Басқарушы p-n өткелі бар өрістік транзистор
Мұндай транзисторлардың бірнеше түрі бар. Транзистордағы өткізуші арна тиектен, кері бағытта ығысқан p-n өткелдермен, оқшауланған. Құйма және бастау электродтары арасындағы арна бойынша негізгі тасушылардың тогы ағады.Бастау (Б) деп арнадағы негізгі заряд тасушылардың қозғалысы басталатын электродты атайды. Заряд тасушылар жиналатын (құйылатын) электрод құйма (Қ) деп аталады. Басқарушы кернеу үшінші электрод – тиекке (Т) беріледі. Мұндай транзистордың құрылымы кернеу беру сұлбасымен және токтардың бағытымен 6.1-суретте бейнеленген. а) егер б) егер Арнаның қимасы бастаудан құймаға қарай тарылады.
Транзистордың негізгі сипаттамалары Uқб = const болғандағы құйма тиектік Iқ = f(Uтб) (сурет 6.3,а) және Uтб = const болғандағы құймалық немесе шығыс сипаттамалары Iқ = f(Uқб) (сурет 6.3,б). Шығыс сипаттамаларды екі облысқа бөлуге болады: I-облыс токтың күрт өзгеруі (сипаттаманың сызықты омдық бөлігі) және қанығу режиміне сәйкес келетін П облысы (бейсызықты жазық, жұмыстық бөлік). Аз Uқб кезінде жабушы қабаттың кеңеюі мардымсыз. Uқб артқан кезде құйма тогы Ом заңы бойынша өседі, динамикалық тепе-теңдік туындайды: құйма тогының артуы р - п өткелдегі кернеудің түсуіне және құйма тогын азайтатын, арнаның тарылуына әкеледі.
|