Студопедия — Остеомиелиттің жіктелуі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Остеомиелиттің жіктелуі.






Этиологиясына байланысты: 1. арнайы емес; 2. арнайы. Инфекция түсу жолдарына байланысты: 1. гематогенді; 2. гематогенді емес: а) жарақаттық; б) оқ тиген; в) жанасу арқылы. Клиникалық ағымына қарай: 1. гематогенді: а) жедел (токсикалық, септикопиемиялық, жергілікті түрлері); б) біріншілік созылмалы; в) екішілік созылмалы; 2. гематогенді емес: а) жедел; б) созылмалы.

Жедел гематогенді остеомиелит ағымына, ауырлығына, таралуына, тағы да басқа клиникалық көріністеріне қарай: токсикалық, септикопиемиялық және жергілікті деп ажыратылады. Токсикалық; түрін көбінесе найзағай тәріздес деп атайды. Басталуы тез, өте ауыр түрде өтеді, бірнеше тәулікте науқасты өлімге әкеледі. Жергілікті патологиялық өзгерістер дамып үлгермейді. Септикопиемиялық түрінде ауру басталысымен тез арада бірнеше сүйектерде іріңді деструктивті ошақтар дамиды және осы сәттерде ішкі паренхиматозды мүшелерде (бауыр, бүйрек, көкбауыр, өкпе) абсцестер түзіліп, науқастың жағдайын төмендете түседі. Бактериемияның салдарынан сүйектерде жаңа іріңдіктер қалыптасады, түбінде сырқаттанған адамды өлімге әкеледі. Жергілікті түрі басқаларына қарағанда жеңіл, интоксикация аз, сүйекте бір ғана деструкциялы ошақ қалыптасады, жергілікті өзгерістер басым келеді. Бұл түрі көбінесе созылмалы түріне ауысады.

Гематогенді остеомиелиттің клиникалық көріністері:науқас аяқ астынан қол-аяқтың ірі буындарының қатты солқылдатып, шыдатпай ауырсынуына шағымданады, ауырған қол аяқты қозғалта алмайды, жалпы жағдайы төмендейді, дене қызуы көтеріліп, қалтырайды, басы қатты ауырып, тамаққа көңілі соқпайды. Жасөспірім балалар, әсіресе ұлдар 3-5 есе жиі ауырады. Анамнезін сұрастырғанда балаларға суық тигенін, құлап жарақаттанғанын, іріңді инфекциямен ауырғанын анықтауға болады. Науқасты қарап тексергенде, оларда жалпы іріңді интоксикацияның белгілері байқалады: әлсіздік, адинамия, бозаруы, суық тер басуы, тыныс алуының жиілеуі, 110-120-ға дейінгі тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, систолалық шулардың естілуі, пальпацияда - бауыр, көкбауырдың үлкеюі. Науқастың жүрегі айнып құсады, іші кебеді, бүйрек тұсы керіп ауырады, Пастернацкий симптомы оң болады. Бірінші тәуліктерде науқастың ауырған аяғы бүгіңкі болады, пассивті, активті қимылдары шектеледі. Патологиялық ошақты анықтау үшін сүйек үстінен перкуссия жасау, аяқтың бойы мен өкшеден пальпациялауда қай метаэпифизде ауырсыну анықталса, сол арадан іріңдікті іздеу қажет. Біраз уақыттан кейін аяқтың ауырған жерінің жұмсақ тіндері қатайып, инфильтрацияланып ісінеді, терісі қызарады, жергілікті қызу көтеріледі. Асқынған гематогенді остеомиелитте флегмонаның жергілікті белгілері айқындалады: терінің ісінуі, қызаруы, флюктуация, кей кезде іріңдік өзі жарылып, сыртқа шығып, жыланкөз пайда болады, ал процестің өте ауыр түрлерінде 3 – 4 апта ішінде аяқтағы қабыну ошағында патологиялық қозғалыс анықталса, ол сүйектің патологиялық сынығының белгісі дегенді білдіреді. Іріңді ошақ жақын орналасқан буынға тараса, іріңді артрит дамиды: буын ісінеді, пішіні өзгереді, флюктуация анықталады, қимылы шектеледі, диагностикалық пункцияда ірің алынады. Диагностикалық қиындықтар жұмсақ тіндердің қабынуына дейін туындайды, диагнозды анықтау үшін ауырсыну анықталған жерден сүйекке арнайы инемен метафиз тұсынан пункция (остеоперфорация) жасалады. Ірің немесе фибрин аралас қанды сарысу анықталса, остеомиелиттің белгісі деп білеміз. Пункция кезінде сүйек ішіндегі қысымды анықтаған жөн: қалыпты жағдайда -50 мм су бағанасы бойынша, остеомиелитте - 300-400-ге дейін көтеріледі. Гематогенді остеомиелитте қан анализінде лейкоцитоз 20000-ға дейін көтеріледі, құрамында нейтрофил жасушалары басым болады, эритроциттердің тұну жылдамдығы өседі, гемоглобин төмендеп, белоктардың альбумин фракциясы азайып, глобулиндердің альфа – 1, альфа – 2 фракциялары өсіп диспротеинемия туындайды. Зәр анализінде белоктар, лейкоциттер, цилиндрлер пайда болады. Септикопиемиялық остеомиелит түрінде бактериурия орын алуы ықтимал. Гематогенді остеомиелитте рентгенограммада патологиялық өзгерістер 10-14 - күндерден кейін ғана айқындалады. Ерте 2-3 тәулік арасында диагноз қою күрделі зерттеулерді қажет етеді: 1. Радионуклеидті сцинтиграфия-радиоизотоптық препаратарды көктамыр арқылы енгізгенде олардың патологиялық ошақта түзілуін анықтайды. 2. Қабыну ошағында температураның көтерілуін арнайы приборлармен (тепловизор) тексеру.

Гематогенді остеомиелитті ревматизм, сүйек туберкулезі және сүзек ауруларынан дифференциалды диагнотика жүргізу арқылы ажыратады. Ревматизм бірнеше ұсақ буындарды қамтиды, остеомиелитте бір буын зақымдалады. Ревматизмде буында тек қана серозды сұйықтық түзілсе, остеомиелитте ірің болады. Ревматизмде буындардың эпифизы қабынады, остеомиелитте қабыну метафизге жайылады. Сүйек туберкулезінде аяқ бұлшық еттері атрофияға ұшырайды, сүйекте остеопороз орын алады, остеомиелитте остеопороз бен қатар қуыстар пайда болады.

Гематогенді остеомиелиттекешенді ем жүргізіледі. Консервативті ем - антибиотиктер тағайындалады көбінесе линкомицин, морфоциклин, фузидин, т.б. остеотропты түрлері. Пассивті иммундық терапияны (гипериммунды антистафилококты плазма, стафилококк гамма-глобулині); белсенді иммунотерапия (стафилококк анатоксині, бактериофаг); арнайы емес иммундық препараттар: продигиозан, лизоцим, метилурацил және т.б; Десенсибилизациялық дәрілерді қолданады. Дезинтоксикациялық инфузиялық терапия міндетті түрде кешенді емге кіреді - гемодез, реополиглюкин, белокты қан алмастырушы сұйықтықтар, қан, плазма құю. Остеомиелиттік қабыну ошағы үстінен жұмсақ тіндерді тіліп, сүйекті бірнеше жерінен бұрғымен тесіп, түтікше дренаждар енгізіп, сүйек қуысын антисептиктер – (хлоргексидин, фурациллин, диоксидин, риванол) ерітінділерімен 7-10 күн жуып тазалау (66,67-суреттер) оптималды хирургиялық ем болып есептеледі.

Сурет 66. Остеомиелиттік қабыну ошағы үстінен жұмсақ тіндерді тіліп, сүйекті бірнеше жерінен бұрғымен тесіп, түтікше дренаждар енгізіп, антисептиктермен жуып тазалау.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1072. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия