Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Е вирусты гепатиті





Е вирусты гепатиті кұрамында РНҚ бар вируспен тудырылады (HEV). Бұл гепатиттiң таралу механизмі– фекалды-оралды.

Е гепатиті, ДДҰ мәлiметтерi бойынша тропикалық және субтропикалық аумақтарындағы (Индия, Непал, Бирма, Орта Азия, Латын Америкасы,т.б.) ересек турғындарының арасында ең жиi кездесетiн жедел вирусты гепатиті болып табылады. Бiрақ Е гепатитімен аурушылдық Европа мен Ресейде де кездеседi.

Этиология. 1990 жылы молекулярлы гибридизация әдiciмен вирусспецификалық клон бөлiнiп алынған. Бұл клон Азияның әртүрлi аймақтарындағы эпидемиялық өршулер кезiнде науқастардың нәжiсiнен бөлiнген клонға ұқсас болды. Иммундық-электронды-микроскопиялық зерттеулер барысында Е гепатит вирусының құрылымы анықталды. Сынамаларда диаметрi 27-33нм (көбiнесе 32-34нм) сфера тәрiздi вирусқа ұқсас бөлшектер табылады. Вирус – бiр жiпшелi, құрамында РНҚ бар: қабықшасы жоқ, НЕАg-ге ие. Е гепатит вирусының таксономдық жiктелуi әлi толығымен анықталған емес. HEV –ң HAV-дан, жалпы пикорнавирустар тұқымдастығынан анағұрлым айырмашылықтары бар, бiрақ Caliciviridae тобына құрылымы жақын. Сонымен қатар, Togaviridae тобына ұқсас екеуi де анықталған. HAV-мен салыстырғанда, HEV қоршаған ортаның әртүрлi факторларына төзiмдiлiгі төмен; лабораторлық жағдайларда тез жойылады. Вирустың 3 генотипiн ажыратады: мексикалық және 2 азиялық (Бирма, Пакистан). Олардың барлығы бiр серотипке жатады, сондықтан серологиялық реакциялар қиылысуы мүмкін.

Эпидемиологиясы. Е гепатиті А гепатитке ұқсас, фекалды-оралды механизимен тарайтын антропонозды инфекцияға жатады. Инфекция көзі – жедел НEV-инфекциясымен, әсiресе оның сарғаюсыз, немесе латенттi түрiмен ауыратын адамдар. Таралу жолы – көбiнесе су арқылы, HEV-нi water born hepatitis virus деп атайды. А гепатитпен ерекше қатынастық-тұрмыстық жолмен сирек тарайды. Жанұялық ошақтар тiркелген емес. Бұны HAV-мен салыстырғанда HEV-нiң нәжiстегi концентрациясы аз болатынымен түсiндiруге болады.

Е гепатиті көбінесе 15-40 жастағы адамдарда тiркеледi. Ер адамдар жиiрек ауырады. Бұл ауру кезiндегi өлім-жітім көрсеткiшi жоғары емес. Қытайда болған вирусты Е гепатиттiң iрi эпидемиясы кезiнде (1986 жылы шамамен 120 мың адам ауырды) өлiм көрсеткiшi 0,58% болды. Жүктi әйелдерде ауру ағымы ауыр, жоғары өлiм көрсеткiшiне әкеп соғады. Егер ауру жүктiліктiң екiншi жартысында пайда болса, науқастардың 20% өлдi.

Е гепатитімен ауыру көбiнесе күзде жоғарылайды, күзде жаңбыр көп жауып, iрi өзендер толады. Осыған байланысты жерасты суларының деңгейi жоғарылап, сумен қамтамасыз ету көздерi залалданады.

Е вирусты гепатиттiң эпидемиялық аумақтары Оңтүстiк-Шығыс Азияда, Индияда, Орталық Америкада тiркелген. Аурудың бiрен саран жағдайлары Америка мен Европада да кездеседi.

Патогенезі. Патогенез факторлары А гепатитке ұқсайды. HEV, HAV тәрiздi, цитопатиялық әсер етiп, гепатоциттердiң тiкелей вирусты цитолизiне әкеп соғады. HEV-инфекциясы кезiнде иммунопатологиялық механизмдердiң маңызы үлкен емес. Бiрақ, Е гепатиті кезiнде А гепатитке ұқсас жылдам иммундық жауап дамиды.

Реинфекция болуы мумкiн. А вирусты гепатиттен ерекше, Е вирусты гепатиттен кейiн өмiр бойы сақталатын иммунитет болмауы мүмкiн. Е гепатиті вирусының созылмалы тасымалдаушылығы және аурудың созылмалы түрлерi болмайды.

Е гепатитiнiң басқа гепатиттерден ерекше, жүкті әйелдерде ауыр ағымы және өлiм қаупі патогенездiң шешiлмеген сұрақтарына жатады.

Е гепатиті кезiндегi бауырдың патоморфологиялық өзгерiстерi А гепатитке ұқсас. Некробиоздық процесс нүктелi немесе дақты некроздың дамуымен шектеледi; гепатоциттердiң көбiсi зақымдалмайды. Осыған байланысты ауру көбiнесе жеңiл, сарғаюсыз немесе көмескi түрде өтедi. Е гепатиттiң ауыр және фульминантты түрлерi дамыған кезде (әсiресе, жүкті әйелдерде) бауырдың тараған көпір тәрiздi, субмассивтi немесе массивтi некроз белгiлерi анықталады.

Клиникасы. Е вирусты гепатиті клиникалық көрiнiстерi бойынша А вирусты гепатитке ұқсас.

Инкубациялық кезең 10-60 күн (көбінесе 30-40 күн). Әдетте ауру бiрте-бiрте басталады. Сарғаю алдындағы кезең 1-9 күн. Аурудың негiзгi белгiлерiне әлсiздiк, немқұрайлық, тәбеттiң болмауы, жүрек айну, құсу жатады. Науқастардың көбiсi эпигастрий аумағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауру сезiміне шағымданады. Дене қызуы сирек жоғарылайды әдетте 38º С-ден жоғары емес. Сарғаю кезенiнiң ұзақтығы 1-3 апта. Вирусты А гепатиттен ерекше сарғаю пайда болған кезде интоксикация белгiлерi жоғалмайды.

Е гепатиті көбiнесе жеңiл және орташа ауыр түрде өтiп, сауығумен аяқталады. Бiрақ кейбiр науқастарда (әсiресе, ересек адамдарда) Е гепатиті ауыр және фульминантты түрде өтiп, жедел бауыр жетiспеушiлiгiне әкеледi де өлiммен аяқталады. Е гепатиттiң ауыр ағымына эритроциттер гемолизiнiң нәтижесiнде дамыған гемоглобинурия, содан кейiн дамитын жедел бүйрек жетiспеушiлiгi және диссеминацияланған тамыр iшiлiк қанның ұю синдромы тән. Е гепатиті және созылмалы вирусты В гепатиттiң суперинфекциясы аурудын қолайсыз ағымына әкеледi. Бұл кезде өлiм көрсеткiшi 75-80% құрайды. Одан басқа жүктi әйелдерде (әсiресе III триместрде) жеңiл ағыммен (3,9%) салыстырғанда орташа ауыр (67, 9%) және ауыр (28,2%) түрлерi жиiрек кездеседi.

М.О.Фаворов, Е.С.Кетиладзе, К.А. Мартынованың мәлiметтерi бойынша (1987ж.) Е гепатиті жүктi әйелдердiң 20-25%-де фульминанттi түрде өтiп, жоғары өлiм көрсеткiшiне әкеледi. Жүктiлiктiң II-III триместрiндегi Е гепатитінiң өлiм көрсеткiшi В гепатитімен салыстырғанда 25-30 есе жоғары. Сарғаю пайда болысымен интоксикация белгiлерi бiр күннiн немесе бiрнеше сағат iшiнде күрт күшейедi. Фульминантты гепатиті жүктiлiктiн үзiлуiне (түсiктер, ерте босанау), 1-2 тәулiк iшiнде бауыр-клеткалық команын дамуына, босану кезiнде қан кетуге әкеп соғатын айқын геморрагиялық синдромға, ұрықтың антенатальды өлiмiне акеледi.

Жүктiлiк босанумен аяқталғандада нәрестелердiң жартысынан көбi бiрiншi ай iшiнде өлетiнi туралы айту керек.

Реконвалисценция кезендi 1-2 ай созылып, клиникалық-лабораторлық көрсеткiштер болу қалыптасады.

Диагностикасы және салыстырмалы диагностикасы. Е вирусты гепатиті диагнозы клиникалық және эпидемиологиялық ерекшелiктердiң негiзiнде койылады. ИФА әдiсiмен HEV-ге антиденелер анықталады. Анти-HEV IgM канда аурудын 10-12 күнi пайда болып 1-2 ай сақталады. Содан кейiн, қысқа уакыттан соң анти-HEV IgG қаннан анықталады. Бұл антидененiң анықталуы HEV-мен қатынас болғаны туралы айтады. Инфекциялық процестiң ерте фазасында HEV-РНҚ табылуы мүмкiн.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3981. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия