Тақырып. Экономикалық циклдар. Инфляция мен жұмыссызыдық.
1.Дамудың циклділігі, экономикалық циклдің фазалары 2. Инфляцияның себептері, көрсеткіштері және түрлері. 3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, нысандары.
1) Барлық елдердің экономикалық дамуы циклділікпен сипатталады, циклділік – прогрессивті даму нысаны. Циклділік- экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы. Экономикалық циклдер ұлттық экономиканың барлық салаларын қамтиды да, келесі белгілер бойынша жіктеледі: ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді. әсер ету саласына қарай: өнеркәсіптік, аграрлы. қамтуына қарай: құрылымдық, салалық. көріну ерекшелігіне қарай: мұнайлы, азық-түліктік, энергетикалық, шикізаттық, валюталық. аумағына қарай: ұлттық, ұлтаралық. Экономикалық цикл -белгілі бір уақытта іскерлік белсенділіктің артуы мен төмендеуімен сипатталады, ал ол сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен болады. Экономикалық цикл- ЖІӨ ретіндегі іскерлік белсенділіктің ауытқуы. Циклдің көрінісі- экономикалық белсенділіктің әр түрлі көрсеткіштерінің ауытқуларын көрсетеді: ЖҰӨ өсу қарқынын, жалпы сату көлемін, жалпы баға деңгейін, жұмыссыздық деңгейін. К.Маркс өнеркәсіптік циклді қарастырады. Өнеркәсіптік цикл- барлық фазалардан тұратын бір шыңнан екінші шыңға дейіңгі кезең. Циклда бірінен соң бірі қайталанып тұратын төрт фаза бар: дағдарыс (кризис), депрессия, жандану және өрлеу. 1 фаза- дағдарысқа келесілер тән: ü қорлар жойылып, өнеркәсіптік инвестициялар азаяды: ü еңбекке сұраныс азаяды: ü тауарлар бағасы төмендейді: ü пайда азаяды, несиеге сұраныс азайып процент ставкасы төмендейді. Ең төмеңгі дағдарыс деңгейі- депрессия. Депресия- жоғары деңгейдегі жұмыссыздыққа әкелетін ұлттық өндіріс көлемінің төмендеуі, ол бірнеше жылға созылады. 2 фаза -депрессияға келесілер тән: ü өндіріс көлемі азаймайды, өспейді де; ü тауар артықшылығы азаяды, бірақ сауда жүрмейді; ü процент ставкасы минимумда. Біртіндеп жандану бастала бастайды. 3 фаза-жандануға келесілер тән: ü нарықтың жаңа жағдайларына бейімділген кәсіпорындар тауар өндірісін арттыра бастайды; ü жұмыссыздық қысқара бастайды; ü инвестициялық процестер жанданады; ü баға және процент ставкасы артады. 4 фаза-өрлеу келесілер тән: ü ЖҰӨ өсуінің жоғары қарқыны; ü жұмысыздық толығымен жойылады: ü баға және процент өсуде.
2) Тұрғындардың жұмысбастылығы-макроэкономиканың басты сипаты. Жұмысы бар- жұмыс басты болып жұмыспен толығымен қамтылған немесе толығымен қамтылмаған адамдар. Жұмыссыз - статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ оны іздеп, жұмысқа кірісуге дайын болған адамдар. Жұмыссызбен жұмысбастылар жиынтығы жұмыс күшін құрайды. Жұмыссыздық дәрежесі - жұмыссыздар санының жұмыс күшінің санына қатынасы ретінде анықталады. Жұмыссыздықтың негізгі типтері: Фрикционды жұмыссыздық; жұмысты іздеумен оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздықтың қысқа мерзімді және ерікті түрі, осы категориядағы жұмыссыздардың еңбек нарығында сатуға келетін жұмыс дағдысы бар. Құрылымдық жұмыссыздық; - жұмыс күшінің құрылымының жұмыс орындарының құрылымына сәйкес келмеуінен туындайды. Жұмыссыздықтың бұл түрі еріксіз және ұзақ мерзімді сипатта болады. Циклдік жұмыссыздық;- экономикалық құлдыраумен байланысты пайда болады, жандану кезінде ол болмайды. Толық жұмысбастылық;- экономикада фрикционды және құрылымдық жұмыссыздықжағдайындағы жұмысбастылық. Оукен заңыжұмыссыздық деңгейін ЖІӨ ауытқуымен байланыстырады: жұмыссызыдық деңгейінің 1 процентке әр өсімінде(алдыңғы жыл көрсеткішімен салыстырғанда) шынайы ЖІӨ өсу қарқыны 2,5% азаяды. Жұмысыздық деңгейі= жұмыссыздар саны/ жұмыс күшінің санына *100% 3) Инфляция - орташа баға деңгейінің өсуі салдарынан ақшаның құнсыздануы. Дефляция - орташа баға деңгейінің төмендеуі. Инфляция деңгейі (баға өсімінің қарқыны) – бағаның орташа деңгейінің салыстырмалы өзгерісі Дезинфляция - инфляция деңгейін төмендету (бағалардың өсу қарқыны). Инфляция түрлері: Ашық және жабық – біріншісі баға өсуімен, екіншісі тауардың жоғалуымен сипатталады. Қалыпты (ж орғалап жүруші ) - баға жай өзгереді, көбіне жылына 10% дейін. Шоқырақтаушы – баға өсімі жылына 10 -200% дейін. Гиперинфляция- баға өсімі жылына 1000% (айына 50 %) болады да, ақша айналымы толығымен бұзылады. Балансты және баланысталмаған: әр түрлі тауарлар бағасы салыстырмалы түрде өзгеріссіз және керісінше өзгермелі.
|