Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

G гепатиті





Соңғы жылдары жаңа F және G вирусты гепатиттері туралы мәліметтер бар, бірақ олар аз зерттелген. Дегенмен, егерG гепатитінің вирусы (HGV) қаннан бөлінген болса, F гепатиттің қоздырғышы әлге дейін соңына дейін идентификацияланбаған. Өзіндігіне байланыссыз, HGV-ң вирусты гепатиттің этиологиялық құрылымындағы рөлі қосымша нақтылауды талап етеді. Сондықтан F гепатиті және G гепатиті Халықаралық таксономия және вирустар номенклатурасы комитетімен бекітілмеген.

Этиологиясы. G гепатитінің вирусы (HGV, GBV-C) алғаш рет 1995 жылы I.Murshahvar басқарған «Abbott» ғылыми тобымен созылмалы С гепатиті бар науқастан бөлінген соңынан не А емес, не Е-емес гепатиті бар науқастардан анықталған. Сондай-ақ оның С гепатитінің вирусы сияқты РНҚ-сы бар және флавивирустар тұқымдастығына жатады. Қоздырғыштың геномы құрылымды (Е1, Е2) және құрылымсыз (NS2, NS3, NS4, NS5) участкелерінен тұрады, олар сәйкес белоктарды кодтайды, белоктардың қызметі HCV-дегідей. G гепатиті вирусының ерекшелігі жүрекшелік белок (core) ақауы немесе оның мүлдем болмауы. Қоздырғыштың тағы бір ерекшелігі геномның құрылымдық аумағында гипервариабелді аймағының болмауы, соған сәйкес негізгі генотиптері де жоқ. Дегенмен, вирус изоляттарының әркелкі анализдеріне қарағанда HGV генотиптері сұрақтар ашық түрде қалады. Вирустың кем дегенде 3 генотипі және бірнеше субтиптері бар деген ойлар бар.

Эпидемиологиясы. G гепатиті барлық жерде кездеседі. Ресейде: қоздырғыштың анықталу жиілігі 2%-тей – Мәскеуде, Якутияда 8%-ге дейін. В гепатиті және С гепатиті кең тараған аймақтарда G гепатиті кездесуі жоғары. G гепатиті парентералды механизммен берілетін инфекциялар қатарына жатады.

Инфекция көзі – G гепатіттің жедел және созылмалы түрімен ауыратын науқастар. С гепатиті сияқты қоздырғыштың берілуінде негізгі мазмұн жасанды жолдарға беріледі. HGV-ң нашақорлар арасында жиі кездесуі оған дәлел. Әлемнің көп елдерінде, соның ішінде Ресейде, РНҚ HGV нашақорлар арасында кездесуі (33-35%) басқа тұрғындар арасына қарағанда әлде қайда жоғары болған. Залалдану сондай-ақ гемотрансфузиялар және парентералды араласулар кезінде жүреді. Жыныстық қатынас арқылы және вертикалды жолмен залалданған анадан балаға берілу мүмкіндігі бар.

Клиникасы. Клиникалық ағымы жағынан G гепатиті С гепатитіне ұқсас. Сонымен қатар, G гепатитіне С гепатиті кезіндегідей инфекциялық процестің үдеуі, созылмалы түрге айналып, бауыр циррозы мен гепатокарциномаға айналуы тән емес сияқты. Әдеттегідей, жедел инфекциялық процесс симптомсыз өтеді. Жалпы сипаттама ретінде сарысулық трансаминазалар активтігінің орташа деңгейде жоғарылауы алынады. G гепатиттің диагностикасының негізгі маркерлері – HGV-РНҚ ПТР (ПЦР) әдісімен анықталады. Анти-HGV кеш сатыларында анықталады, онда HGV-РНҚ қанда жойылады, анти-HGV-сауығу маркері болып табылады. Жедел G гепатиттің шешімі болуы мүмкін: айығу –HGV- РНҚ элиминацияланады және анти–HGV пайда болады; HGV-РНҚ ұзақ сақталып, созылмалы түріне айналуы, ол ұзақ қанда айналымда болып, бірнеше жылдан соң жойылады да, анти-HCV синтезделеді; ұзақ HGV тасымалдау. HGV-РНҚ-ң ұзақ қанда сақталу мерзімі 9-12 жыл. Анти- HGV-ң табылу жиілігі жоғары екенін атап өтуі керек, бұл жағдай G гепатиті кезінде С гепатитімен салыстырғанда созылмалы түрге айналу мүмкіндігі сирек екенін дәлелдейді.

G гепатиттің клиникалық көріністерінің сипаты жұмсақ, ұзақ уақыт АЛТ активтілігінің жоғарылауының төмен деңгейде өсуімен ерекшелінеді. Вирусты анықтағанға позитивті ПТР (ПЦР) жүргізгенде сілтілі фосфатазаның және гамма-глутамилтранспептидазаның активтігінің жоғарылауы анықталған, ол басым түрде өт жүру жолдарының зақымдалуын білдіреді. Созылмалы G гепатиттің морфологиялық сипаттамасы С гепатитіне өте ұқсас. G гепатиттің бауырдан тыс белгілері тіркелмеген. G гепатиті вирустың персистенциясы аутоиммунды механизмдерді «жүргізе» алатындығы туралы да анық мәліметтер жоқ. Жиі үйлесімен HCV/HGV-инфекция кездеседі, оған инфекциялық процестің үдеуі мен цирроз тудырушылық тән. Өз алдында, HGV-РНҚ бар және HGV-РНҚ жоқ созылмалы С гепатиті – бар науқастарды тексергенде, олардың биохимиялық, вирусологиялық және морфологиялық көрсеткіштер ерекшелігінің жоқтығы анықталған. Бұл HGV C гепатиттің ағымына әсерін тигізбейді дегенді дәлелдейді.

Сонымен, HGV-РНҚ верификацияланбаған гепатиттердің арасында анықталуы сирек (9%-тен көп емес), С гепатиті-бар науқастар арасында жиі анықталады; HGV-РНҚ болуымен АЛТ деңгейінің жоғарылауы және гистологиялық өзгерістердің арасында тікелей байланыстың болмауы; үйлескен HCV/HGV инфекция мен HGV-моноинфекция арасындағы ерекшеліктің болмауы, G гепатиттің дербестігіне күмән тудырады. Анық айтқанда, вирустың дербестігінде күмән жоқ, бірақ оның вирусты гепатиттің этиологиялық құрамындағы рөлі қосымша зерттеулерді талап етеді.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1973. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.02 сек.) русская версия | украинская версия