10% жағдайда білезік және шынтақ синовиалды сіңір қынаптары бір-бірімен байланыста болады, сондықтан бірінші және бесінші саусақтардың тендовагиниттері қол ұшының U-тәріздес және білезік буыннан жоғары жатқан Пирогов кеңістігінің флегмонасымен асқынады.
Панарицийдің клиникалық көріністері. Кабынудың негізгі белгісі қолдың тұрақты қатты ауырсынуы, алақан терісі қалың болғандықтан гиперемия байқалмайды. Колдың, саусақтардың функциясы шектелген, ауырған саусақ жартылай бүгілген, оны жазуға әрекет жасағанда қатты ауырады. Жанындағы саусақтар бүгіңкі болғанымен, қимылдары шектелмеген, болар-болмас ауырады. 49-суретте саусақтар мен алақанның іріңді қабынуларында қатты ауыратын зоналар көрсетілген.