Функциональды зерттеуге
а) спирометрия б) спирографня в) пневмотахометрия г) пневмоталография д) оксигемометрия е) оксигемография ж) капнография,т. б. Рентгенологиялық зерттеу Адам денесі арқылы рентген сәулелері өткеннен экранда пайда болатын бейнені байқайтын тәсіл рентгеноскопия деп аталады. Рентген сәулелері түскеннен пайда болатын бейнені фотографияға түсіру тәсілі рентгенография деп аталады. Ренттеноскопия және рентгенографиялық зерттеулердің көмегімен анықтай алатын тыныс алу мүшелерінің ауруларына жататындар: 1. өкпеде тығыздалған түйінде пайда болуы а) пневмония б) түберкүлез в) қатерлі ісік т. б. 2. өкпе ауасының көбеюі (өкпе эмфиземасы) 3. өкпеде ауалы қуыстар барлығы (өкпе іріңдігі, түберкүлез кавернасы) 4. өкпе дәнекер тканінің өсіп дамуы (пневмосклероз) 5. плевра қуысында сұйықтық не ауа жиналу 6. өкпедегі бөтен денелер (ақ, т. б). 7. өкпе тамырлары қабырғаларының тығыздалуы және калыңдалуы (өкпе артериясының склерозы) Флюорография. Кеуде мүшелерінің рентгендік бейнесін кішкене фотосурет етіп түсіруді флюорография дейді. Бұл тәсіл қыска уақытта көптеген адамды тексеріп шығуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан ол профилактикалык тексерулер кезінде қолданылады. Бронхография - бронхтың ішінде рентген сәулелері өтпейтін заттар жіберіп, бронх тарамдарының (бронх бұтасының) ренттендік суретін түсіру. Ол: 1. бронхтың қисаюын: 2. бронхоэктаздарды (бронхтың кеңеюі); 3. бронх өзегінің тарылуын табуға көмектеседі. Томография - кеуде бетінен әр түрлі қашықтықтағы өкпенің рентген бейнесін суретке түсіру. Өкпе ішінде терең жатқан құрамдарды табуға мүмкіндік туғызады (өкпенің ісігі т.б.) Эндоскопиялық методтар Трахеобронхоскопия. Трахея мен бронхтың ішікі бетін әдейі құрал бронхоскоп пен қарауды трахеобромхоскопия дейді. Бұл тәсіл трахея және бронх ішіндегі әртүрлі патологияық процесстердің (қабыну, бронх ісігі т. б.) диагнозын қоюға көмектеседі. Бронхоскоп көмегімен бронх және трахеяның, кілегей қабығының биопсиясын (кішкене тілімді гистологиялық тексеруге алу) жасайды. Торакоскопия - тракоскоп көмегімен плевра қуысын қарау. Тракоскопия плевра ауруларын анықтау үшін колданылады. Функциональды методтар Спирометрия —спирометр көмегімен өкпе көлемдерін өлшеу. Спирография - тыныс көлемдерін және өкпе желденуі көрсеткіштерін сызық түрінде жазу. Спирометрия және спирография көмегімен анықталатын көрсеткіштер: 1.Тыныстық көлем - қалыпты жағдайда демді ішке алғанда, не сыртқа шығарғандағы ауаның көлемі. Орташа есеппен 500 см3 шамасында. 2.Қосымша көлем(тынысты ішке алудың қосымшарезерві)демдіқалыптыалға-ннан кейін, тағы да ішке тартуға болатын ауаның көлемі. Шамамен 1500 см3 3. Резервтік көлем (тынысты сыртқа шығарудың қосымша резерві) - демді қалыпты шығарғаннан кейін, тағы да іштен шығаруға болатын ауаның көлемі. Шамамен 150см5 4. Қалдық ауа (қалдық көлем) - ауаны өкпеден максимальды (барынша) шығарғаннан кейін өкпеде қалатын ауаның көлемі. Шамамен 1000 см3. 5. Тыныстық ауа, қосымша және резервтік көлемдерді қосындысы өкпенің тіршіліктік сиымдылығы (ӨТС) деп аталады. Ауру адамдағы анықталған ӨТС-ті тиісті ӨТС-н салыстырады. Қалыпты жағдайда бұл екі көрсеткіштің айырмашылығы ұ 15% - тен артық болмауы керек. ӨТС-тің өзгерісі өкпенің, жазылғыштығын сипаттайды. Сондықтан оның мөлшері өкпе кеңуіне кедергі туғанда азаяды: 1) өкпе эмфиземасы 2) пневмосклероз 3) пневмоторакс 4) гидроторакс 5) Іш қуысы қысымының көбеюі т.б. ӨТС бронх өткізгіштігінің азаюына да тән, бірақ бұл жағдайда да оның кемуі онша елерліктей емес. 6) Вотчал – Тиффно индексі. Ол индексті есептеп шығару үшін спирография тәсілімен 1 секундта тездетіп сыртқа шығарған ауаның (ТСША) көлемін анықтау керек.Пациентпен белгіленген ТСША-ның ӨТС-на қатынасы (ТСША ӨТС 100%) Вотчал-Тиффно индексі деп аталады. Бұл көрсеткіштің мөлшері негізінен бронх өзегінің өткізгіштігін сипаттайды. Қалыпты жағдайда Вотчал - Тиффно индексі 70%-тен төмен болуы керек. Пневмотахомстрия. Демнің көлемдік жылдамдығын өлшеуді пневмотахо-метрия деп аталады. Демді сыртқа шығарудың көлемдік жылдамдығы еркек-терде 5 - 8 л/с, әйелдерде 4 - 6 л/с шамасында болады. Демді ішке алудың мөлшері аздау болады. Демді ішке алу мен іштен шығарудың өзара қатынасы = 1: 1,2 болады. Пневмотахография тәсілімен өкпенің жазылғыштығын, эластикасыз (серпінділіксіз) кедергісін, демді жай және тездетіп алғандағы ауа толқынының көлемді жылдамдығын қағазға жазады. Пневмотахометрия және пневмотахография тәсілімен бронх өзегінің өткізгіштігін анықтайды. Бронх өзегі өткізгіштігінің төмендеуі бронхитқа, тыныс демікпесіне, бронхтың сырттан қысылуына тән. Оксигематрия және оксигсмография методтарымен қанның оттегімен қанығуын тексереді. Қалыпты жағдайда артерия қанының оттегімен қанығуы - 95% - ке, ал венар қанының қанығуы 60—70%-ке тән. Лабораториялық әдістермен зерттеу Қақырықты зерттеу. Тексеруге ертеңгі қақырықты алу керек. Қақырыққа сілекейді араластырмай алу керек. Егер қақырык аз болса, оны бірнеше сағат не бірнеше тәулік бойында жинаған жөн.Қақырықты макроскопиялық және микроскопиялық жолмен тексереді.Макроскопиялық тексеру кезінде қақырықтың, көлемін, түсін, иісін және түрін анықтайды. Қақырықтың бұл өзгерістерінің клиникалық маңызы туралы жоғарыда айтылды. Қақырықты микроскопия жолымен қарау үшін қақырықтың екі түрлі (боялған және боялмаған) препаратын дайындайды. Боялған препаратты бактериологиялық тексер үшін қолданады. Жоғарыда көрсеткендей, қақырық тастау тек ауру жағдайда гана болады. Қақырықта жиі кездесетін элементтер: 1. Қақырықта лейкоциттердің, оның ішінде нейтрофия лейкоцитінің көбеюі, қақырықтың іріңді түрін көрсетеді. Тыныс демікпесінің ұстамалы кезінде бөлінген қақырықта эозинофия болады. 2. Қырықта эритроциттің көбеюі қан түкіруге тән. 3. Қақырықта эластикалық талшықтардың табылуы өкпе тканінің талқандалып бұзылуына тән (өкпе түберкүлезі абсцессі және гангренасы). 4. Шарко-Лейден кристаллдары - түссіз, сүйір бұрышты жалтыраған ромбтар. Эозинофил талқан болғанда, оның заттарынан пайда болады. Тыныс демікпесінде кездеседі. 5. Куршман спиралі (серіппелі) - муциннен тұратын, ұзындығы 1-2 см. спираль. Бронхиолада пайда болады. Бронхиоладағы муцин бронхиола түйіліп қалғанда, соның түрін қабылдап, шиыршықталады. Кейін бронхиола кеңігенде қақырықпен бөлінеді. Куршман спиралі тыныс демікпесінде кездеседі. 6. Өкпенің қатерлі ісігінде қақырықта «ісік клеткалары» пайда болады. 7. Құрамында қан пигменті гемосидерин бар (протоплазмада қоңыр-сары түйіршектер) альвеолалық эпителийді жүрек ақауының клеткалары деп атайды. Себебі олар жүректің митральды ақауларында қанның өкпеде іркілуіне байланысты пайда болады. 8. Эхинококкте қақырықта эхинококктің хитин қабығы мен ширатылмасы табылады. Бактериоскопиялық тексеруде қақырықты екі жолмен Циль-Нильсен және Грамм тәсілдерімен бояйды. Өкпе ауруларына себеп болатын негізгі патогендік микробтар: пневмококк, стрептококк, стофилакокк, Фридлендер диплобацилласы, Пфейффер бациласы, туберкулез микобактериялары, саңырауқұлақтар және т.б. Өкпе ауруларыньң диагиозын қоюда қанның жалпы клиникалық анализінің да маңызы зор. Д иагностикалық манипуляциялар Плевра пункциясы деп плевра қуысында сұйықтық бар жоқтығын анықтау үшін, ол сұйықтық түрін (транссудат не экссудат) анықтау үшін және ем жасау үшін плевра қуысын тесуді айтады. Плевра пункциясының техникасы. Алдын ала жауырын не артқы қолтық сызықтары бойынша нағыз тынық дыбыс бар жерді анықтайды. Дәрігер қолын тазалағаннан кейін (иод және спирт), тесетін жердің терісін тазалайды (спирт, иод). Одан кейін қабырғасын жансыздандырады. Пункцияны алдын ала стрелизациядан өткен ине және шприцпен жасайды. Ол үшін ұзындығы 8—10 см, көлденең қимасы 1 мм ине және 20 грамдық шприц қолданылады. Әдетте пункцияны 8-ші не 9-шы қабырға аралығында төменгі жатқан қабырғаның жоғары шетін ала жасайды. Ине қабырға аралық тканьдарды өткенде кедергі кездестіреді, одан кейін иненің бос кеңістікке тән болғаны сезіледі. Алынған сұйықтықтың түрін анықтау үшін оның тығыздық салмағын, құрамындағы белоктің мөлшерін, Ривальт реакциясын анықтап және пунктат тұнбасын микроскопия жасау керек. Плевра қуысынан алынған әр түрлі сұйықтықтардың ерекшеліктері:
|