а-дренаждың жалпы көрінісі; б-жара арқылы дренажды өткізу;
в-жараны дренаж арқылы жуу; г-дренажды алу тәсілі.
Ақырғы жылдарда іріңдіктерді тіліп ашып, мұқият некрэктомия жасалғаннан кейін, жараны антисептиктермен жуып, жара қуысына, айналасындағы тіндерге антибиотиктер енгізіп, тігіс салу қолданылуда. Операциядан кейін жара аймағына антибиотиктер ерітінділері 2 -3 күн қатарынан инъекцияланады. 3-4 күннен бастап жергілікті физиотерапия қолданады (ультракүлгін, лазер сәулелері, ультрадыбыс, т.б.). 7-9 күндері жараның жіптері алынады. Науқастың дене қызуы көтерілсе, қосымша бұлшықетке антибиотиктер салынады. Теріасты панарицийін осы тәсілмен емдеуде 80-90% науқастардың жаралары жақсы жазылады.
Сүйек панарицийі, саусақ фалангасының остеомиелиті,екі түрін ажыратады: біріншілік панариций тікелей сүйек, сүйек қабы жараланып немесе гематогенді жолмен инфекция түссе дамиды. 90-95% науқастарда екіншілік түрі кездеседі, теріасты панарицийінің асқынуы болып табылады (53-сурет).