Емі- лимфангиитке әкелген негізгі ірің ошақтарын кеңінен тіліп ашу, дренаждау, белсенді антибактериалды терапия жүргізу, ауырған мүшені жоғары ұстап, қимылын шектеу.
Лимфангииттің алдын алу- біріншілік іріңді ошақтарды асқындырмай дұрыс емдеу.
Лимфаденит- лимфа түйіндерінің қабынуы, әртүрлі іріңді жаралар, фурункул, карбункул, панариций, тілме, остеомиелит, тромбофлебит, т.б. және арнайы хирургиялық инфекциялар – туберкулез, оба, актиномикоз сияқты аурулардың асқынған түрлерінде дамиды. Инфекция лимфа, қан тамырлары немесе жанасу арқылы лимфа бездеріне еніп, серозды, іріңді лимфаденитке әкеледі. Қабыну бездің айналасындағы тіндерге жайылса аденофлегмона дамиды. 43-суретте жақасты лимфа безінің серозды-инфильтративті қабынуы, 44-суретте аденофлегмонасы.
Сурет 43. Жақасты лимфа безінің серозды-инфильтративті қабынуы.