Кіріспе. Клиникаға кіріспе кафедрасы
Ф КГМУ 4/3-03/02 ПП КГМУ 4/02
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Клиникаға кіріспе кафедрасы
Силлабус Пән бойынша: VK 3220 «Клиникалық медицинаға кіріспе» Мамандығы: 051102- – «Коғамдық денсаулық сақтау» Барлық сағат көлемі: 135 сағат, 3 кредит Курс ІI Семестр V
Қарағанды, 2014ж Силлабус «Клиникалық медицинаға кіріспе» пәні бойынша, мамандығы ««Коғамдық денсаулық сақтау»» от 20.03.2009гг протокол № 5. жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Силлабус 29.08. 2014. кафедра отырысын қаралып, бекітілді. № 1 хаттама Кафедра меңгерушісі ______________________ С.М.Кабиева
Кафедра және оқытушыларға жалпы мағлұмат. Кафедра меңгерушісі: Кабиева Сауле Маутовна, профессор м.а. медицина ғылымының докторы, дәрігер-педиатр, балалардың кардиоревматологиясы бойынша жоғары категориялы, педиатрия бойынша жоғарғы категориялы. Тәжірибелік сабақты және дәрісті қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді. Ғылыми қызығушылығы- жас балалар және неонотология саласындағы жүрек патологиясы. 60 аса ғылыми жұмыстардың және үш оқу әдістемесінің авторы.Қызмет телефоны: 41-64-52 (облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығы). Оқытушылар: Ассистент –Түймебаева Айжан Толегеновна, оқытушы, дәрігер –терапевт (2007 ж. маман-сертификатымен), екінші категориялы дәрігер, педагогикалық стажы-9 жыл, емдеу ісі стажы-12 жыл. 4 оқу әдістемелік құралының, 6 баспа жұмысының авторы. Ғылыми бағыты: артопатияның диагностика әдістерін дамыту және емдеу. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар. Ассистент: Нұрғазина Лаура Сейітовна, оқытушы, дәрігер-терапевт (2007ж.маман-сертификаты), екінші категориялы дәрігер, педагогикалық стаж-9 жыл, емдеу стажы –8 жыл. Сабақты қазақ және орыс тілінде жүргізеді. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар. Ғылыми-бағыты: пиелонефриті бар науқастарда белок және майдың қышқылдану модификациясын туралы сұрақтарды зерттеу. 1 оқу әдістемелік құралының, 5 баспа жұмысының авторы. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар. Ассистент Абильдина Назерке Турсыновна, дәрігер-педиатр, балалар гастроэнтерологы (сертификаты 2007-2008 жж.) екінші категориялы дәрігер, 2008 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді. Сабақты қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді. Кафедрада оқу ісінің меңгерушісі. Қазақ тіліндегі әдістемелік жұмыстарға, мәселелі оқыту бағдарламасына жауапты. 2 ғылыми баспа жұмысының, 3 оқу әдістемелік құралының авторы. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар. Ассистент: Кирьянова Татьяна Анатольевна, оқытушы, дәрігер –педиатр, (2007 ж. маман-сертификаты), педагогикалық стажы – 9 жыл, емдеу стажы – 8 жыл. Сабақты орыс тілінде жүргізеді. Ғылыми бағыты: Қалқанша безінің қызметі бұзылған аналардан туылған балалардағы неонотальді кезендегі тотығу механизм жағдайы. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар. Ассистент Алишева Гульнара Лесовна, дәрігер-терапевт, бірінші категориялы дәрігер, 2008-2009 оқу жылынан бастап жұмыс істейді. Медициналық колледждағы оқыту жұмысы бойынша стажы бар. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар. Ассистент Дундукова Расима Сабировна, педагогикалық стажы 5 жылдан аса, дәрігер-педиатр, бірінші категориялы дәрігер, кафедрадағы оқу кәсіптік тәжірибені жүргізу және ұйымдастыруға жауапты. Сабақты орыс тілінде жүргізеді. Ассистент Ильясова Айгуль Койшыгуловна, дәрігер-терапевт, бірінші категориялы дәрігер, медициналық колледжден жұмыс стажы бар, денсаулықсақтау тәжірибесінде жұмыс істеді, сабақты орыс және қазақ тілдерінде жүргізеді. Ассистент Даулетова Сағыныш Толеуғалиевна, дәрігер-эпидемиолог (сертификат 2001 ж.). Жалпы стажы 8 жыл. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар. Ассистент Сабекова Орынбала Жаксылыковна, дәрігер-эпидемиолог (сертификат 2001 ж.). Жалпы стажы 4 жыл. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Бірінші курс топтарында эдвайзер. ОКО на жауапты. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар. Ассистент Халмурадова Сымбат Ержановна, дәрігер-терапевт. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Медициналық колледждағы оқыту жұмысы бойынша стажы бар. Ассистент Курилова Вероника Викторовна, дәрігер-педиатр, бірінші категориялы дәрігер, денсаулық сақтау ісінде 26 жыл тәжірибесі бар. Орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. АҚ жауапты. Ассистент Дреева Наталья Ивановна, дәрігер-терапевт, бірінші категориялы дәрігер, Медициналық колледждағы оқыту жұмысы бойынша стажы бар. Орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Ассистент Корнеева Елена Аркадьевна, дәрігер-педиатр, жоғары категориялы дәрігер, денсаулық сақтау ісінде 20 жыл тәжірибесі бар. Орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Ассистент Жунусова Сандугаш Укашевна, дәрігер-терапевт, бірінші категориялы дәрігер. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. 3 баспа жұмысының авторы. Ассистент Абрамов Григорий Александрович, дәрігер-хирург. Орыс тілдерінде және ағылшынша сабақ жүргізеді.
Байланыс ақпараты: Оқу бөлімінің кестесі бойынша сабақтар кафедраның клиникалық базасында жүргізіледі: ММ «Облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығы» (С.Сейфуллин көшесі 11), ЖСШ «Медсанбөлім Шахтер Испат Кармет» (Кривогуз көшесі 10), автобустар 51, 34, маршруттар 01,06,30,011 (аялдама Школьник дүкені); автобустар 7, 33, 41, 122, 127, 165, 146 маршруттар 28,02 (аялдама Монша). Байланыс телефоны 41-64-52.
Оқу пәнінің саясаты кафедраның клиникалық базасындағы оқу үрдісінің кезекті және мақсаты түрде өтуімен бекітіледі. Палатада,мейірбике бекетінде, емшара бөлмесінде, науқас отбасымен танысудың алғашқы тәжірибені қабылдау немесе медициналық мамандармен өзара-қатынастарын тығыз дамыту. Оқытушылардың студенттерге қоятын талабы жоғарғы мектепте жалпы принциптерге үйретуге негізделген, сырт принциптерге үйретуге негізделген, сырт пішіндерін қатаң қадағалау; үтіктелген таза ақ халаттың немесе хирургиялық киімнің, қатырылған қалпақ, ауыстырылатын аяқ киім, маскалардың болуы. Сонымен қатар емдеу-диагностикалық үрдісте дәрігер көмекшісі ретінде, медициналық этика, деонтология принциптерімен, науқас адамды күту мен бақылаудағы арнайы білім мен әдістерді, арнайы манипуляцияларды жүргізуді үйретуге қатаң көңіл бөлінеді. Студентке ағымдық бағалар сабақта әрбір тақырып бойынша қойылады. Сабақ босатқан студенттер одан әрі оқуға деканаттың рұқсатымен жіберіледі (1 үлгі). Бір апта ішінде рұқсатнама алу үшін деканатқа сабақ босатудың себепті екендігін растайтын ақтау құжаттары тапсырылады. Барлық медициналық құжаттар ҚММУ студенттік емханасында расталуы қажет. Растау құжаттары болмаған жағдайда сабақ босату себепсіз деп танылады. Декан (деканның орынбасары) студентке сабақ босатудың себебі көрсетілген сабаққа рұқсатнама жазып береді (1 үлгі). Сабаққа берілген рұқсатнама деканаттың журналында тіркеледі (2 үлгі). Рұқсатнама студент шыққан күннен бастап екінші сабақтан кешіктірілмей кафедраға тапсырылуы қажет. Кафедраға деканаттың рұқсатнамасын бермеген жағдайда студент сабаққа жіберілмейді, ал кафедра студенттің үстінен деканатқа баянат береді. Барлық босатылған сабақтар екі апта ішінде міндетті түрде өтелуі тиіс. Егер босатқан сабақтар берілген кезеңінде өтелмесе, кафедра «F» бағасын қояды. Себепті жағдаймен екі аптадан артық сабақ босатқанда, өтеу мерзімін деканат белгілейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Сабақ босатқан студенттерге топта сабақ жүргізетін оқытушы немесе кафедраның оқу ісінің меңгерушісі деканаттан рұқсатнама көрсетілген соң «Өтелген сабақтарды тіркеу журналына» (3 үлгі) тіркеп, қайта өтеуге бағыттама толтырады (1 үлгі). Сабақтарды себепті босату кафедрада тек 1 рет ауызша түрде өтеледі. Қанағатанарлықсыз баға (F) алса нәтижесі топтың оқу журналына жазылады. Сабақтарды себепсіз босату компьютерлік орталықта кафедра бағыттамасы (1үлгі) бойынша тестілеу тек 1 рет өтеледі. Қанағатанарлықсыз баға (F) алса нәтижесі топтың оқу журналына жазылады. Кіріспе Пәннің мақсаты:студенттерге науқастарды қалыпты және патологиялық жағдайда физикальды тексеру әдісін, ең көп таралған ішкі ағза ауруларының симптомотологиясын және синдромды диагностикасын, олардың негізгі лабораториялық-аспаптық диагностикалық әдістерін, алғашқы және дәрігерге қаралғанға дейінгі шұғыл көмек көрсету принциптерін оқыту. Пән тапсырмалары: Оқытудың соңғы нәтижелері: Студенттер білу керек: · кәсіби дәрігерлік қызметтің деонтологиялық негізін; · қалыпты және патология жағдайында зерттеудің физикальді әдісі туралы мәліметтерді; · ішкі ағзалардың кең таралған ауруларының симптоматологиясы мен синдромын; · зерттеудің негізгі лабораториялық және аспаптық әдістерін, оларды түсіндіруді; · ішкі ағзалардың кең таралған ауруларын диагностикалау әдісі мен емдеу принциптерін; · кейбір шұғыл жағдайда дәрігерге қаралғанға дейінгі көмек көрсетудің симптоматологиясы мен принциптерін
Студент істей білуі керек:
Студент дағдылануы керек: · науқасты жалпы тексеруге; · пальпация, перкуссия, аускультация жасауға; · шұғыл жағдайда дәрігерге қаралғанға дейінгі көмек көрсетуді (бронх демікпесі ұстамасы, жіті сол жақ қарынша жеткіліксіздігі, гипертониялық криз, қыспалық статус, анафилактикалық шок, аяқ астынан өлу, Квинке ісінуі, есекжем)
Пререквизиттер:медициналық биология, генетика, радиобиология, биохимия, анатомия, физиология, гистология, патологиялық физиология, патологиялық анатомия, фармакология, микробиология. Постреквизиттер: эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен.
|