Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






B: Meióza – redukční dělení jádra


Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 650



Foramen ischiadicum majusарқылы m.piriformisөтеді

Жамбас сүйегі үстінде lig.inguinale өтеді,ол сүйек пен байлам арасындағы кеңістікті шектейді

Arcus iliopectineusшап байлам астындағы бүкіл кеңістікті екі тесікке бөледі:латералды,бұлшықеттік тесік, lacuna musculorum(ол жерде n.femoralis m.iliopsoas жатады) медиалды, тамырлық тесік,lacuna vasorum-ол арқылы сан артериясы мен венасы өтеді,одан тамырлар сан,сирақ,аяқ ұшына өтеді.Жүлгелер мен өзектер:

Мықын-қыр жүлгесі,sulcus iliopectineus,lacuna vasorum cоған ауысады,содан кейін бұл жүлге сан жүлгесіне жалғасады,екі жүлге сан үшбұрышында(trigonum femorale) жатады.Mm.iliopsoas et pectineus бұлшықеттері fossa iliopectinea деген сан үшбұрышының түбін түзеді.Бұл үшбұрыштың төменгі ұшында сан жүлгесі бұлшықеттер арасына еніп,санның төменгі 3/1 орналасып canalis adductoriusайналады-бұл төменде ромбтәрізді тақым шұңқырына,fossa popliteaашылады

Тақым шұңқырынан сирақтың артқы бұлшықеттерінің беткей және терең қабаттары арасымен өтетін сирақ-тақым өзегі,canalis cruropopliteusбасталады,осы өзектің a.peronea бағытына сәйкес тармағы,төменгі бұлшықет-кіші жіліншік өзегі, canalis musculoperoneus inferiorболып табылады,сирақтың жоғарғы үштен бірінде canalis musculoperoneus superiorорналасады

Сан өзегі.Қалыпты жағдайда lacuna vasorum-ның медиалды бұрышында,сан сақинасы,annulus femoralis деп аталатын саңылау болады.Сан сақинасын латералды жағынан сан венасы,алды мен үстінен –lig.inguinale,

Медиалды жағынан-шап байламы,артқы жағынан-lig.pectineale түзеді,саңылау дәнекер тінмен толған.Сан сақинасы арқылы сан жарықтары ш ығуы мүмкін,әйелдерде еркектерге қарағанда жиірек шығады, өйткені әйелдерде жамбас астауы кең болғандықтан,ол үлкендеу болады.Жарық өткенде саңылау кіретін және шығатын тесіктері бар өзекке айналады.Ішкі тесік-бұл сан сақинасы, annulus femoralis. Шығатын немесе сыртқы тесік-hiatus saphenous.Тесіктер арасындағы кеңістік сан өзегі болып табылады,3 қабырғасы бар:сан венасынан түзілген латералды қабырға,жалпақ сан шандырының терең жапырақшасынан түзілген артқы қабырға жәнеорақ тәрізді жиектің cornu superius-I құрайтын алдыңғы қабырға

Сан шандырыhiatus saphenus аймағында борпылдақтанған ж/е лимфа тамырларымен v.saphena magna-мен тесіктелген,сол себепті торлы табақша,fascia cribrosa деп аталады.

11. Ауыз қуысы, cavitas oris, 2 бөлімге бөлінеді: ауыз алды және нағыз ауыз қуысы. Ауыз алды деп сыртынан еріндер мен жақтар арасындағы, іш жағынан тістер мен қызыл иектер арасындағы кеңістікті айтады. Ауыз тесігі, rima oris, арқылы ауыз алды сыртқа ашылады.

Еріндер, labia orisx, сыртынан терімен, іш жағынан шырышты қабықшамен жабылған ауыздың сақиналы бұлшықетті талшықтары болып табылады. Ауыз тесігі мүйістерімен еріндер дәнекерлер, comissura labiorum, арқылы бір-бірімен байланысады. Еріндерде тері шырышты қабықшаға айналады, ол жоғарғы еріннен қызылиек бетіне, gingiva, созылып, орта сызық бойымен жақсы байқалатын жүгеншік, frenulum labii superioris, түзеді. Frenulum labii inferioris әдетте нашар дамыған. Жақтың, buccae, құрылысы да еріндердікіндей, бірақ бұл жерде m.orbicularis oris орнына жақ бұлшықеті орналасады. Сavitas oris алдыңғы жағында тістерден бастап арт жағында жұтқыншақтың кіреберісіне дейін созылады. Ауыз қуысы жоғарғы жағынан қатты таңдаймен және жұмсақ таңдайдың алдыңғы бөлігімен шектелген. Оның түбін ауыз диафрагмасы diaphragma oris түзеді. Онда тіл жатады. Шырышты қабықша тіл ұшының төменгі бетіне өтіп орта сызық бойымен тіл жүгеншігін түзеді. Caruncula sublingualis-тен латеральды және артқа қарай әр жағынан тіласты қатпары, plica sublingualis, созылады.

12.Тіл, lingua, бұлшықетті мүше болып табылады. Оның формасы мен қалпының өзгеруінің шайнау және сөйлеу үшін маңызы бар. Тілде төбесін, apex, алдына қараған үлкен бөлігін немесе денесін, corpus linguae және тілді төменгі жақ пен тіласты сүйегіне бекітетін түбірін, radix linguae, ажыратады. Оның дөңес жоғарғы беті таңдай мен жұтқыншаққа қараған да және арқашық dorsum деп аталады. Тілдің төменгі беті facies inferior linguae, тек алдыңғы бөлімінде ғана бос болады; артқы бөлігін бұлшықеттер алып жатады. Тіл бүйір жақтарынан жиектермен margo linguae шектелген. Тіл арқашығында 2 бөлімді ажыратады: алдыңғы, үлкен бөлім шамамен ауық қуысы түбінде горизантальды орналасады; артқы бөлім вертикаль дерлік орналасып, жұтқыншаққа қарайды.

Тілдің алдыңғы және артқы бөлімдері арасындағы шекарада орта сызық бойында соқыр тесік, foramen caecum linguae, деп аталатын шұқыршақ жатады. Соқыр тесіктен жан-жаққа және алға қарай таяздау шекаралық жүлге sulcus terminals өтеді. Тілдің артқы бөлімінің лимфалық түзілістерінің жиыны тілдік бадамша без tonsilla linguinales деп аталады. Тілдің артқы бөлімінен бөбешікке қарай шырышты қабықша шырышты қабықша 3 қатпар түзеді: plicae glossoepiglotticae mediana және екі plicae glossoepiglotticae laterales олардың арасында екі valleculae epiglotticae орналасқан. Тіл бүртіктері: papillae filiformes et conicae (жіп тәрізді), papillae fungiformes (саңырауқұлақ тәрізді), papillae foliatae (жапырақ тәрізді), papillae vallatae (науашық тәрізді).

Тіл\ң скелеттік б\ет:1)Бізтіласты б.тілді жоғары ж\е артқа тарту .2)Тіласты тіл б,тілді төм ж\е артқа тарту.3)Иектіласты б, тілді төм ж\е алға қарай тарту.

Тілдің меншікті б/ет:1)Тілдің жоғ бойлық б.тілді қысқартып, тіл ұшын жоғ көтеру. 2)Тілдің төм бойлық б,тілді қысқ/п, арқашығын жоғ көтеріп, тіл ұшын төм түсіру. 3)Тілдің көлденең б, тілдің көлденең енін кішірейту.4)Тілдің вертикальды б,тілді жалпайтады.

13. Тістер шырышты қабықтың тамақты механикалық өңдеуге арналған арналған сүйектенген өсінділері болып табылады.Адамда тістер екі рет алмасады уақытша сүт тістер және тұрақты тістер.Тіс,тіс сауытынан,мойынынан,және түбірінен тұрады.

Тіс сауыты қызылиектен жоғары орналасқан .Тіс сауытының тілдік беті,кіреберістік беті,түйісу беттері,алдыңғы беті,артқы беті,қабысу беті,ажыратылады.

Тіс түбірі сыртқы пішіні конус тәрізді,жоғарғы және төменгі жақсуйектің ұяшықтық өсінділерінде орналасқан.Әрбір тістің «1-3»түбірлері ажыратылады.Тіс түбірінің ұшында тіс ұшының тесігі болады.

Тіс түбірі тіс сауыты мен тіс түбірінің аралығында орналасқан.Сыртқы беті тістің ызылиектен шырышты қабықпен қапталған.Қызылиекпен тіс мойнының аралығында қалташалар орналасқан.Тіс сауытының ішінде шағын келген тіс сауыт қуысы орналасқан.Қуыс тіс түбіріне қарай өтіп жіңішкелеу келе тіс түбірінің өзегіне жалғасып тіс ұшының тесігімен аяқталады.Тіс қуысының ішінде тісті қандырушы тамырлар мен нервтерге бай жұмсақ заты орналасқан.

Тіс затының құрылысы: тіс кіреукесі, дентин, цемент

Тіс сауытының сыртқы беті эмальмен қапталған,түбірінің қалыңдығы цементпен қапталған.Дентин тіс қуысының сыртқы бетін қоршап орналасқан бастапқы тін болып табылады.Бір мм дентиннің ішінде 7500 Canaliculi dentails орналасқан.Тіс сауытының сыртқы беті көгілдір келген кіреукемен немесе эмальмен қапталған.Тіс түбірінің жанында орналасқан іркілдеген дәнекер тіндер және олардың жасушалық элементтері бірлесіп тіс түбірінің қалдығын немесе перидонтты құрайды.сүйек аралық байланысты қаағу немесе gomphosis деп атайды.

Тіс жалпы пішініне атқаратын қызметіне қарай:күрек,ит,кіші азу және үлкен азу тістерге бөледі.Күрек тістер тамақты тістеу үшін,ит тістер қорғаныш ,кіші улкен азу тістер шайнау,ұнтақтау қызметін атқарады.Тістер симетриялы орналасқан 2 курек тіс,бир ит тіс 2

кіші азу тіс,үш үлкен азу тістерден тұрады.Сүт тістердің тұрақты тістерден айырмашылығы жалпы саны 20. Формуласы: Ересек адамдардың тұрақты тістерінің жалпы формулаcы: барлығы 32.

14. Сілекей бездері,қатты және жұмсақ таңдай,құрылысы,қызметі.

3 жұп үлкен сілекей жатады

Шықшыт безі-glandula parotidea,сірлі типті,ең үлкен сілекей безі. Ол беттің бездері glandula salivales едәуір үлкейіп, шырышты қабықтың шегінен шығып, шығару түтіктері арқылы ауыз қуысымен байланысын сақтайды. Шықшыт безі құрылысы жағынын күрделі ұяшықты без болып табылыды.

Төменгі жақсүйек асты безі-glandula submandibulares, аралас типті, құрылысы жағынан күрделі ұяшықты-түтікті, көлемі жағынан 2-ші болып келеді.

Тіласты безі-glandula sublingulis-шырышты типті, құрылысы жағынан күрделі ұяшықты-түтік.

Таңдай-palatum,2 бөліктен тұрады. Оның алдыңғы 2/3 сүйекті негізі palatum osseum бар, бұл қатты тандай, palatum durum; артқы 1/3 жұмсақ тандай palatum molle,фиброзды негізгі бар бұлшықетті түзіліс болып табылады. Мұрын арқылы тыныс алғанда ол төмен қарай қиғаш салбырап ауыз қуысын жұтқыншақтан бөліп тұрады. Таңдай орта сызық бойында таңдай жігі,raphe palati,байқалады. Жіктің алдыңғы шетінде 1неше көлденең қатпарлар (6 жуық),plicae palatinae transversae,байқалады. Қатты таңдайдың төменгі бетін жабатын шырышты қабық тығыз фиброзды тін арқылы сүйек қабығымен тұтасып бітіскен.

Жұмсақ тандай,palatum molle, шырышты қабықтың дупликатурасы болып табылады, онда фиброзды табақша-таңдай апоневрозымен қоса бұлшықеттер, сондай-ақ бездер жайғасады. Оның алдыңғы жиегі қатты тандайдың артқы бөліміне бекіп, ал жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі төмен әрі артқа қарай салбырап тұрады, оның ортасында тілшігі,uvula,болады.

Жұмсақ тандай бүйірлері жағынан доғашықтарға айналады. Олардың алдыңғысы, arcus palatoglossus,тілдің бүйір қабырғасына бекиді. Алдыңғы ж/е артқы доғашықтардың арасында таңдай бадамшасы , tonsilla palatina, орналасқан шұңқыр жатады. Әрбір таңдай бадамшасы лимфа тінінің сопақ пішінді жиыны болып табылады.

15. Жұтқыншақ, pharynx, асқорыту түтігі мен тынысалу жолдарының, бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы бөлік болып табылады. Ол бассүйек негізінен 6-7 мойын омыртқаларына дейін созылады. Жұтқыншақтың ішкі кеңістігін жұтқыншақ қуысы, cavitas pharyngis, құрайды. Ж. мұрын мен ауыз қуыстары және көмейдің артында, шүйденің базилярлы бөлігінің және жоғарғы мойын омыртқаларының алдында орналасқан. Ж.-н алға қарай орналасқан ағзаларға сәйкес оны 3 бөлікке бөледі: pars nasalis, pars oralis, pars laryngea. Ж.-ң бассүйек негізіне жанаса жатқан жоғарғы қабырғасы – күмбез, fornix pharyngis,д.а.

Мұрындық бөлігі, pars nasalis pharyngis, қызметі жағынан таза тынысалу бөлімі болып табылады. Ж.-ң басқа бөлімдерінен өзгешелігі, оның қабырғалары қозғалмайтындықтан қабыспайды. Мұрындық бөлігінің алдыңғы қабырғасын хоандар алып жатады. Латералды қабырғаларында есту түтігінің бір-бірден құйғыштәрізді есту түтігінің ж.-қ тесігі, ostium pharyngeum tubae жатады. Түтіктің тесігі, үсті мен астыңғы жағынан осы жерде есту түтігі шеміршегінің томпаюынан пайда болатын, түтік буылтығымен, toruc tubarius шектелген. Ж.-ң жоғарғы жіне артқы қабырғалары шекарасындағы ортаңғы сызық бойында лимфа тіндері жиыны, tonsilla pharyngea s. Adenoidae орналасады. Лимфа тінінің басқа, жұп жиыны, түтіктің ж.-қ тесігі мен жұмсақ таңдайдың арасында, tonsilla tubaria жатады. Сөйтіп, ж.-қа өтетін лимфалық түзілістердің түгелге жуық сақинасы орналасқан: тіл бадамшасы, екі таңдай бадамшасы ,екі түтік және ж. бадамшалары (Н.И.Пирогов-Вальдейердің лимфоэпителилі сақинасы).

Ауыздық бөлігі, pars oralis ж.-ң ортаңғы бөлімі болып табылады, ол алдыңғы жағында аран, fauces арқылы ауыз қуысымен жалғасады; артқы қабырғасы 3 мойын омыртқасына сәйкес келеді. Қызметі жағынан ауыздық бөлігі аралас болып табылады, өйткені онда асқорыту және тынысалу жолдары қиылысады. Асқорыту жолының бастық бөлімі мұрын қуысы мен тыныс алу жолдары арасында орналасып, жұтқыншақ аймағында асқорыту және тыныс алу жолдары қиылысады.

Көмейлік бөлігі, pars laryngea ж.-ң төменгі бөлімі болып табылады, ол көмейдің арт жағында орналасып, көмей кірісінен өңеш кірісіне дейін созылып жатады. Алдыңғы қабырғасында көмейге кіретін жер кірісі орналасқан.

Ж. қабырғасының негізін ж.-ң фиброзды қабығы, fascia pharyngobasilaris, құрайды, ол жоғарғы жағында бассүйек негізінің сүйектеріне бекиді, іш жағынан шырышты қабықпен, ал сырт жағынан бұлшықетті қабықпен жабылған. Бұлшықетті қабық өз кезегінде сыртынан жұқалау фиброзды тін қабатымен жабылған, ол жұтқыншақ қабырғасын айнала қоршаған ағзалармен байланыстырады да, ал үстіңгі жағында m. buccinator-ға аусып, fascia buccopharyngea деп аталады.

Жұту.Ж.-та тынысалу және асқорыту жолдары ққиылысатындықтан, жұту кезінде тынысалу жолдарын асқорыту жолдарынан бөлетін арнаулы тетіктер болады. Тіл бұлшықетінің жиырылуымен ас жентегі тіл арқашығымен қатты таңдайға қабыстырылып, аран арқылы жылжытылады. Бұл кезде жұмсақ таңдай жоғары қарай тартылып, ж.-ң артқы қабырғасына жақындайды. Сөйтіп, ж.-ң мұрын бөлігі толығымен ауыз бөлігінен бөлінеді. Сонымен бір мезгілде тіласты сүйегінен жоғары орналасқаан бұлшықеттер көмейді жоғары тартып, ал тіл түбірі m. hyoglossus-тің жиырылуынан төмен түседі; ол көмей қақпашығын басып, түсіріп, көмейге кіреберісті жабады. Одан кейін ж. қысқыштары біртіндеп жиырылып, соның әсерімен ас жентегң өңешке қарай жылжытылады. Ж.-ң бойлық бұлшықеттері көтергіштер ретінде қызмет атқарады: олар ж.-ты ас жентегіне қарай тартады.

16. Өңеш esophagus жұтқыншақ пен қарын арасында өндірілген және астың қарынға қарай жылжуына көмектесетін тар әрі ұзын активті әрекет ететін түтікше.Ол 6 мойын омыртқа деңгейінде басталып 11 арқа омыртқа деңгейінде деңгейінде аяқталады. Оның алдыңғы жағында кеңірдек жатады, бүйірінен кері нервтер мен ортақ ұйқылық артериялар өтеді. Өңеште partes cervicalis thoracica et abdominalis бөліктерін ажыратады.Өңештің ұз 23-25см. Өңештің көкірек бөлігінің синтопиясы оның түрлі деңгейлерінде түрліше: өңештің көкірек бөлімінің жоғарғы үштен бірі кеңірдектің артында және солға таман жатады, бүйірінен кері нерв пен a.carotis communis арт жағында – омыртқа жотасы, оң жағында – медиастинальды плевра жанасып тұрады.

Өңеш қабырғасы мына қабаттардан тұрады ең кіші қабат кілегейлі қабықша,ортаңғы қабат бұлшықетті және сыртқы қабат дәнекер тканьді сипатты tunica adventitia.Кілегейлі қабықшада өзінің секреті арқылы жұтқан кезде тамақтың жылжуын жеңілдететін шырышты бездер болады. Бұлшықетті қабат өз қызметін атқарған кезде кеңейіп және сығылып отыруға тиісті өңештің түтікшелі формасына сәйкес екі қабатқа орналасады:сыртқы бойлық өңешті кеңейтетін қабат,ішкі циркулярлы қабат тарылтатын қабат. Туника адвентина өңешті сыртынан қоршайтын борпылдақ дәнекер тіннен тұрады.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
C: Růžovité (Rosceae) – klasifikace | C: Miříkovité (Apiceae) – charakteristika
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | <== 31 ==> | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.218 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.218 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7