а-куысты жуу; б-вакуумды дренаждау.
Некрэктомиядан кейін сүйек қуысын әртүрлі биополимерден жасалған заттармен толтыруға болады: антибиотик қосылған коллагенді губка, күрделі композициялы желімдер, антисептиктер қосылған биополимерлі пломбалар. Бұл заттардың құрамына сүйек регенерациясын белсендіретін препараттар қосылады. Некрэктомия оперциясынан кейінгі негізгі мақсат сүйек куысындағы микрофлораның қалдықтарын жою: а) 7-15 күндей дренаж арқылы антибиотиктер, диоксидин, фурациллин, фурагин, риванол ерітінділерімен жуу; б) антибиотикотерапия; в) иммундық терапия; в) физиотерапияны жергілікті қолдану – ультрадыбыс, дерілермен электрофорез.
Гематогенді остеомиелиттің; сирек кездесетін түрлеріне біріншілік созылмалы остеомиелиттер жатады. Ешқандай белгі бермей басталып, созылмалы кезеңдерінде бірақ анықталады, олар Броди абсцесі, склерозды Гарре остеомиелиті және альбуминозды Оллье остеомиелиті.
Сүйекішілік Броди абсцесі – қоздырғышы көбінесе стафилококк болып табылады, жілік метафизінде капсуламен шектелген некрозды ошақ дамиды (73-сурет).