Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша. Экономика — материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті.
Экономика — материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті. Экономикалық теория—адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурсын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым. Экономикалық категория — экономикалық құбылыстардың маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық заңдар — бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланысы. Абстракция — абстракция терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты ұғымды болмыстан тыс және тек ойда елес ретінде түсіндіреді. Ал нақты нәрсе — бұл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы. Ғылыми абстракция — зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. Иидукция — жекелеген фактілерден жалпыны шығару. Дедукңия — жалпыдан жекеге қарай қозғалу. Анализ — объектіні бөлшектеп зерттеу. Синтез — объектіні жалпы зерттеу. Қажеттіліктер — адамдардың өмір сүруді қолдау және ағзаның дамуы, тұлғаның дамуы өршуі керек, қандай да бір затты қанағаттандыруды талап ететін объективті түрде қажетсінуі. Игілік — өз бойында белгілі бір жағымды мән бар, белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын және адамдардың мүдделері мен мақсаттарына жауап беретін процестің бәрі. Қызметтер — нәтижесінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын адамньң белгілі бір мақсаттағы әрекеті. Ресурстар — тауарлар мен қызметер өндіру кезіндегі адамның шаруашылық әрекеті үшін қажетті, пайдалануға әзірленген игіліктер. Экономикалық саясат — мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі және оның механизмдерін әрекетке келтірудегі қызметі. Позитивті экономика — дерек негізіндегі экономикалық қылық туралы болжамдар. Нормативті экономика — елдің экономика туралы бағалау пікірлері. Өндіріс — бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Жұмыс күші — бұл адамның дене және рухани кабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданылады. Еңбек заты — болашақ тауардың материалдық негізін құрайтын және еңбек процесінде адамдар әсер ететін заттар. Еңбек құрал-саймандары — қажетті игіліктерге адамдардың әсер ету заттары бұл әр түрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер. Өндіргіш күштер — бұл өндіріс құрал - жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Мұқтаждықтар — бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Капитал — бұл машина, құрал - жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары. Кәсіпкерлік қабілеттілік — арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталылықгы, төзімділікті және тәуекелділікті көрсетеді. Өндірістік мүмкіндіктерінің қисық сызығы — ресурстардың толық пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсетеді. Қоғамдық ұдайы өндіріс — қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесс. Жай ұдайы өндіріс — бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымда кайталануы, сондықтан да алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады. Кеңейтілген ұдайы өндіріс — бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процесі ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады. Экстенсивті — өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын көбейту нәтижесінде ұлғайту. Аралас — өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын ұлғайту және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту Интенсивті — техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістік әулетті ұлғайту. Меншік — бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Меншік құқығы — белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы. Табыс — меншіктің экономикалық қасиеті. Меншік субъекті — меншік қатынастарының белсенді жағы, меншік объектіне иемдену құқығын білдіреді. Жеке меншік — бір тұлғаның қолында шоғырланған меншік құқықтары. Ұжымдық меншік — жеке меншік құқықтары бар, біріккен топтар меншігі. Жылжымайтын мүлік — жер телімі, ғимараттар, жылжытуға келмейтін объектілер. Меншік объекті — меншік қатынастарының пассивті жағын сипаттайды. Жылжитын мүлік — транспорт құралдары, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқық. Интеллектуалды меншік — рухани, ойлау әрекетінің нәтижелері. Жекешелендіру — меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру.
Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша
|