Студопедия — Тақырыптық күнтізбе жоспары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырыптық күнтізбе жоспары






 

Пәні: Өзін –өзі тану

Сыныбы: 3 «б»

 

 

Пән мұғалімі: Ералина Р.Т.

 

 

Апталық жүктеме: 1

 

Барлық сабақ саны: 34

 

 

Жоспарды құрғанда негізге алынды:

 

Бұйрық №71, 18 ақпан 2010 жыл

 

Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық Өзін – өзі тану Алматы «Бөбек» 2010

 

Авторлары: Т. Оралбекова, Қ. Дүйсебаева

 

Қосымша әдебиеттер: Өзін – өзі тану мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал А.С Сейтақов, Ұ Әбдіғапбарова

 

 

Тақырыптық күнтізбе жоспарын жасаған:

 

Ералина Р.Т. ____________

(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

Өзін-өзі тану пәні бойынша күнтізбекті жоспар

Барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағат

р\с Сабақтың тақырыбы Сағ саны Өтетін мерзімі Сабақтың мазмұны
І тарау. Өзін – өзі тану бақыты
  Өзін – өзі тану белестері     Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде 2-сыныпта өзін-өзі тану сабақтарынан алған білік,білімдерді жинақтап қорытындылау. 3-сыныпта меңгеретін құндылықтармен адамгершілік қасиеттер туралы жалпы түсінік. Өзің,өзгелерді адамгершілік құндылықтарды танып білуге қызығушылығын ояту.
  Өмірді танып білуге құштарлық     «Өмір» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәні. Өмірді тану, өмірді танып білуге қызығушылықтар.
  Білім – ақиқат бастауы     «Білім» құндылығы туралы түсінік. Білімнің адам өміріндегі маңыздылығы, білімге, оқуға қызығушылық.
  Менің сүйікті ісім     «Еңбек» құндылығы мен еңбек сүйгіштік адами қасиеттері туралы түсінік. Сұйікті іс туралы түсінік, еңбек ету іскерліктері.
  Қиял арманға жетелейді     Жақсы ниетпен армандай білуге баулу. Қиял, арман туралы түсінік.
  Бабалар сөзі- даналық көзі     «Даналық» құндылығы туралы түсінік. Даналық, ақылдылық туралы ұғымдар, ойлау іскерліктері, ата-баба даналығы.
  Бірлігі жарсқан халықпыз     «Достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсінік. Халықтар достығы, жарстығы, бірлігі туралы түсініктері, өзара сыйластық қарым-қатынастары
  Отан сүйген ұланбыз     «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсінік. Отанға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімдері. Отаның сүю, мақтан тұту,құрметтеу
ІІ тарау. Адами қарым – қатынасқа үйренейік
  Ризашылық пен алғыс     «Сыйластық» құндылығы туралы түсінік. Ризашылық пен алғыс туралы түсінік., үлкен-кішіге деген сүйіспеншілік, сыпайылық қарым-қатынас.
  Өзіңді де, өзгені де аяла     «Махаббат», «сыйластық» құндылықтары туралы түсінік. Өзіңді, өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығы,өзіне,өзгелерге аялы, сыйлы қарым-қатынастар.
  Шаңырақ жарастығы     «Махаббат», «сыйластық» құндылықтары туралы түсінік. Шаңырақ жарсатығы, сыйластығы туралы түсінік.
  Сіз деген – әдеп, біз деген – көмек.     «қамқорлық», «сыйластық» құндылықтары туралы түсінік. Өзара сыйластық қарым-қатынасының адам өміріндегі мәні.
  Ойнай білу де –өнер     «достық», «сыйластық» құндылықтары туралы түсінік. Шыдамдылық, сабырлылық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығы.
  Ұл бала мен қыз бала     «Достық» құндылығы туралы түсінік. Татулық пен достықтың адам өміріндегі маңыздылығы, өзара көмек, жолдастық, сыйластық қарым-қатынастары
15-16 Дос болайық бәріміз     «Достық» құндылығы туралы түсінік. Татулық пен достықтың адам өміріндегі маңыздылығы,өзара көмек, жолдастық, сыйластық қарым-қатынастары
ІІІ тарау. Адам болам десеңіз...
  Жылы жүрек – жақсы тілек     «Мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсінік. Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктер, қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктері
  Ұқыпты бала –әдепті бала     Әдептілік, сыпайылылық адами қасиеттер туралы түсініктер. Ұқыптылық, жинақылық туралы түсінік.
  Өнерлі бала сүйкімді     «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығы.
  Ақыл – жастан, асыл - тастан     «Даналық» құндылығы туралы түсінік. Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы.
  Еңбектің наны тәтті     «Еңбек» құндылығы туралы түсінік. Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы
  Мақтану мақтаншақтық емес     Кішіпейілділік, қарапайымдылық сияқты адами қасиеттер туралы түсінік. Мақтану, мақтау мақтаншақ болмау туралы қасиеттер, жағаымды, жағымсыз қылықтарды ажырата білу.
  Мейірімділік – асыл қасиет     «Мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктер. Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығы, өзара сыйластық қарым-қатынастар.
  Жаным толған жақсылық     «Жақсылық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктер. Жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығы, жақсылық жасай білу іскерліктері.
ІҮ тарау. Әсемдік әлемінде
25\ Туған жер ғажаптары     «Отан», «туған жер» құндылықтары туралы түсініктер. Туған жер, туған елдің адам өміріндегі маңыздылығы, туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктері.
27\ Табиғат сыйы     «Табиғат» құндылықтары туралы түсінік. Табиғат пен адам үйлесімділігі.  
  Жаны саудың тәні сау     «Табиғат», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктер. Табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам өміріндегі маңыздылығы, табиғатқа қамқор болк білу іскерліктері.
  Денсаулық – зор байлық     «Денсаулық» құндылықтары туралы түсінік. Денсаулық пен жан саулығының адам өміріндегі маңызы., денсаулығын сақтай білу іскерліктері.
31-32 Өзін –өзі танудан үйренгенім     Рухани –адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер туралы түсніктер. «Өзін –өзі тану» пәнінен 3-сынып бойынша алған білімдерін жинақтау
33-34 Қорытынды сабақ     Өзін –өзі бағалау, тапсырмаларды орындау, әңгімелесу, жағдаяттарды шешу және т.б.

 

Оқушылар 3-сыныптың соңында:

 

  • Бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді және өзін-өзі тануға құштарлық, білім, іс, қиял, бірлік. Оған ризашылық пен алғыс, өнер, ақыл, еңбек, мақтаныш, мейірімділік, жақсылық, адамгершілік, адамшылық сияқты жаңа ұғымдар туралы терең түсініктер алады;
  • Адами сезмдер мен эмоцияларды, өзінің эмоциялық күйін ажырата біледі.
  • Мораль, этика мәселелерін талқылау барысында өзінің пікірін білдіріп, өз сөзіне және ісіне жауапкершілік таныта алады.
  • Адамның жағымды және жағымсыз сезімдері мен әрекеттерін ажыратып, олардың себеп-салдарын талдай алады;
  • Шаңырақ сыйластығы, ұл бала мен қыз бала достастығын біледі;
  • Денені шынықтыру қажеттігін түсінеді, денсаулықты сақтау қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алады;
  • Топта, сыныпта, отбасында өзіне және өзге адамдарға көңіл бөліп сыйлайды, сондай-ақ бейтаныс адамдармен өзара жағымды, достық қарым-қатынас жасай алады;
  • Өз туыстары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне ықылас танытып, құрмет көрсете алады;
  • Табиғаттың өмір сүрудің негізгі ретіндегі маңызын түсінеді;
  • Қоршаған ортаға қамқорлық танытып, табиғи көздердің тазалығын сақтай біледі;
  • Оқу кітаптарын саналы түрде таңдай біледі, өз мінез-құлықтарын әдеби кейіпкерлердің әрекеттері арқылы бағалай алады.

 

3- сынып оқушыларының білімін бағалау

Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 3-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүогізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпы адамхаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік –рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жарты жылдық қорытынды да «сынақ» деген баға қойылады.

Оқушы 3-сынып бағдарламасындағы «оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2\3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.

Оқушыға «сынақ\ сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін – өзі тану» пәні бойынша шығармашылық –жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтармен басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.







Дата добавления: 2015-10-15; просмотров: 1186. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия