Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






B: List – funkce a stavba


Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 629



Ішастар, peritoneum, іш қуысындағы мүшелерди тұйық жауып орналасқан сірлі қабық. Теқ қана әйел адамдарда бұл сірлі қуыс жатыр түтігінің тесігі арқылы сыртқы ортамен байланысқан. Ішастар топографиялық орналасуына қарай: париеталді бөлікке- peritoneum parietalis, және мүшелердің бетін тікелей жауып орналасқан, мүшелік немесе висцералді бөлікке – peritoneum visceral бөлінеді. Ішастардың париеталді және висцералді бөліктері бір-бірімен өзара беттесіп, саңылау түрінде орналасқан қуыс, ішатарлық қуысты-cavitas peritonei түзеді. Аралығында қозғалыс кезінде ішкі мүшелердің беттерінің үйкелістерін жеңілдету үшін ылғалдауға сірлі сұйықтық орналасқан.

-Іш қуысы ішастарының туындыларына жекелеп талдау жасап , олардың топографиялық орналасу орнына және практикалық мәніне тоқталу үшін іш қуысын 3 қабатқа: а) жоғарғы қабат-көкеттен тоқ ішектің көлденең жиек ішегіне дейін; ә) ортаңғы қабат-тоқ ішектің көлденең жиек ішегінен кіші жамбас қуысына дейін; б) кіші жамбас қуысына бөледі. –Іш қуысының жоғарғы қабаты, көкет пен тоқ ішектің кқлденең жиек ішегінің аралығында орналасқан. Ішастардың іш қуысының жоғарғы қабаттағы туындыларына қатпар, жалғамалар, шарбылар жатады. Топографиялық орналасуына қарай өзара бір-бірінен шектеліп орналасқан: бауыр, шарбы және асқазаналды қапқа бөлінеді. А) Бауыр қабы-bursa hepatica, жоғарғы қабырғасы-көкетпен;медиалді қабырғасы-әшастардың орақ тәрізді байламымен, артқы қабырғасы- тәждік байламмен шектеледі. Құрамында: бауырдың оң үлесі. Ә) Асқазаналды қабы-bursa pregastrica, ол бауырдың орақ тәрізді байламының сол жағында орналасқан.Құрамында: бауырдың сол үлесі, асқазан, көкбауыр және ұйқыбез. Б) Шарбы қабы-bursa omentalis, ол жалпы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Алдыңғы қабырғасы: кіші шарбы мен асқазанның артқы беті; жоғарғы қабырғасы: бауырдың құйрықты үлесі; төменгі қабырғасы: үлкен шарбының артқы беті мен тоқ ішектің көлденең жиек ішектің шажырқайы; артқы қабырғасы: іш қуысының артқы қабырғасын, сол бүйрекүсті безін, ұйқыбезді жауып орналасқан париеталді ішастар табағы құрайды. Ішастардың іш қуысының ортаңғы қабатындағы туындыларына: қалталар, қойнаулар, өзектер, шажырқайлар жатады. Шажырқайдың түбірі арқылы іш қуысының ортаңғы қабаты: оң және сол жақ қойнауға, sinus mesentericus dexter et sinister, немесе үшбұрыштарға бөлінеді. – Оң шажырқайлық қойнау- sinus mesentericus dexter, үшбұрыш тәрізденіп, ұшы жоғары қарап, табаны төмен қарап, аш ішек пен мықын ішек шажырқаының оң жақ қапталында орналасқан. – Сол шажырқайлық қойнау- mesentericus sinister, жіңішке ішектің шажырқайының сол жағында үшбұрыш тәрізденіп орналасқан.

24.Қол артериялары,беткей және терең веналары.Иық артериясы-a.brachialis-қолтық артериясының тікелей жалғасы болып табылады.Иық артериясының тармақтары: 1.a.profunda brachii-терең иықтың артериясы. 2.A.collateralis ulnaris superior-шынтақтың жоғарғы жанама артериясы. 3. A.collateralis ulnaris inferior-шынтақтың төменгі жанама артериясы.Кәрі жілік а.-a.radialis-бағыты жағынан иық артериясының жалғасы болып табылады.Шынтақ а.-a.ulnaris-иық артериясының екі соңғы тармақтарының бірі болып табылады.Қол ұшы доғалары мен артериялары.Білезік аймағында екі топ бар: біреуі алақан торы-rete carpi palmare, екіншісі қол сырты торы-rete carpi dorsalе.Қол веналары терең және беткей болып бөлінеді.Беткей н/е теріасты веналары,өзара анастомозданып,кеңтұзақты тор түзеді,оның әр жерінен ірілеу сабаулар бөліктеніп шығады.Бұл сабаулар мыналар: 1.V.cephalica-қолдың латералды теріасты венасы.2. v.basilica-қолдың медиалды теріасты венасы.3.V.intermedia cubiti-аралық шынтақ венасы.Терең веналар әдетте әрбәр аттас артериялардың қасында екіден қосарлана жүреді.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
C: Miříkovité (Apiceae) – charakteristika | Hospodářský význam listu
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | <== 33 ==> | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.21 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.21 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7