Студопедия — Науқастарды тексеру үлгісі. І. Құжаттық мәліметтері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Науқастарды тексеру үлгісі. І. Құжаттық мәліметтері






1. Аты жөні 2. Жынысы

3. Жасы 4. Мамандығы

5. Жұмыс орны 6. Тұратын жері

7. Білімі 8. Ауруханаға түскен уақыты

9. Курация жасау уақыты

ІІ. Аурудың шағымдары. Шағымдары (негізгі, қосымша) сипаттама беру

ІІІ. Аурудың даму тарихы (Anamnesis morbi)

1. Аурудың дамуы

2. Алғашқы симптомдары оның әрі қарай дамуы

3. Аурудың қозуы, бәсеңдеуі ұзақтылығы

4. Тексеру қорытындысы

5. Емдеу шаралары оның нәтижелері

6. Ауруханаға жеткізу себептері

7. Курация жүргізгеннен бастап денсаулығының өзгеруі

IV. Науқастың өмір баяны (Anamnesis vitae)

Жалпы биографиялық мәліметтер

1. Қай жанұяда туған 2. Дамуындағы ауытқуы

3. Мектептегі оқуы 4. Мамандық оқуы

5. Жұмыс әрекетінің басталуы, оның әрі қарай, жалғасуы

6. Мамандық жағымсыз факторлары 7. Жұмыс жағдайы

8. Тұрмыстық жағдай 9. Эпидемиологиялық анамнез (гепагит, түберкүлез ЖИТС т.б.) 10.Аллергологиялық анамнез

11.Гинекологиялық анамнез 12.Тұқым қуалаушылық

V. Тікелей объективтік тексеріс

А. Пациентті жалпы қарау бірізділігі

- жалпы жағдайын бағалау: қанағаттандырылықтай, орташа, ауыр.

- сана сезіміне баға беру: ашық, бұлыңғыр, сопор, ступор, кома.

- төсектегі жағдайын анықтау (белсенді, енжарлық, ыңғайлы)

- салмағын, бойын анықтау

- дене құрлысына баға беру (нормостеникалық, астеникалық, гиперстеникалық)

- термометрия жүргізу

Б. Науқастардың жүйесі бойынша қарау бірізділігі

- теріні, көрнекті шырышты қабаттарына бағалау

- тырықтарды, бөртпелерді, қансырауларды жараларды белгілеу

- терісінің түсіне баға беру: (бозару, сарғаю, цианоз: акроцианоз, диффузды)

- терінің дымқылдығы

- шашының сипаттауын бағалау

- тырнағына баға беру

- тері астындағы майлы қабатына баға беру

- ісіктердің дамуы, оның дәрежесі

- лимфабездерін бағалау

- бұлшық ет жүйесіне баға беру (тонусы, күші, ауырсынуы)

- сүйек буын жүйесін бағалау

VІ. Пальпация (сипалау)

VІІ. Перкуссия (соққылау)

VІІІ. Аускультация (тыңдау)

ІХ. Лабораториялық тексеріс

Х. Аспаптық тексеріс

Ішкі мүшелерді құрал –жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері

Тыныс алу мүшелері

1.Рентгеноскопия 5. Компьютерлік томография

2.Рентгенография 6. Сыртқы демнің қызметін тексеру

3.Томография 7. Бронхоскопия

4.Флюрография 8. Бронхография

Жүрек қан – тамыр жүйесі

1.Рентгеноскопия 5. Электрокардиография

2.Рентгенография 6. Фонокардиография

3.Ангиокардиография 7. Ультрадыбыс тексерісі

4.Жүрек қуыстарын сүңгілеу

Ас қорыту мүшелері

1. Рентгеноскопия 5. Эндоскопия

2. Рентгенография 6. Ультрадыбыс тексерісі

3. Ирригоскопия 7. Бауырды сканерлеу

4. Холецистография 8. Биоптат алу

Зәр шығару мүшелері

1.Рентгенография 4.Ультрадыбыс тексерісі

2.Урография 5. Бүйректі сканерлеу

3.Цистоскопия 6. Компьютерлік томография

Ішкі сөлденіс бездері

1.Қалқанша безін сканерлеу 2.Бас сүйектің рентгенографиясы

3.Қалқанша безді ультрадыбыспен тексеру

Тыныс алу жүйесімен ауырған науқастарды сұрастыру. Кеуде қуысын қарау және пальпациялау. Перкуссия әдісінің даму тарихы. Перкуссияның физикалық негізделуі. Перкуссия техникасы мен әдісі. Өкпенің салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы. Диагностикалық маңызы.

Тыныс алу мүшелеріне жатады: мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек, кеңірдекше тарамдары, өкпе. Өкпе өз алдына екіге бөлінеді: оң және сол жақ өкпе. Оң жақ өкпе 3 бөліктен тұрады: жоғарғы, ортаңғы, төменгі. Сол жақ өкпе 2 бөліктен тұрады: жоғарғы, төменгі. Өкпе кеуде қуысында орналасқан. Өкпенің төменгі бөліктері диафрагмамен тиіседі, ол кеудемен іш қуыстарын бөліп тұрады. Ауа мұрын жолдары арқылы кеңірдекке, одан оң жақ, сол жақ кеңірдекше тарамдарына (бронхыларға), одан әрі өкпе бөліктеріне кіреді. Кеңірдек тарамдары кішкентай бұтақтардан тұрады, оны “бронхиол” дейді, олар ары қарай өкпеге өткенде өкпе көпіршігіне (альвеоларға) айналады. Альвеоларға кірген ауа өкпені желдендіріп созады, онда газ алмасуы пайда болады. Ауамен кірген оттегі капилярға өтіп, эритроцидпен қосылып, ұлпаларды қамтиды. Кеудеге ауа кіргенде кеуде бұлшық еттері созылып, диафрагма жиырылып, кеуде қуысы кеңейеді. Адам бір дем алғанда 700 мл 3 ауа жұтады. Ал ауа шыққанда кеуде қуысы тарылады. Қалыпты түрде адам минутына 16 – 20 рет дем алады. Ал жүгіргенде, қатты қимылда дем алуы жиіленеді. Тыныс жолдарының дем алуын реттейтін сопақша ми. Ауаны өткізетін тыныс жолдары ауаны жылытып, шаңнан тазартып, дымқылдатады.

Тыныс алу мүшелерінің қорғаныш қызыметіне жатады: жұтқыншақтың жабылып тұруы, жөтел рефлексі, бронхтың ішкі сілекейлі қабатында секреторлы иммуноглабулиннің білінуі, альвеолардық макрофагтардың фагоцитарлы белсенділігі. Олардың қызметі жүйкелермен, бронхиол артерияларымен қамтамасыз етіледі.

Өкпе – ағзаның негізгі мүшесі. Ол ағзадағы қан айналыс жолдары-мен тығыз байланысты болып келеді. Оны қамтамасыз етіп отыратын өкпе артериясы. Сол себептен өкпе сырқатында тек ұлпа ғана зақымданбайды, оның қан тамырларындағы қанның алмасуы да бұзылуы мүмкін. Сондықтан мұндай өзгерістерді өкпе – жүрек жеткіліксіздігі деп атайды.

Негізгі белгілері Тыныс алу мүшелерінің ауруларының көптігіне қарамай, олардың белгілері бір – біріне ұқсас болып келеді. Бұл белгілерге жөтел, қақырықтың бөлінуі, қақырықты тастауы, қан түкіру, демікпе, кеуде қуысының ауырсынуы жатады. Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, бастың ауруы аурудың жалпы белгілеріне жатады.

Жөтел. Тыныс алу мүшелерінің ең негізгі белгілерінің бірі, бірақ дені сау адамдарда да кездесуі мүмкін. Бұл рефлекторлық қорғаныш актісі. Тыныс жолдарына бөгде зат түскенде ағза рефлекторлық түрде оны жөтелі арқылы сыртқа шығаруға тырысады. Кеңірдек, кеңірдекшелердің (бронхтардың) сілекей қабаттары қабынғанда импульстер сопақша мидың дем алудағы орталығына келіп түседі де оны қимыл жүйкесіне жібереді. Жөтелде өкпедегі бөгде заттар ауамен бірге ауыз арқылы күшпен сыртқа шығарылады. Жағымсыз мәнбірлердің әсерінен тыныс алу жолдарына сілекей жиналып, жөтел туғызады. Егер сілекей аз бөлінсе, онда құрғақ жөтел пайда болады. Жөтелдің сипаталуы сырқатқа байланысты әртүрлі болады. Сирек, күшті, жиі, ұстамалы және т.б. түрлері болады. Бір науқаста жөтел өзгеріп отыруы мүмкін. Туберкулездің бастапқы кезеңінде жөтел сирек және науқасқа білінбейді. Бара – бара жөтел күшейіп, науқасты мазалайды. Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларында жөтел дөрекі шығады.

Қақырық;. Тыныс жолдарының сілекей қабығының жемісі. Қақырықтың мінездемесіне қарап қабыну дәрісінің тереңдігін анықтауға мүмкіншілік туғызады. Қақырық сілекейлі, сілекейлі - іріңді, іріңді болады. Сілекейлі қақырық жылтыр, кейде ақ түсті болады. Шаң тозаңнан қақырық қара түсті болуы мүмкін. Ондай қақырық темекі шеккеннен немесе ұзақ уақыт шаң тозаңда жұмыс істеген адамдарда кездеседі. Сілекейлі - іріңді қақырық өкпе ауруларының асқынуларында білінеді. Крупты өкпе қабы-нуының бастапқы кезеңінде қақырық тоттанған болып білінеді. Көбінесе қақырықтың иісі әлсіз және ара қашықтықта сезілмейді. Егер қақырықтың иісі жағымсыз болса, онда өкпенің іріңді ауруы деп ойлауға болады.

Қан түкіру. Өкпе ауруларының маңызды белгісі болып табылады. Қанды түкіру өкпе туберкулезінде, өкпе қатерлі ісігінде және өкпе іріңді ауруларында байқалады. Қақырықпен түскен қанның түсі ашық – қызыл, көпіршікті, иіссіз және жөтел мен шығып отырады.

Демікпе. Демікпе дегеніміз – демнің тереңдігінің, жиілігінің және ырғақтылығының бұзылуы. Тыныс алу жолдарының ауруларында ентігу экспираторлық (ауаның сырқа шығуының қиындауы) түрде білінеді. Сырқатқа байланысты кеңірдекше тарамдары тарылған жағдайда ауаның ішке кіруі қиындап, демі шулы, ысқырықты болып келеді. Науқастарда жиі аралас түрлердегі ентігу кездеседі.

Кеуде қуысының ауырсынуы. Бронхыларда және өкпе тінінде сезу рецепторлары болмайды, сол себептен кеуде қуысының ауырсынуы басқа мәмбірлердің әсерінен туады. Негізінде ауырсыну дем алғанда, жөтелгенде білінеді. Кеуде қуысының ауырсынуы қабырға аралық бұлшық еттер және қабырға аралық жүйкелер қабынғанда сезіледі.

Уыттану белгілері. Тыныс алу мүшелерінің ауруларында осылармен бірге жиі дене қызуының көтерілуі, түнгі кездегі терлегіштік, әлсіздік, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі кездеседі. Бұл шағымдар ағзаның уыттанудың себебіне болғандықтан.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 9440. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия