Студопедия — Скарлатина
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Скарлатина






Скарлатина-стрептококпен шақырылып,жоғары температура,таңдай бездерінің іріңді қабынуымен және тері қабатында майда бөртпелер пайда болумен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы.Ертеректе скарлатинадан,оның асқынуларынан балалар өлімі жиі кездескен.Соңғы 30-35 жыл ішінде аурудың ауыр түрлері,асқынулары сирек кездеседі және балалар өлімі де кездеспейтін болды.Оның себептерінің бірі –кейінгі жылдары балалардың емі үшін антибиотиктерді жиі қолдану болса, екіншіден халықтың жалпы тұрмыс жағдайларының жақсаруы,медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуі болып табылады. Дегенмен,скарлатина әлі де балалар арасында кездесіп тұрады,оның иммундық жағдайын өзгертеді.

Аурудың қ о з д ы р ғ ы ш ы-бета гемолитикалық «А» тобының стрептокогы,60-қа жуық серотиптері бар.Қоршаған ортада төзімді,әсіресе,кепкен күйінде.Дезинфекциялаушы ерітінділер мен антибиотиктерге ғана төзімсіз болады.

Эпидемиология. Аурудың көзі- ауру бала,ауырғаннан бастап 7-8 күнге дейін,асқынған жағдайларда одан ұзағырақ уақытта жұқпалылығы сақталады.Қоздырғыш тасымалдаушылардан ауру жұғу сирек кездеседі.Таралу жолдары- ауа сілекей арқылы,тікелей қатынас арқылы жұғуыда мүмкін.Ауруға бейімділік 2-7 жас аралығы,ересектер мен емізулі балалар өте сирек кездеседі.

Патогенез. Организмге қоздырғыш қалыпты жағдайда таңдай бездері арқылы (фарингеальды түрі),сирегірек жағдайда жарақаттанған,күйген тері қабаты арқылы (фарингеальды түрі),сирегірек жағдайда жарақаттанған,күйген тері қабаты арқылы (экстрафарингеальды немесе экстрабуккальды түрі енеді). Қоздырғыш өзінен экзотоксиндер және бірнеше ферменттер: стрептолизин,гиалуронидаза,стрептокиназа бөліп шығарады. Олар бала организмін уландырады, қабындырады,алергияға бейімдейді.

Осымен қатар, организмде токсиндерге қарсы антиденелер түзіледі,соның арқасында ауруға қарсы арнайы иммунитет пайда болады.Организмде бұл антиденелнрдің бар-жоғын,яғни скарлатинаға қарсы иммунитет бар-жоғын анықтау үшін Дик белгісін қойып тексеруге болады.Техникасы Манту белгісіне ұқсас, арнайы стрептококк токсинін тері ішіне егу арқылы анықталады. Егер ісік,қызару пайда болса оң нәтиже деп есептеледі,токсинге қарсы иммунитет бар деп есептеледі.

Клиникасы.Аурудың жасырын кезеңі 7күннен аспайды. Экстрафарингеальды түрінде бірнеше сағатқа ғана созылуы мүмкін.

Скарлатина ауыруында клиникалық белгілер алғашқы күндерден бастап – ақ жақсы білінуімен ерекшеленеді.Клиникалық белгілер негізгі 3 топқа бөлінеді:интоксикация(улану)белгілері,таңдай бездерінің іріңді қабынуы (іріңді баспа белгілері) мен ауыз қуысындағы өзгерістер және тері қабаты тарапынан байқалатын белгілер.Улану белгілері:дене қызуы жоғарылайды,кейде жүрегі айнып құсады.Таңдай бездерінің белгілері:таңдай бездері ісініп,қызарады,іріңді қабыршақтар пайда болады.Қабыну кішкентай тілге,тілшік имектеріне де тарап,жұмсақ таңдайда қызыл дақтар-энантема-пайда болады.Баланың тамағы жұтынған кезде ауырып, сыртқы мойын бездері де ісініп ауырады.Ауыз қуысындағы өзгерістер:алғашқы күндері баланың тілі құрғақ,қабыршақпен жабылып,еріндері де құрғайды,кейінгі күндері аурудың барысында басқа белгілерге ауысады.Тері қабатындағы белгілер:жаппай қызарып өзгерген тері фонында өте майда,көбінесе тері қыртыстары мен кеудесінде,екі сауырында орналасқан,геморрагиялық бөртпелерге ұқсас бөртпелер пайда болады.Сипалап көргенде тері қабаты құрғақ,ыстық «құстың терісі» сияқты білінеді.Осы бөртпелер тек ауыз- мұрын үшбұрышына шықпайды да,бұл аймақ жалпы қызарып өзгерген фонда ақшыл түсті болып бөлектеніп тұрады-«Филатов белгісі».

Алғашқы күндері (5-7-ші күндер),жүрек тарапынан симпатикотониялық (тахикардия,қан қысымының көтерілуі),ал кейінгі күндері ваготониялық белгілер(қан қысымының төмендеуі,брадикардия,жүрек тондарының әлсіреуі)- «скарлатиналық жүрек»белгілері пайда болады.

Аталған белгілер 2-3 күннен кейін біртіндеп солғындай бастайды:температура түседі,таңдай бездеріндегі өзгерістер қайта бастайды,тілдегі қабыршықтар түсіп,қып – қызыл тілдің үстіндегі емізікшелер анық көрінеді.Тілдің осы көрінісі құлпынайға қатты ұқсайды,сондықтан оны салыстырмалы түрде”құлпынай тәрізді тіл” деп атайды.

Жазылу кезеңінде тері қабатында қабыршақты түлеу басталады,бұл құбылыс,әсіресе алақан мен табандарында анық байқалады.

Ауырлығына сәйкес скарлатинаның 3 дәрежесі анықталады.Өте ауыр түрі сирек кездеседі-өте жоғары температура,құсу,іш өту,сандырақтап елірмелеу,таңдай бездерінің флегмонозды,некротикалық өзгерістерімен сипатталады.Орташа ауыр түрінде-интоксикация,дене қызуының 39-қа дейін көтерілуі,құсу,бас ауыру,әлсіздену,іріңді баспа белгілері байқалу, лейкоцитоз,ЭШЖ жоғарылау7-8 күнге созылады.Жеңіл түрінде -90% жағдайда катаральды баспа белгілері,температура39 С,бөртпелер,лейкоцитоз,жоғары ЭШЖ 4-5 күнге дейін байқалады.

Асқынулары. Ерте асқынулар және кейінгі асқынулар болып бөлінеді:ерте асқынуларға лимфоаденит,отит,синуситтер жатады. Кейіннен пайда болатын асқынулар-синовит,нефрит,ревматизм.

Диагноз эпидемиологиялық анамнезге;скарлатинаға тән белгілер триадасынан,бөртпелер ерекшеліктеріне, «құлпынай тәрізді тіл»,жазылу кезеңінде тері қабатының қабыршақты түлеуі сияқты белгілерге;жұтқыншақтан алынған жағындының нәтижесіне сүйене отырып қойылады.Скарлатина диагнозын анықтау үшін оған ұқсас іріңді баспа және жұтқыншақ дифтериясынан ажырата білу керек.

Емдеу. Стационарға аурудың ауыр,асқынған түрлерімен және фондық аурулары бар балалар жатқызылады.Қалған уақытта балалар үй жағдайында емделеді.

Емдеу принциптері:ауру баланы міндетті түрде оңашалау;бала жататын бөлмеде қажетті санитарлық гигиеналық жағдайды қатаң сақтау;баланың тамағы жасына сәйкес,құнарлы және бірінші күндері бірқалыпты жылы,сұйық болуын қамтамасыз ету;1аптаға төсек режимін (жеңіл түрлерінде де) тағайындау; 5-7күн бойы бета гемолитикалық стрептококқа әсер ететін пенициллин және осы топтағы антибиотиктер егу;антигистаминді препараттарды (супрастин,тавегил,димедрол т.б.),витаминдер комплексін,дезинтоксикациялық әсері бар көп мөлшерде сұйықтықтар тағайындау;күніне 2рет дене қызуын өлшеп тұру;жиі – жиі зәр анализін тексеріп тұру.

Асқынған және ауыр түрлерінде стационарда синдромдар бойынша ем жүргізіледі.

Профилактика. Арнайы, ерекшеленген профилактикасы жоқ.

Жалпы шаралар немесе ерекшеленбеген профилактика:дер кезінде баланы оңашалау (10 күнге,асқынған жағдайларда тәуір болғанша); қарым –қатынастағыларға 7 күнге каратин тағайындау;бала жатқан бөлменің тазалығын,ыдыс-аяқ,киім – кешек тазалығын қатаң сақтау;баланы басқа аурулардан сақтандыру.

Жел шешек (ветряная оспа)

Жел шешек- тері қабатында көпіршікті бөртпелер пайда болуымен сипатталатын,өте жұқпалы балалар ауруы.

Эпидемология. Қоздырғышы – вирус,сыртқы ортада өте төзімсіз,әсіресе,күн сәулесі мен жоғары температурада.Бірақ вирус өте ұшпалы,өте тез тарайды,ауа арқылы ауру болған бөлмеден басқа бөлмелерге,басқа этаждарға дейін жетіп,балаларға жұғуы мүмкін.Аурудың көзі-ауру бала.Талару жолдары –ауа,ауа –тамшы арқылы.Кейде планцента арқылы өтуі мүмкін.Жұқпалы мерзімі-бөртпелер қабыршақтарымен жабылғанға дейін созылады.

Патогенез. Вирус тыныс жолдарының шырышты қабаттары арқылы еніп, сол жерде өсіп өнеді,клеткаларын зақымдайды.Одан әрі вирус қанға өтіп,қан арқылы барлық ағзаларға тарайды,оларды зақымдайды.Зақымданған жерде көпіршікті бөртпелер пайда болады.Тері қабаты мен ішкі ағзалардың шырышты қабаттары ең жиі зақымданады.

Клиника. Аурудың жасырын кезеңі-2-3 апта. Жел шешек алғашқыда баланың жалпы жағдайының өзгеруімен басталады: дене қызуы көтеріледі, тәбеті төмендеп, басы ауырып,ұйқысы бұзылады.Осы кезде баланың бетінде,шаштарының арасында, денесінде бөртпелер пайда болады.Бөртпелер алғашында макуло-папулезді болса,(кейде бірнеше сағаттың ішінде) везикулаларға-іші мөлдір сұйықтыққа тола көпіршікті бөртпелерге айналады.Бұл көпіршіктердің ішіндегі сұйықтық өзгеріп, іріңді көпіршікке айналуы мүмкін.Бірақ олардың арасындағы тері қабаттары өзгермейді,сөйтіп 1 -2 күннің ішінде көпіршіктер құрғап, қабыршықтармен жабылады.жел шешек ауруында бөртпелер шығуы бір уақытта өтпейді,сондықтан, кейбір бөртпелер қабыршақтанып жатса,осы кезде кейбір бөртпелер жаңадан шығып жатады.Бұл жағдайды бөртпелердің полиморфизмі деп атайды.бір мезгілде бөртпелердің бірнеше түрінің жел шешекке тән белгі болып саналады.Бөртпелер қатты қышып, баланы мазалайды.Ауру бала бөртпелерді қасыған кезде микробтар еніп, бөртпелер жараға айналады.Мұндай жағдайда олардың жазылуы ұзаққа созылады және бөртпелердің орнында тыртық қалады. Бөртпелердің қайталап шығуы Бөртпелердің қайталап шығуы 2-3 күннен 7-8 күнге дейін байқалады.

Ауырлығы бойынша аурудың үш дәрежесі бар: Жеңіл, орташа және ауыр.Аурудың дәрежесі дене қызуының деңгейімен және бөртпелердің санымен байланысты анықталады.

Асқынулары: Энцефалит,круп,лимфоаденит,тері қабатының пиодермия,абсцесс,флекмона сияқты іріңді асқынулары.

Диагноз қою үшін эпидемиологиялық анамнез,клиникалық белгілер(бөртпелер полиморфизмі т.б белгілері) ескеріледі.

Емдеу. Аурудың емі негізінен үй жағдайында жүргізіледі.Стационарда тек аурудың асқынулары мен ауыр түрлері емделеді.

Емдеу принциптері:

- Балалың жеке басының,киім-кешегінің, төсек орнының, бөлменің тазалығын қатаң сақтау;

- Гигиеналық ванна жасап тұру(дене қызуы нормада болса); бөртпелерді 5% перманганат калий 2% бриллиант жасылы,1% метилен көгімен жеке-жеке күйдіріп тұру;

- Симптоматиялық ем жүргізу; аурудың асқынған түрлерінде жергілікті еммен қатар синдромдар бойынша жалпы ем тағайындау.

Профилактика. Арнайы шаралар:жел шешекке қарсы вакцина шығарылған, бірақ вакцинация жүргізілмейді, өйткені ауру көбіне жеңіл түрде өтеді.

Жалпы шаралар:

- Мүмкіндігінше ерте ауру баланы он күнге дейін оңашалау;

- Қарым-қатынаста болған жеті жасқа дейінгі балаларға жиырма бір күнге карантин тағайындау.

Ауырып өткеннен кейін тұрақты иммунитет қалады.

 

Мысқыл (эпидемический паротит)

 

Мысқыл – құлақ асты, шықщыт бездерінің қабынуымен және нерв жүйесінің зақымдануымен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. 1 жасқа дейінгі балалар-

да сирек кездеседі.Ауру көбінесе жеңіл түрде өтеді, бірақ балалар мекемелерінде, әсірессе жасөспірім балалардың арасында көп тараса, оларда асқынуларымен (орхит)

қауіпті. Мысқылдың қоздырғышы – вирус, сыртқы ортада және дезинфекциялаушы ерітінділерге өте төзімсіз.

Эпидемиялогия: Аурудың көзі – ауру бала 9 күнге дейін жұқпалы. Таралу жолдары-

ауа сілекей арқылы. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты.

Патогенез: Вирус жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттары арқылы еніп қанға өтеді де, қан арқылы лимфа түйіндеріне жетіп, ол жерде шоғырланып жинала-

ды, қабындырады. Құлақ асты не сілекей бездерінің зақымдануы жиірек байқалалы.

Клиника: Жасырын кезең – 11-23 күнге созылады.

Аурудың белгілері құлақ асты бездерінің ісініп, шайнау кезінде ауырсынуынан басталады. Көбінесе құлақ асты бездері 2 жағында да қабынып ісінеді де, баланың арқа жағынан қарағанда мойны жуандап, «шошқаның мойнына» ұқсап көрінеді.

Сондықтан орысша халық арасында бұл ауруды «Свинка» деп те атайды. Қабынған бездердің үсіндегі тері қабаты, өзгермейді, ал ұстап көргенде ісік қолға қатты қамыр-

ға ұқсап білінеді. Дене қызуы 38-39 –қа дейін көтеріледі, баланың басы, іші ауырып, құсуы мүмкін.

Қан анализінде: лейкопения, лимфоцитоз, ЭШЖ өзгермейді.

Аурудың жеңіл түрлерінде асқынулар болмайды, ісікпен қатар субфебрильді темпе-

ратурамен шектеледі. Ауыр түрлерінде келесі асқынулар байқалады: орхит,панкреа-

тит, менингит, менингоэнцефалит. Мысқылдың ұл балаларда орхитпен асқынуы, болашақта белсіздікке әкеліуімен қауіпті.

Диагноз қою эпидемиологиялық анамнезге, клиникалық белгілеріне, вирусология-

лық тексерістерге сүйене отырып жүргізіледі. Вирусологиялық тексеріс арнайы ви -

русологиялық лабароторияларда орындалады, 8-16 күнге созылады.

Емдеу. Ем үй жағдайында жүргізіледі: температура түскенше төсек режимі таға –

йындалады; ісіктің үстіне құрғақ жылу басу (қыздырылған тұз, құм); жиі сусын іш –

кізу; симптомдық ем (ыстық түсіретін, тыныштандыратын дәрілер беру); баланың- тамағы бір қалыпты сұйық жіне жылы болуын қадағалау. Асқынулар байқалса – ста-

ционарда, жағдайына сәйкес ем жүргізіледі.

Профилактика. Жалпы шараларға: ауру баланы мүмкіндігінше ерте оңашалау; қа-

рым- қатынастағы балаларға 21- күнге карантин тағайындау; СЭС- ке жедел хабар беру; санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу жатады.

Арнайы шара – мысқылға қарсы тірі әлсіретілген мысқыл қоздырғыштарынан арнайы дайындалған вакцина қолдану. Күнтізбекке сәйкес мысқыл вакцинасы бала-

ның 12 айлығында қызылша вакцинасымен қатар, 0,5мл дозада санның бұлшық еті-

не немесе тері астына егіледі. Эпидемиологиялық жағдайлармен байланысты (ауру

санының 2001-2002 жылдары көбеюі) мысқылға қарсы 12 жаста ревакцинация жасау еңгізілді.

 

 

Көкжөтел (коклюш)

Көкжөтел – ұстамалы жөтелмен сипатталатын, балалардың өткір жұқпалы ауруы.

Ертерекете көкжөтел қызылшадан кейінгі балаларда жиі кездесетін ауру еді және ауыр түрде өтіп, асқынуларынан балалар өлімі жиі болатын. Арнайы егу жұмыс-

тарын жүргізумен, емдеу шараларының жақсарғандығымен байланысты аурудың ауыр түрлері және ауыр асқынулары қазіргі кезде өте сирек кездеседі.

Көкжөтелдің қоздырғышы – Борде-Жангу таяқшалары, 1906 жылы осы таяқша-

ларды ашқан ғалымдардың атымен аталады. Таяқшалар қоршаған ортада төзімсіз.

Эпидемиологиясы. Ауру көзі- ауру адам, 25-30 күнге, кейде 2 айға дейін жұқпа-

лы болып табылады. Таралу жолдары- ауа сілекей арқылы, ауру бала жөтелген

кезде қоздырғыштар ауаға тарайды. Көкжөтелдің жеңіл түрлері қауіпті, өйткені

көкжөтел ауруы екенін ажырату қиын болады да, ауру бала оңашаланбай, айнала-

сындағыларға жұқтырып жүргені байқалмай қалады. Ауруға бейімділік бала туыл-

ғаннан бастап жоғары, сондықтан ауратын балалардың негізгі көпшілігі ерте жас -

тағы балалар болып табылады.

Патогенез. Көкжөтел қоздырғышы жоғары тыныс жолдарының шырышты қабат-

тары арқылы еніп, сол жерде 5-6 аптаға дейін сақталады. Өзінен улы эндотоксин бө-

ліп, олар жөтел рецепторларын тітіркендіреді, орталық нерв жүйесіне әсер етеді.Сон-

дықтанда, жоғарғы тыныс жолдарында катаральды өзгерістер онша күшті болмаған-

мен жөтел күшті болады, ұстамалы жөтел түрінде баланы өте қатты қинайды.

Клиника. Жасырын кезеңі 5-14 күнге созылады. Катаральды кезең 1,5-2 аптада

өтеді. Баланың жалпы жағдайы алғашқыда өзгермейді, сол себепті, әлсіз сирек жө-тел, тыныс жолдарындағы катаральды өзгерістер байқалмай қалады. Осы кезеңнің

аяғына қарай жөтел күшейе түседі, бірақ көкжөтелге тән белгілер әліде білінбейді.

Ұстама жөтел кезеңі 3-4 аптаға созылады. Бұл кезеңде көкжөтелге тән негізгі белгі-

ұстама жөтел- байқалады. Жөтел ұстамасы басталған кезде бала дем алмай үстін –

үстін жөтеледіде, біраз уақыт өткеннен кейін барып, ышқынып дем алады (реприз).

Бұдан соң жөтелсіз үзіліс басталады, кейіннен ұстама тағы қайталанады. Жөтел ұстамасының тәулік ішіндегі жиілігіне қарай аурудың ауырлығы анықталады. 1-ші

дәреже, жеңіл түрінде – ұстама тәулігіне 10-15 рет; 2-ші дәреже – орташа ауыр тү-

рінде – ұстама тәулігіне 15-25 рет; 3-ші дәреже, ауыр түрінде – ұстама тәулігіне 30-60 рет қайталанады. Ұстама жөтел кезінде баланың беті қатты қызарып, мойын қан-

тамырлары білеуленіп ісініп кетеді;көзі қанталап, тілі аузынан шығып, жөтел соңын-

да қою, созылмалы қақырық тастайды. Өкпеде энфезематозды өзгерістер, құрғақ

ылғалды сырылдар пайда болады. Жүрек жұмысы әлсірейді: тахикардия байқалады,

қан қысымы жоғарлайды.

Көкжөтелдің балаларда өту ерекшелігі – кішкентай балаларда реприздер болма-

уы мүмкін. Жөтел ұстамасы кезінде олар қатты қызарып, соңынан көгеріп кетеді.

Кейбір жағдайда баланың дем алысы тоқтап қалуы, елірме басталуы мүмкін.

Жазылу кезеңі – 1-3 аптада өтеді. Біртіндеп ұстама жөтел азайып, әлсірейді,

баланың жалпы дағдайы жақсарады.

Қанның жалпы анализінде: лейкоцитоз 17*10 /л -25*10/ллимфоцитоз анықталады.

Асқынулар: аталектаздар (15-24%); ошақты, сегментті пневмониялар; бронхит;

нерв жүйесінің зақымдануы, елірмелеу; пневматоркс; тері асты май қабатының эм-

физемасы; кіндік жарығы т.б.

Асқынулар көбіне кішкентай балаларда, фондық аурулары бар балаларда байқа-

лады және басқа вирустық аурулардың қосылу салдарынан пайда болады.

Диагноз қою үшін эпидемиологиялық анамнез жинау, клиникалық белгілерін анықтау, қақырықты бактерологиялық тексеріске алу, қанның жалпы анализін тексе-

ру жүргізіледі.

Емдеу. Аурудың емі баланың жасына, аурудың ауырлығына, асқынуларына бай-

ланысты жүргізіледі. Ауруханадан аурудың ауыр, асқынған түрлерімен және 1 жас-қа дейінгі балалар емделеді. Қалған жағдайларда емді үйде өткізуге болады.

Емдеу принциптері: барлық уақытта салқын, таза ауамен қамтамасыз ету; тамақ

жасына сәйкес, аз мөлшерде, жиірек берілуі қажет; баланың көңілін аудару үшін кі-

тап оқып беру, әртүрлі ойындар ұйымдастыру т.б.; алғашқы белгілерден бастап антибиотиктер тағайындау: эритромицин ауыз арқылы 20-30мг /кг, ампициллин

50-100мг/кг ауыз арқылы немесе бұлшық етке егу арқылы, 8-10 күнге дейін; оксиге-

нотерапия; қақырық жібітетін және қақырық түсіретін дәрілермен ферменттер (хи-

мопсин, химотрипсин) тағайындау.

Аурудың ауыр түрлерінде ауруханада, жағдайына сәйкес қарқынды ем тағайын-

дап, жүргізу. Дем тоқтап қалған жағдайда жедел көмек көрсету.

Профилактика. Арнайы профилактика – АҚДС вакцинасын егу. Жаңа егу күнтіз-

бегіне сәйкес 3 рет вакцинация: 2,3,4 айларында, ревакциниция-18 айлығында жүр-

гізіледі.

Жалпы шараларға: ауру баланы 30 күнге дейін оңашалау; СЭС-ке жедел хабар беру; қарым-қатынастағы 7 жасқа дейінгі балаларға 14 күнге карантин тағайындау;

санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу жатады.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 5305. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия