1-алақанның теріасты флегмонасы; 2-алақан сіңірлерінің бетіндегі; 3-алақан сіңрлерінің астындағы; 4 - тенар флегмонасы; 5 - гипотенар флегмонасы; 6 - алақан сыртының теріасты флегмонасы; 7 - алақан сыртының фасцияастылық флегмонасы.
Тенар флегмонасында бірінші саусақ дөңесі ісінеді, ісік алақан сыртына таралады, жергілікті гиперемия байқалады. Қабыну ошағында қатты ауырсыну орын алады, саусақтың қимылы шектеледі, дене қызуы көтеріліп, қалтырау болады. Флегмонаның бұл түрі көбінесе 1-2 саусақтардың сіңір панарицийлерінің және білезік синовиалды қалтасының іріңді қабынуларының асқынуы болып табылады.
Гипотенар флегмонасында бесінші саусақ дөңесінің тұсы ісініп, пальпациялау кезінде ауырсынады және саусақ қимылы шектеледі, науқаста айтарлықтай интоксикация болмайды. Гипотенардың терең жаралары, бесінші саусақ сүйегінің остеомиелиті, шынтақ синовиалды сумкасының тендобурситі немесе сүйек-буын панарицийі көбінесе гипотенар флегмонасымен асқынады. Тенар, гипотенар іріңдіктерінің емі инфильтрация, ұйыма кезеңдерінде антибиотиктер, сульфаниламидтер, Вишневский майымен компресс, физиотерапия жүргізіледі. Іріңдеу сатысында іріңді ошақ үстінің медиалды жағынан, ұзынынан тіліп іріңдікті ашып, дренаждайды. 62(а)-суретінде іріңдіктерді тіліп ашу орны, 62(б)-дренаждау тәсілі көрсетілген.