а-тырнақ айналасынан доға тәріздес және тырнақ бойымен паралелді тілу; б-теріні көтеріп, тырнақтың проксималды бөлігінің астындағы өліеттерді алып тастау.
Тырнақасты панарцийі тікелей тырнақ жарақаттарында немесе паронихия, т.б. панарицийлердің асқынуында дамиды.
Тырнақ астында іріңді сұйықтық жиналып, науқасты шыдатпай, қатты мазалайды, пальпация кезінде ауырсыну күшейе түседі. Емі тек операция, ірің жиналған жерінен тырнақты тесіп, іріңін шығарады. Тырнақтың шет жағында орналасқан іріңдіктерде, тырнақты үшбұрыштап кесіп алып, іріңін шығарады. Іріңдік тырнақ астына жайылып кетсе, тырнақ толық алынады. 59-суретте зақымдалған тырнаққа жасалатын операциялар көрсетілген.