Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






B: Stonek – fce, stavba


Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 667



Аяқбасының сыртында a.dorsalis pedis – аяқбасының сыртқы артериясы өтеді, ол алдыңғы асық жілік артериясының жалғасы болып саналады да, сүйектер мен жалғамаларда орналасады.

Аяқбасы табанында екі табан артериясы – aa. plantaris medialis et lateralis бар, олар артқы асық жілік артериясының соңғы тармақтары болып саналады.

26.Иық өрімі(plexus brachialis) бесінші, алтыншы, жетінші ж/е сегізінші мойын жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтарының, anteriores cervicalium V-VIII бірігуінен түзіледі.

Иық өрімін түзетін тармақтар сұр дәнекер тармақтар, communicantes grisei, көмегімен симпатикалық сабаумен, truncus symphaticus, ж/е оның түйіндерімен ортаңғы мойынтүйінімен, ganglion cervicale medium, төменгі мойын түйінімен, ganglion cervicale inferius, бірінші кеуде түйінімен, ganglion thoracicus primum, н/е төменгі мойын түйінімен, ganglion cervicale inferius, бірінші кеуде түйінімен, ganglion thoracicum primum, н\е төменгі мойын ж/е бірінші кеуде түйіндері біріккен мойын кеуде түйінімен, ganglion cervicothoracicum, н/е жұлдызды түйінмен ganglion stellatum, байланысады.

Өрімде бұғанаүсті(pars supraclavicularis) ж/е бұғанаасты(pars infraclavicularis) бөліктерін ажыратады. Шеткі тармақтар қысқа ж/е ұзын болып бөлінеді.Қысқа тармақтар өрімнің бұғанаүсті бөлігінің түрлі жерлерінен шығып, ішінара мойын, сондай ақ иық белдеу мен иық буыны бұлшықеттерін нервтендіреді. Ұзын тармақтар жоғарыда аталған үш будадан пайда болып, қолды бойлай өтіп, оның бұлшықеттері мен терісін нервтендіреді.

Қысқа тармақтар: 1. N.dorsalis scapulae, 2. N. thoracicus longus, 3.N. suprascapularis, 4. N. pectorales medialis et lateralis, 5. N. subclavius, 6. N. subscapularis, 7. N.axillaris(қолтық нерві)

Ұзын тармақтар: 1. N. musculocutaneus(бұлшықет тері нерві), 2. N. medianus(ортаңғы нерв), 3. N. ulnaris(шынтақ нерві), 4. N. cutaneus brachii medialis, 5. N. cutaneous antebrachii medialis, 6. N.radialis.

 

27.Бел өрімі(plexus lumbosacralis) үш жоғарғы бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан ж/е IV нервтің жоғарғы бөлігінен, сондай ақ XII қабырғааралық нерв тармақтарынан түзіледі. Бұл бел омыртқаларының көлденең өсінділеріалдында m.psoas major қабатында жайғасып, бірқатар тармақтар береді. Олардың бір бөлігі осы бұлшықеттің латералды жиегінен шығып, бір бөлігі оны тесіп өтіп, оның алдыңғы бетінен шығады. Бұл тармақтар: 1. Rami musculares, 2. N.iliohypogastricus, 3. N.ilioinguinalis, 4. N.genitofemoralis, 5. N.cutaneus femoris lateralis, 6. N.Femoralis(сан нерві), 7. N.obtoratorius(жапқыш нерв)

28.Сегізкөз өрімі-plexus sacralis-өрімдердің ішіндегі ең маңыздысы,IV ж\е V бел нерві алдыңғы тармақтарынан және сегізкөз алдыңғы тесіктерінен шығатын төрт сегізкөз нервтерінің дәл осындай тармақтарынан құралады.Өрім нервтері бір-бірімен қосылып,foramen infrapririforme арқылы жамбас қуысынан шығатын шонданай нервінің жуан сабауын түзеді.Сегізкөз өрімінен шығатын тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді.Қысқа тармақтар аяқ-бел аймағын,ал ұзын тармақтар оның бел өрімі тармақтарымен жабдықталған бөлігін қоспағанда бүкіл аяқтарды нервтендіреді.Қысқы тармақтар: 1)rami muscularis-m.piriformis,mm7gemelli бұлшықеттерін нервтендіреді.2)N.gluteus superior жамбастан шығып жан-жағына таралады.3)N.gluteus inferior-жамбас-сан буыны капсуласын нервтендіреді.

Ұзын тармақтар:N.cutaneus femoris posterior-сан мен сирақтың артқы жағы терісінде таралатын коптеген тармақтар береді.2)N.ischiadicus-шонданай нерві бүкіл дене нервтерінің ең ірісі,сегізкөз өрімінің тікелей жалғасы.Ол тақым шұқырында жуан медиальді және жіңішке латеральді тармақтар береді.

Шонданай нерві тармақтары:1) rami muscularis санның артқы бұлшықеттеріне қарай таралады.2)N.tibialis-асық жілік нерві тақым шұқыры ортасында тақым тамырлары жолымен тік төмен түседі.

 

ТІСТЕР ҚҰРЫЛЫСЫ,ҚЫЗМЕТІ,ФОРМУЛАСЫ

Тістер шырышты қабықтың тамақты механикалық өңдеуге арналған арналған сүйектенген өсінділері болып табылады.Адамда тістер екі рет алмасады уақытша сүт тістер және тұрақты тістер.Тіс,тіс сауытынан,мойынынан,және түбірінен тұрады.

Тіс сауыты қызылиектен жоғары орналасқан .Тіс сауытының тілдік беті,кіреберістік беті,түйісу беттері,алдыңғы беті,артқы беті,қабысу беті,ажыратылады.

Тіс түбірі сыртқы пішіні конус тәрізді,жоғарғы және төменгі жақсуйектің ұяшықтық өсінділерінде орналасқан.Әрбір тістің «1-3»түбірлері ажыратылады.Тіс түбірінің ұшында тіс ұшының тесігі болады.Тіс түбірі тіс сауыты мен тіс түбірінің аралығында орналасқан.Сыртқы беті тістің ызылиектен шырышты қабықпен қапталған.Қызылиекпен тіс мойнының аралығында қалташалар орналасқан.Тіс сауытының ішінде шағын келген тіс сауыт қуысы орналасқан.Қуыс тіс түбіріне қарай өтіп жіңішкелеу келе тіс түбірінің өзегіне жалғасып тіс ұшының тесігімен аяқталады.Тіс қуысының ішінде тісті қандырушы тамырлар мен нервтерге бай жұмсақ заты орналасқан.Тіс затының құрылысы: тіс кіреукесі, дентин, цементТіс сауытының сыртқы беті эмальмен қапталған,түбірінің қалыңдығы цементпен қапталған.Дентин тіс қуысының сыртқы бетін қоршап орналасқан бастапқы тін болып табылады.Бір мм дентиннің ішінде 7500 Canaliculi dentails орналасқан.Тіс сауытының сыртқы беті көгілдір келген кіреукемен немесе эмальмен қапталған.Тіс түбірінің жанында орналасқан іркілдеген дәнекер тіндер және олардың жасушалық элементтері бірлесіп тіс түбірінің қалдығын немесе перидонтты құрайды.сүйек аралық байланысты қаағу немесе gomphosis деп атайды. Тіс жалпы пішініне атқаратын қызметіне қарай:күрек,ит,кіші азу және үлкен азу тістерге бөледі.Күрек тістер тамақты тістеу үшін,ит тістер қорғаныш ,кіші улкен азу тістер шайнау,ұнтақтау қызметін атқарады.Тістер симетриялы орналасқан 2 курек тіс,бир ит тіс 2кіші азу тіс,үш үлкен азу тістерден тұрады.Сүт тістердің тұрақты тістерден айырмашылығ жалпы саны 20. Формуласы: Ересек адамдардың тұрақты тістерінің жалпы формулаcы: барлығы 32

 

16.ЖҰТҚЫНШАҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ

.

. Жұтқыншақ, pharynx, асқорыту түтігі мен тынысалу жолдарының, бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы бөлік болып табылады. Ол бассүйек негізінен 6-7 мойын омыртқаларына дейін созылады. Жұтқыншақтың ішкі кеңістігін жұтқыншақ қуысы, cavitas pharyngis, құрайды. Ж. мұрын мен ауыз қуыстары және көмейдің артында, шүйденің базилярлы бөлігінің және жоғарғы мойын омыртқаларының алдында орналасқан. Ж.-н алға қарай орналасқан ағзаларға сәйкес оны 3 бөлікке бөледі: pars nasalis, pars oralis, pars laryngea. Ж.-ң бассүйек негізіне жанаса жатқан жоғарғы қабырғасы – күмбез, fornix pharyngis,д.а.

Мұрындық бөлігі, pars nasalis pharyngis, қызметі жағынан таза тынысалу бөлімі болып табылады. Ж.-ң басқа бөлімдерінен өзгешелігі, оның қабырғалары қозғалмайтындықтан қабыспайды. Мұрындық бөлігінің алдыңғы қабырғасын хоандар алып жатады. Латералды қабырғаларында есту түтігінің бір-бірден құйғыштәрізді есту түтігінің ж.-қ тесігі, ostium pharyngeum tubae жатады. Түтіктің тесігі, үсті мен астыңғы жағынан осы жерде есту түтігі шеміршегінің томпаюынан пайда болатын, түтік буылтығымен, toruc tubarius шектелген. Ж.-ң жоғарғы жіне артқы қабырғалары шекарасындағы ортаңғы сызық бойында лимфа тіндері жиыны, tonsilla pharyngea s. Adenoidae орналасады. Лимфа тінінің басқа, жұп жиыны, түтіктің ж.-қ тесігі мен жұмсақ таңдайдың арасында, tonsilla tubaria жатады. Сөйтіп, ж.-қа өтетін лимфалық түзілістердің түгелге жуық сақинасы орналасқан: тіл бадамшасы, екі таңдай бадамшасы ,екі түтік және ж. бадамшалары (Н.И.Пирогов-Вальдейердің лимфоэпителилі сақинасы).

Ауыздық бөлігі, pars oralis ж.-ң ортаңғы бөлімі болып табылады, ол алдыңғы жағында аран, fauces арқылы ауыз қуысымен жалғасады; артқы қабырғасы 3 мойын омыртқасына сәйкес келеді. Қызметі жағынан ауыздық бөлігі аралас болып табылады, өйткені онда асқорыту және тынысалу жолдары қиылысады. Асқорыту жолының бастық бөлімі мұрын қуысы мен тыныс алу жолдары арасында орналасып, жұтқыншақ аймағында асқорыту және тыныс алу жолдары қиылысады.

Көмейлік бөлігі, pars laryngea ж.-ң төменгі бөлімі болып табылады, ол көмейдің арт жағында орналасып, көмей кірісінен өңеш кірісіне дейін созылып жатады. Алдыңғы қабырғасында көмейге кіретін жер кірісі орналасқан. Ж. қабырғасының негізін ж.-ң фиброзды қабығы, fascia pharyngobasilaris, құрайды, ол жоғарғы жағында бассүйек негізінің сүйектеріне бекиді, іш жағынан шырышты қабықпен, ал сырт жағынан бұлшықетті қабықпен жабылған. Бұлшықетті қабық өз кезегінде сыртынан жұқалау фиброзды тін қабатымен жабылған, ол жұтқыншақ қабырғасын айнала қоршаған ағзалармен байланыстырады да, ал үстіңгі жағында m. buccinator-ға аусып, fascia buccopharyngea деп аталады.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Hospodářský význam listu | Stavba stonku
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | <== 35 ==> | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.207 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.207 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7