Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты.





1. Әлеуметтік саясат. Тұрғындар табысы.

2. Тұрғындардың өмір сүру деңгейі.

3. Табыс бөлінудегі теңсіздік. Кедейшілік мәселелері.

 

1) Әлеуметтік саясат (ӘС) - мемлекеттің қоғам өмірінің әлеуметті- экономикалық жағдайларын реттеу бойынша қызметінің бағыты.

ӘС мәні: қоғамдағы әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу, тұрғындардың өмір сүру жағдайларымен әлеуетін жақсарту, әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету.

Осы саясаттағы негізгі бағыты- тұрғындар табысын қалыптастыру саясаты.

Табыс - белгілі бір уақыт аралығында алынған және тауарлар мен қызметтерді жеке тұтыну үшін сатып алуға тағайындалған ақшалай қаражат сомасы.

Табыс көлеміне әсер ететін факторлар:

· еңбек ақы;

· баға динамикасы;

· нарықтың тауарлармен қанығуы.

Табыстың көздері: еңбек ақы, меншіктен табыс (дивидендттер, процент, рента), әлеуметтік төлемдер- тьрансферттік төлемдер (зейнет ақы, жәрдем ақы және т.б.).

Табыс деңгейін бағалау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

· номиналды табыс - алынған ақша көлемі;

· қолдағы табыс - номиналды табыс- салық- міндетті төлемдер;

· нақты (шынайы) табыс – осы ақшаға сатып алуға келетін тауарлар мен қызметтер көлемі.

Шынайы табыс баға индексі арқылы есептелінеді, баға индексін анықтау үшін “тұтыну қоржыны” түсінігі пайдаланылады.

Тұтыну қоржыны - белгілі бір тауарлар мен қызметтер жиынының бағаларының сомасы.

Баға индексі = ағымдық кезеңдегі ТҚ/базалық кезеңдегі ТҚ

Табыс көлемі минималды ТҚ аз тұрғындар “ кедейшілік сызығындағы” тұрғындарға жатады, олардың үлесі елдегі өмір сүру деңгейін сипаттайды.

 

2) Тұрғындардың “өмір сүру деңгейі” - адамдардың физикалық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттану дәрежесін сипаттайды.

Тұрғындардың “өмір сүру деңгейі” - материалды игіліктерді тұтыну деңгейі (тұрғындардың өнеркәсіптік тауарлармен, азық-түлікпен, тұрғын үймен және т.б. қамтамасыз етілгендігі).

Тұтынудың деңгейлері:

· минималды - минималды қажеттіліктіерді қанағаттандыру.

· рационалды (тиімді)- адамның қалыпты қажеттіліктерін қанағаттандыру.

· физиологиялық; – бұл деңгейден төмен адам физиологиялық өмір сүре алмайды.

Энгель Заңы:табыс артқан сайын тұрғындар алғашқы қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарларға қарағанда, байлықты сипаттайтын тауарларды сатып алуды ұлғайтады.

Халықаралық көлемде тұрғындардың өмір сүру деңгейін салыстыру үшін- ө мір сапасы көрсеткіші қолданады, бұл көрсеткіш “ таза экономикалық әлуеттілік ” арқылы епетелінеді:

ТЭӘ=ЖҰӨ;+ өзін-өзіне қызмет көрсету+ бос уақыт+ көлеңкелі экономика- сыртқы ортаның ластануы.

БҰҰ;қоғамның әлеуетін бағалау үшін “адамдық даму индексін” пайдалануды ұсынады, оны есептеу үшін үш компонент анықталады:

1. Денсаулық;: адам өмірінің ұзақтығы.

2. Мәдени дәреже: 25 жас және одан жоғарыдағылардың оқуының ұзақтығы.

3. Тұтынудың жалпы ресурстары және елдегі жинақтар: жан басына шаққандағы ЖҰӨ көлемі.

БҰҰ елдегі тұрғындардың өмір сүру деңгейін сипаттайтын санды және сапалы көрсеткіштердің 12 тобын пайдалануды ұсынады:

1. Туу және өлім, тұрғындардың басқа да демографиялық сипаттары.

2. Өмір сүрудің санитарлы-гигиеналық жағдайлары.

3. Азық-түлік тауарларын тұтыну.

4. Тұрғын үймен қамтамасыз етілуі.

5. Білім және мәдениет.

6. Еңбек жағдайлары және жұмысбастылық.

7. Тұрғындардың табыстары мен шығындары.

8. Өмір сүру бағасы мен баға динамикасы.

9. Көліктік қызмет бағалары.

10. Демалысты ұйымдастыру.

11. Әлеуметтік қамсыздандыру. 12 Адам еркіндігі.

 

3) Табыстың қалыптасуының жалпы қағидалары бойынша: алынатын табыстар тең бөлінбейді, нәтижесінде кедейшілік және байлық пайда болуының экономикалық механизмін күшейеді.

Табыс дифференциасын сандық бағалау үшін Лоренц қисығы және Джини коэффициенті пайдаланылады.

ОА табыстың тең бөлінуін көрсетеді. Лоренц қисығы табыстың тұрғындар тобы арасында теңсіз бөлінуін көрсетеді. Екі қисық арасындағы кеңістік табыстың теңсіздігін көрсетеді.

Джини коэффициенті ДК тұрғындардың табысының шоғырландырылуын көрсетеді. Егер табыс барлық азаматтарда тең болса, ДК-0, егер табыс 1 адамның қолында шоғырландырылған деп алсақ, онда ДК-1. Демек іс жүзіндегі ДК 0 мен1 арасында қалыптасады.

Табыс бөлінуде тиімділік пен теңдік арасындағы қарама -қайшылық туындайды, демек әлеуметтік әділет.

Егер табыс-тиімділік болса, оны бөлу-теңдікті сақтау. Егер табысты тең бөлсек әділетті болады, бірақ тиімділікке жету қиындайды, ал егер тиімділікті қамтамасыз ету үшін бөлсек, әділетсіздік пайда болады.

Мемлекеттің әлеуметтік шаралары табыстың теңсіз бөлінуін жеңілдетеді, эк.теорияда мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын екі тұрғыдан қарастыруға болады:

1. әлеуметтік тұрғыдан- қоғам әр мүшесіне кедейшілікке ұшыратпайтын табысты қамтамасыз етуі керек.

2. Нарықтық тұрғыдан- мемлекеттің міндеті табысты қамтамасыз ету емес, қоғам мүшелеріне табысты табуға жағдайлар туғызу.

Аралас экономикада табысты қайта бөлудің әдістері:

1. тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулары, ол кәсіпкерлерге тұрақты сату нарығын және пайда табуды кепіл етеді, жұмыссыздық мәселелрін шешеді;

2. мемлекеттік субсидиялар және несиелер;

3. табысты салық арқылы қайта бөлу -табысты жанама реттеу құралы;

4. әлеуметтік төлемдер және бағдарламалар- нарықөтық экономиканың циклді дамуымен негізделеді, сондықтан мемлекет әр түрлі трансферттерді төлейді.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1092. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия