Сурет 55. Сіңір панарицийлерін тіліп ашу.
а-2-саусақта Бир бойынша, 3-саусақта Клапп бойынша, 4-саусақта Верт бойынша; б- 2-саусақта Фишман бойынша, 3-саусақта Зайцев бойынша, 4-саусақта Канавел бойынша.
5 - саусақтың тендовагинитінің іріңдігі алақан терісінің астына, алақан ортасының және Пирогов кеңістеріне, білезік буынның синовиалды сумкасына тарап, U-тәрізді флегмонаға әкелуі мүмкін. 1- 5- саусақтардың іріңді тендовагиниттерінің емі тек қана операция. Наркоз беріліп, ауырған саусақтың ортаңғы және негізгі фалангаларының алдыңғы бүйірінен бір немесе екі параллелді тілік жасалып, іріңдік ашылады.Сіңір қынаптарын силикон түтікшені сіңірдің алдыңғы бетінен өткізіп, дренаждайды. U-тәріздес флегмонада 1- және 5- саусақтардың синовиалды қынаптарын,
|