Б x S x К физ х К аек өзг. х K айм.
Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мұндай тіркеу жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады: Қ = Қ б x S x K айм. Осы тармақтың мақсаты үшін: Қ - салық салу мақсаты үшін құн, Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны: тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі бойынша - 25 пайыз, гараж бойынша - 15 пайыз, S - тұрғын жайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, ірге қабатының, жертөлесінің, гаражының шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы, К физ - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозу коэффициенті, К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті, К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймаққа бөлу коэффициенті. 4. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары мен пайдалану уақыты ескеріле отырып, мынадай формула бойынша айқындалады: К физ = 1 - Т физ, мұнда: Т физ - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы. Физикалық тозу мынадай формула бойынша айқындалады: Т физ = (Т физ - Т п.б) х Н аморт/100, мұнда: Т баз - салық есепке жазылған жыл, Т п.б - салық салу объектісі пайдалануға берілген жыл, Н аморт - амортизация нормасы. Ғимараттың сипаттамасына қарай физикалық тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
Егер тастан қаланған немесе негізгі панельден салынған тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы - 70 пайыздан, оның ішінде өзге материалдардан - 65 пайыздан асса, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең қолданылады. 5. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін ескеретін функционалдық тозу коэффициенті (К функц.) мынадай формула бойынша есептеледі: К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда: К қаб - тұрғын жайдың орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін ескеретін коэффициент, К бұр - тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуын ескеретін коэффициент, К қ. мат - қабырғалар материалын ескеретін коэффициент, К жайл - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының жайлылығы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін ескеретін коэффициент, К жылу - жылыту түрін ескеретін коэффициент. Қабаттылығына қарай қабаттылықтың мынадай түзету коэффициенті (К қаб) қолданылады:
Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады. Тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері (К бұр) қолданылады:
Қабырғалар материалына қарай мынадай түзету коэффициенті (К қаб. мат.) қолданылады:
Тұрғын жайды, саяжай құрылысын барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде 1-ге тең жайлылық коэффициенті (К жайл) қолданылады. Адамдардың тұруы (тұрмыстық), онда болуы үшін нормативтік не қолайлы жағдай туғызатын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да жайлылық түрлері) болмаған кезде 0,8-ге тең К жайл. қолданылады. Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері (К жылу) қолданылады:
6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган жергіліктi атқарушы органмен келiсiм бойынша аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес белгілейді. Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекітеді. 7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады: К аек. өзг = ағ. ж. аек/алдыңғы ж. аек, мұнда: ағ. ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш; алдыңғы ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш. 8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесі, гаражы тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылған жағдайда салық базасы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осы бапқа сәйкес айқындаған осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындалады. 9. Бір жеке тұлға бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші болып табылған жағдайда салық базасы әрбір объект бойынша бөлек есептеледі. 10. Салық қызметі органдары пайдалану фактісі анықталған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай тәртіппен айқындайтын салық салу объектілерінің құны ағымдағы салық кезеңінде пайдалану фактісі анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады: Қ = Қб х S х 2, мұнда: Қ - салық салу мақсаты үшін мүлік құны, Қб - осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір шаршы метрдің базалық құны, S - аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы алаңы.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 407-бап жаңа редакцияда 407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша жеке тұлға (оның iшiнде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат) осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген ставканы қолдана отырып, осы Кодекстің 57-тарауында патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен мүлік салығын есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін табыс етеді. Мұндай ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
408-бап. Салық мөлшерлемелері Салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:
|