Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Байланысты жасалатын тіліктер.





1 – жақ сүйек аймағының флегмонасын; 2 – ұрт майының флегмонасын; 3 – m. masseterасты флегмонасын; 4 – көзасты флегмонасын; 5 – іріңді паротитті; 6 – жақ арты шұңқырының флегмонасын; 7 – жақ астының флегмонасын; 8 – көз айналасының флегмонасын; 9 – самай шұңқырының флегмонасын; 10 – бастың апоневрозы асты флегмонасын.

Мастит – сүт безінің қабынуы, жаңа босанған әйелдердің 1,5 -6%, алғашқы 1 - 2 – аптада жиі кездеседі, себебі, олардың сүт безінің өзекшелері, емізікшелері толық жетілмегендіктен, лактостаз орын алады. Жүктілік кезінде, омырауда баласы жоқ әйелдерде, жаңа туған нәрестелерде мастит өте сирек дамиды. Қабыну көбінесе бір жақ безде кездеседі.

Этиология және патогенезі. Стафилоктар немесе олардың ішек таяқшалары, стрептококтармен біріккен ассоциациясы аурудың негізгі қоздырғыштары болып табылады, кейбір жағдайларда маститті протей, көкірің таяқшалары, анаэробты флора, саңырауқұлақтар шақыруы мүмкін. Сүт безінің туберкулезі, мерез ауруы да (сифилис) кездеседі. Инфекция, науқастың айналасындағы клиникалық көріністері жоқ, іріңді қабынулары бар адамдардан жұғады. Безге микробтар көбінесе емізікшенің майда жарақаттары арқылы енеді. Сирек жағдайларда инфекция лимфогенді, гематогенді жолдармен эндогенді ошақтардан түседі. Қосалқы аурулар, жүктілік кезіндегі сырқаттану, босану кезіндегі асқынулар (жарақаттану, қансырау) науқастың иммунитетін төмендетіп, қабынудың дамуына қолайлы жағдайлар тудырады. Маститтің дамуында лактостаз негізгі фактор болып табылады, кеңейген сүт өзектеріне түскен инфекция қабыну тудырады, өзек қабырғалары ісініп, тарылып, сүттің сыртқа шығуын одан арман қиындата түседі. Жедел маститте қабыну көбінесе шектелмей жайыла береді. Қабыну тек сүт өзекшесін қамтыса, галактофорит дамиды, омыраудан шыққан сүт ірің аралас болып келеді. Емізікше айналасындағы пигментті шеңбердің бездері қабынса, ореолит деп аталады. Процесс шектелмеген жағдайда маститтің; серозды, іріңді, деструктивті қабынулары дамиды. Серозды қабынуда без серозды сұйықтықпен инфильтрацияланып, тамырлар бойында лейкоциттер түзіле бастайды. Іріңді қабыну тіндердің іріңді инфильтрациясы, ыдырауы, абсцестердің пайда болуымен ерекшеленеді. Абсцестер бір-бірімен қосылып, теріасты немесе бездің артқы майлы клетчаткалы кеңістіктеріне жарып шығады. Іріңдіктер көбінесе бездің ішінде (интрамаммарлы) және ореола астында (субареолярлы) орналасады. Мастит кезінде іріңдіктердің орналасуы 38-суретте көрсетілген.

Сирек жағдайларда қан тамырлары қабынып тромбозданса, бездің тіндері өліеттеніп, гангренозды мастит туындайды. Егер де жедел іріңді мастит дұрыс емделмесе, ұсақ іріңдіктер қалыптасады, айналасындағы тіндер қатайып, дәнекер тіндер өсіп, созылмалы іріңді маститке әкеледі.

Қабынудың ағымына байланысты жедел маститтің жіктелуі:

1 – Жедел серозды мастит.

2 – Жедел инфильтративті мастит.

3 – Флегмонозды мастит

4 – Абсцесті мастит.

5 – Гангренозды мастит.

6 – Созылмалы іріңді және іріңді емес мастит.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 772. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия