а -тырнаққа трепанация жасау (1,2); б - тырнақты үшбұрыштап кесіп, тырнақ астындағы тікенді алу (1,2); в-тырнақты толық алу (1,2) г-проксималды паронихия тырнақасты панарицийімен асқынғанда: 1-теріге тілік жасау; 2,3 -тырнақтың проксималды бөлігі мен үстіндегі теріні кесіп алу; 4-тырнақ алынғаннан кейінгі көрініс.
Пандактилит - саусақ тіндерінің тұтас қабынуы. Сүйек, буын, сіңір панарицийлерінің асқынуы болып табылады. Панарицийдің басқа түрлеріне қарағанда сирек кездеседі. Ағымы өте ауыр, қоздырғышы жоғары вирулентті микробтар. 60-суретте көрсетілгендей, саусақ пішіні үлкейіп, ісінеді, терісі цианозданады, буын қимылдары жоғалады. Саусақтың сүйек, буын, сіңір, жұмсақ тіндерінің барлығы іріңдеп ыдырайды, некрозданады. Саусақта көптеген жыланкөздер пайда болады, олар арқылы сүйек секвестрлері, жұмсақ тіндердің, сіңірлердің өліеттері сыртқа шығады. Емі тек қана операция, саусақ ампутациясы.