Студопедия — Инвестициялық қызметтің мәні, принциптері және тиімділігі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Инвестициялық қызметтің мәні, принциптері және тиімділігі






Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелілік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.

Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 2003 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін иеленді. [4]

Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды келтіруге, тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Жеке инвесторлар мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар. Олар тауарларды және қызмет көрсетуді сұраныстармен ұштастыра отырып арттыруға, өндірістің түрлі жобаларымен нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан да, жеке инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай отырып, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда, салық салу, несие беру, кедендік пошлиндар жағынан едәуір жеңілдіктер беруге тиіс.

Қазақстан үкіметі 1996 жылы 1996 – 1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға қаржылық секторды, құқықтық реформаны, мұнай және газ өнеркәсібін, су ресурстарын, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығын, құрылысты, коммуналдық шаруашылықты, шағын және орта бизнесті қолдауды дамытудың жобалары енгізілді. Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестицияларымен (қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім. Қазіргі кезде республикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске және меншік инвестицияларды уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрмен қатысуы мен олар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз. [5]

Инвестициялық процесті дамытуда әлемдік экономика қарамағында олардың міндет бағыты, функциясы негізінде байланысты. әлемде сегіз типтес банк мекемелері бар. Олар инвестициялық процестің ең басты негізі болып келеді. Атап айтсақ:

1) Имиссия банктері, яғни, ынталы оперативтік активті жұмыс істейтін мемлекетке және коммерциялық банктерге қаржы қаржыландыру қабілеті бар банк болып келеді. Ол банк банкнот шығарады немесе валюта, акция шығарады және мемлекеттік құнды қағаздарды сатады. Осыған байланысты қабілеті бар банк болып келеді.

2) Коммерциялық банктер, олардың бәрі демек акционерлік қоғам ретінде құрылады, және жабық немесе ашық акционерлік қоғам банкісі ретінде қызмет істейді. Олардың негізгі міндеті мен функциясы ақша қорын жинау, барлық мекемелер бойынша ақша қорын қалыптастыру. Олармен көптеген түрлі операциялық жұмыс жасау. Осы кешенді жұмыстардың толық түрлерін тікелей ақшалай ағым негізінде барлық қызмет түрін орындау.

3) Инвестициялық банктер олардың басты міндеттеме қызметтері – акцияларды тарату және түрлі қаржы, қаржыландыру операциясында қосымша жұмыс істеу. Сонымен қатар, түрлі банк несиелерін ұсыну жұмыстарын орындау.

4) Клиринг банкісі, оның басты жұмыс бағыты құжат негізінде түрлі есеп жасап, есептеу банкаралық, осындай есепті орындау вексельдік жұмыстарды орындап басқа банктерге құжат арқылы қатынас жасау жұмыстарын орындау.

5) Инвестициялық компаниялар, олар ең көлемді, оның жұмысы басқа банктерден не болмаса басқа компаниялардан облигация, акциялар сатып алу тікелей өзінің акцияларымен халыққа сауда жасау осы банктің негізгі қызметінің негізгі бағыты болып келеді.

6) Жинақтау кассілері немесе банкі, олардың негізгі мақсаты, қызметі банкі операцияларының барлық түрін орындау, халықтық ақша жинақтау, халыққа ақшалай қызмет ету.

7) Қамсыздандыру компанияларының негізгі қызметтері: қамсыздандыру, банктік депозиттер,көп жылдық қаржы қаржыландыру жұмыстарын орындау, қаржы беру, жеке меншіктегі облигациялар сатып алу, барлық фирмалар түрін немесе халық ақша қорынан ынталандыру қорын жинақтау.

8) Зейнет ақы қоры: қаржы, ақша ұсыну акциялар мен облигацияларды сатып алу, халықтың жинақтаған ақшасын және фирманың ақша қорынан зейнетақы қорын қалыптастыру. [6]

Осы дәуірде әлемдік экономиканың дамуы әрбір ұлттық экономиканың дамуымен тікелей байланысты болса, онда әрбір елдің әлемдік деңгейде әлемдік интеграция негізінде күрделі қаржыны пайдалану, жалпы инвестициялық процесті дамытумен тікелей байланысты болып келеді. Жалпы алғанда ұлттық және әлемдік капитал әр түрлі салаға салалық негізде байланысты жүргізіледі. Оның негізі ақша, қаржы – қаражат яғни, банкі капиталы өндірістік капиталымен салыстырмалы негізде болады. Ең бірінші өнеркәсіп капиталы, сауда капиталы болып құралып, капиталдың жаңа формасы қалыптасып жалпы алғанда әлемдік қаржы капиталы болады. Қорытындылап айтқанда, инвестициялық процестің әлемдік күрделі қаржы пайдалану функциялары ол көптеген миллиондаған мемлекет тұрғыдан ең жоғары аса күрделі және кең дүниелі қаржыландыруда, қаржы пайдалануда басқару немесе менеджерлік жұмысты орындау болып келеді. Оны революциялық басқару деп атайды. Ең басты проблема, ол өндірістік және банкілік капиталды шоғырландыру болады. Ол:

1) Өнеркәсіптік монополия, яғни алуан көлемді тауарлардың түрлерін шығару;

2) Рантье қабатын дамыту, яғни өз капиталыңды басқалардың капиталы арқылы дамытып көбейту;

3) Халықтың табыс – кірісін дамыту;

4) Қаржыландыру істерін әлемдік деңгейде пайдалану және банкирлер бәсекесін пайдалану;

5) Капиталдың, ақшаның өтімді болуы, әлемде жүру, жүргізу, негізгі және оның ықшамды, ұтымды деңгейде болуы.

Мемлекеттің жұмысы экономикаға инвесторлар тарту үшін тиісті заңнама және нормативті жағдай жасау. Белгілі болып отырғанындай, қазіргі экономикада тұрақтылықтың (монетарлық, валюталық) бірнеше сипаттамасы бар, бірақ, егер мемлекет салық жинай алмаса, онда қалғандарының бәрінде де ешқандай мән жоқ. [7]

Инвестицияны тартпақ болған елде қауіп – қатер қаншалықты жоғары болса, шетелдік инвестициялар соншалықты аз болады.

Заңнама базасы мықты болуы керек. Шетелдік инвестиция туралы Заңның мақсаты – қауіп – қатерді мейлінше азайту:

- салық салу шарты инвестиция үшін қолайлы болуға тиіс;

- халықаралық стандарттарға сәйкес валюталық реттеу;

- тікелей еріксіз алу қорқынышын тудырмау: қандай да бір кәсіпорынды, материалдық мүліктерді мемлекет арқылы үрейлендірмеу, өтем туралы заң болуға тиіс;

- беретін және алатын елдер арасында өзара қарым – қатынас жасасу;

- халықаралық және ұлттық заңдар арасындағы қатты айырмашылықтың болмауы қауіп – қатерді азайтады.

Мемлекеттік салық заңнамасының көптеген ережелері капитал жинау процесіне ықпал жасайды. Заң шығарушылар кейде инвестициялық сұранымның өзгерісін тудыру үшін және тұтас сұранымға әсер ету мақсатында ол ережелерді ауыстырып отырады. Инвестицияларды жүзеге асыруды ынталандыру барысында салық ықпалы көп түрлі болады. [8]







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 1767. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия