (шынтақтық) флегмонаны ашуға арналған тіліктер, 8 – иық тамырларының проекциясы, 9 – a. radialis проекциясы, 10 – a. ulnaris проекциясы;

30(б) - аяққа операция жасаудағы тілік орындары: 1 – ортан жілікке алдыңғы – латералды ену проекциясы, 2 – санның алдыңғы – медиалды флегмонасын тіліп ашу проекциясы, 3 – санның негізгі тамырлар қынабының проекциясы, 4 - санның алдыңғы бұлшықет аралық флегмонасын тіліп ашу проекциясы, 5 – тізеден төмен, алдыңғы фасция ішілік флегмонаны тіліп ашу проекциясы, 6 – санның негізгі тамырларының проекциясы, 7 – a. tibialis проекциясы.

Іш пердесінің сыртында орналасқан флегмоналарға бүйрек майының қабынуы (паранефрит), тоқ ішек сыртында орналасқан майлы клетчаткалардың қабынуы - параколит және мықын сыртының абсцесі, флегмоналары жатады. Бұл іріңдіктер көбінесе екіншілік болып келеді, инфекция лимфогенді жолмен аппендицит, жамбас сүйек, омыртқалардың остеомиелиті, бүйректің іріңді қабынуларында және осы мүшелердің зақымдануларында түседі, аденофлегмона дамиды. Іріңді ошақтар бұлшықеттердің және қан тамырлары бойымен жоғары плевра қуысына, төмен санға дейін, тік ішек айналасына таралуы мүмкін.

Клиникалық көріністері бастапқыда айқын болмайды, жалпы қабынудың белгілері орын алады: науқастардың дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, қалтырау, бас ауруы мазалайды. Жергілікті қабыну белгілері кеш пайда болады. Диагноз қоюда ауырсыну сезімінің локализациясы, таралуы (иррадиация), дене мүшелерінің қандай қимылдарында ауырсыну қай жерде күшейетіні өте маңызды. Іш пердесінің сыртында ораласқан іріңдіктерде науқастарда белдің оң немесе сол жақтары ауырып, тұрарда, жүргенде күшейеді. Науқас жүргенде алдыға еңкейіп, ауырған жаққа қисаюға мәжбүр болады. Ауырған аяқты бүгу, жазу, ішке, сыртқа бұру қиынға соғады. Бел бұлшықеттерін, бел омыртқаларды, жамбас сүйекті пальпациялау және алақан қырымен белді абайлап перкуссиялау ауырсыну сезімін тудырады. Ауырған жақтағы аяқта санның контрактурасы анықталады. Аяқ- жамбас буынынан бүгіліп, ішіне қарай бұралып, сау аяққа жақындай түсетін мәжбүрлік жағдайда болады. Осы жағдайда ауырсыну біраз бәсеңдейді. Аяқтың мәжбүрлік жағдайы іріңдіктің бел, мықын бұлшықеттеріне қысым келтіріп, олардың рефлекторлы жиырылумен байланысты. Бұл симптомды псоас – симптомы деп атайды. Үлкен көлемді ретроперитонеалды (іш пердесінің сыртындағы) іріңдіктерді іштің алдыңғы қабаты арқылы пальпациялауға болады, қолға инфильтрат анықталады. Іріңді ошақтарды нақтылау үшін ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі.

Еміне келсек, кең спектрлі антибиотиктер тағайындалып, дезинтоксикациялық шаралар жүргізіледі. Қабыну ошақтарында іріңді сұйықтық түзілсе, іріңдіктер үстінен, іш пердесінен тыс тілініп, ірің шығарылып, іріңді қуыс антисептиктермен жуылып, дренаждалады. Іріңді қуыстарға оперативті ену тіліктері – люмботомия Пирогов және Шевкуненко тәсілдерімен жасалады, 31(а), 31(б), суреттерде көрсетілгендей:

 

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 981. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия