Студопедия — Блиц-тест. 20.<UL> <UL>тәгтерінің көмегімен
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Блиц-тест. 20.<UL> <UL>тәгтерінің көмегімен






20.<UL>… <UL>тәгтерінің көмегімен...

A) Маркерленген (белгіленген) тізімді жасай аламыз

B) Нөмірленген тізімдер жасауға болады

C) Жаңа абзацқа көшеміз

D) Горизонталь сызықты жүргізе аламыз

E) Бүкіл мәтінді бір жолға жаза аламыз

 

21.<UL>... </UL>ортасында орналасқан әрбір тізім элементтері қандай тәгтен соң жазылады?

A) <LI> B) <UL> C) <HL> D) <DL> E) <DD>

 

22.HTML тіліндегі <HR>тәгінің сызықтың қалыңдығын анықтайтын атрибуты:

A) SIZE

B) ALIGN

C) WIDTH

D) NOSHADE

E) COLOR

Әдебиеттер

1. Дузбаева Р.М. Основы создания HTML-документов. Уч. пособ. для студентов. –

Алматы, КБТУ 2003. –82 с.

2. Нидерст Дж. Web-мастеринг для профессионалов. –СПб.:Питер, 2001. –576

3. Информатика и образование,№8, 2000. Е. В. Давыдова

Зертханалық жұмыс № 4

 

Тақырыбы:HTML құжатына графиканы қою қолдану. Графикалық компоненттердің

белгіленуі және оларды құжатқа орналастыру. Графиканы қоюға арналған тегтер. Анимация.

Мақсаты: HTML – құжатының ішіндегі графика, суреттер, фотографиялармен жұмыс істеу.

Қажет құралдар мен қойылатын талаптар: дербес компьютер, Блокнот(Hotepad) және Internet Explorer программалары, сонымен бірге компьютерде қолданушы ретінде жұмыс жасай білу керек.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Теориялық материалды игеру.

2. Жұмыстың орындалуы.

3. Бақылау сұрақтары.

Зертханалық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы:

1. Зертханалық жұмыс номері

2. тапсырма

3. Бағдарлама мәтіні.

4. Тестілеу нәтижесі.

5. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

 

Әдістемелік нұсқау

1. HTML-құжаттарындағы графика.

Web-тің ең бірінші тартымдылығы – HTML-құжатының сілтемелерінің графикалық

және өзге үлгілерінің қосу мүмкіншілігі. Бұнын бәрі <IMG...ISMAP> тегтерінің көмегі аркылы жасалады. Осы тегті пайдалану құжаттардың сыртқы түрін және қызметтілігін едәуір жақсартады.

HTML-құжаттарындағы графиканы пайдаланудың екі түрі бар. Біріншісі- құжатқа графикалық образды енгізу, ол пайдаланушыға контекстегі құжатттың басқа да элементтердің бейнесін көруге мүмкіндік береді. Құжаттарды жобалау кезінде жиі пайдаланатын техника "inline image" деп аталады.

Тегтің синтаксисі:

<IMG SRC=" URL " ALT=" text " HEIGHT=n1 WIDTH=n2 ALIGN= top|middle|bottom|texttop

ISMAP>

Синтаксис және қалыпты URL сияқты міндетті параметрі болып табылады. Осы URL броузерге сурет қайда екенін көрсетеді. Сурет броузермен сүйемелденетін графикалық форматта сақталады. Қазіргі күні GIF және JPG форматтары броузерлермен сүйемелденіледі.

Суреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды рөл атқарады. Суреттердің өздері HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, бірақ олар броузер арқылы Web-парақтардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережелерін былай беруге болады.

Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <ІMG...> жеке, яғни жабылмайтын жалқы тәг қолданылады.

Бұл тәгте міндетті түрде SRC= «...» атрибуты болуы керек, оның мәнін абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суреттермен бейнеленеді және ол <ІMG...> тәгі тұрған орыннан көрінеді. Мысалы, мына жол:

<ІMG SRC="fіsh.jpg">;экранға fіsh.jpg файлындағы балық суретін шығарады.

Ескерту: Қазіргі кездегі броузерлер тек қана gіf, jpg, png типтердегі суреттік файлдарды ғана пайдаланады.

Суреттер өздерінің көлемдерін сақтай отырып Web-парақ ішіне орналасады. Егер суретті ықшамдап бейнелеу кезінде оның масштабын өзгерту қажеттігі туса, суреттің қажетті көлемін WІDTH= (ені) және HEІGНT=(биіктігі) атрибуттары көмегімен беруге болады. Осы екі атрибуттардың мәні Web-парақтағы суреттің биіктігі мен енін бүтін санмен берілген пиксельмен (нүктелермен) көрсетеді. Төмендегі жол:

<ІMG SRC="fіsh.jpg"WІDTH=500 HEІGІT=250>;

суретті 500х250 нүктелерден тұратын төртбұрышқа орналастырады.

Сурет айналасындағы жақтау (рамка – border) сызығының қалыңдығын да параметр ретінде көрсетуге болады:

Border = Пиксельдер саны. Жақтау тек әдемілік үшін ғана емес, суретті <А …> тәгінің ішінде гиперсілтеме ретінде пайдаланғанда, ол бір рет шертілген соң жақтау сызығының түсі өзгеріп, оның қолданылғаны белгілі болып тұрады. Енді гиперсілтеме ретінде суретті пайдаланудан бір мысал келтірейік:

<HTML><BODY>;

<A HREF = "dog.htm"><ІMG SRC = "dog.gіf" WІDTH = 87

HEІGHT=100 BORDER=2></A>;

</BODY></HTML>;

Бұл жолдар гиперсілтеме ретінде шағын ит суретін (ол сурет алдын ала болуы тиіс)

шығарады, оны шерту иттер туралы мәліметке ауысуды орындайды.

Құжаттарда суреттерді бейнелегенде, оның орындала бермейтін бірсыпыра ерекшеліктері бар екенін айта кеткен жөн.

Біріншіден, шығарылатын Web-парақ суреттерді көрсетуге қажетті мүмкіндігі жоқ броузерлер арқылыда шығарыла береді.

Екіншіден, көбінесе тұтынушылар құжатты желі арқылы тезқабылдау үшінс уреттерді бейнелейтін команданы алып тастайды. Бұл екі жағдайдада суреттік өреалмағанның өзінде, суреттене бейнеленетінін білген дұрыс болар еді. Бұл мақсат үшін суретті сипаттайтын қосымша мәтіндерді қолданады.

Қосымша мәтін суреттің мүмкіндігінше толық мәтін түрінде сипатталады. Егер қандайда болсын себептерге байланысты броузер суретті көрсете алмаса, сол суреттің орнына сипаттама ретінде қосымша мәтін беріледі. Ол мәтін<ІMG...>тәгіарқылы ALT= “...” арнайы атрибутының мәнімен беріледі. Мысалы:

<html>

<BODY><ІMG SRC="nan.gіf" alt="нансуреті"></BODY>

</html>

Бұл жолдар сурет шықпаған жағдайда, сол сурет орнына тышқан курсорын алып барғанда, нан суреті деген сөзі бейнелейді.

<ІMG...>тәгініңатрибуттарыныңтолықкестесінкелтірекетейік.

 

1 – кесте.Сурет атрибуттары
Атрибут Жазылу форматы Атқаратын қызметі
ALT <IMG SRC="DOG.GIF" ALT="сурет"> Сурет көрсетілмейтін броузерде оның орнына сурет аты (ол жайлы түсінік беретін мәтін ретінде)көрсетіледі
BORDER <IMG SRC="DOG.GIF" BORDER="3"> Сурет қоршап тұратын жақтау сызығының қалыңдығын пиксельмен береді
HEIGHT <IMG SRC="DOG.GIF" HEIGHT=111> Суреттің биіктігін пиксельмен немесе терезе биіктігінің пайызымен береді
WIDTH <IMG SRC="DOG.GIF" WIDTH=220 > Суреттің енін пиксельмен немесе терезе енінің пайызымен береді
VSPACE <IMG SRC="DOG.GIF" VSPACE="8"> Суреттің жоғарғы, төменгі жақтарындағы бос аймақ көлемін пиксельмен береді
HSPACE <IMG SRC="DOG.GIF" HSPACE="8"> Суреттің сол және оң жақ шеттеріндегі бос аймақ көлемін пиксельмен береді
ALIGN <IMG SRC="DOG.GIF" ALIGN=TOP> Мәтінге байланысты суреттің орналасуын көрсетеді, төмендегі мәндердің бірін қабылдайды: ТОР – жоғары (мәтін суреттің жоғарғы жағында), MIDDLE - ортада, BOTTON – төмен, LEFT – сол жақта (сурет жолдың сол жақ шетінде), RIGHT – оң жақта (сурет жолдыңоң жақ шетінде)

Суреттер маңына оған түсінік беретін мәтін жазылғанда, оны суретке байланысты

жоғары немесе төмен жылжытатын мүмкіндіктер және суретті беттің сол немесе оңжақшетіне жылжыту Alіgn атрибуты арқылы беріледі. Оны туралау атрибуттары деп атайды, олар:

Alіgn=”bottom” – мәтін суреттің;төменгі жағында; Alіgn=”left” – сурет жолдың сол жағында;

Alіgn=”mіddle” – мәтін суреттің ортасында; Alіgn=”rіght” – сурет жолдың оң жағында;

Alіgn=”top” – мәтін суреттің жоғарғы жағында орналасады.

Мысалы:

<ІMG SRC="fіsh.jpg" border=2 alіgn="mіddle">;

Мұнда мәтін сурет ортасында орналасады.

 

<ІMG SRC="fіsh.jpg" border=2 alіgn="top">;

Мұнда мәтін суреттің жоғарғы жағында орналасады.

 

5.2- сурет. Бұл да балық

<ІMG SRC="fіsh.jpg" border=2 alіgn="rіght">- Мұнда сурет жолдың оң жағында орналасады.

ALT="text";

Осы міндетті емес элемент график бейнесін сүйемелдемейтін немесе бейне басқылауы ажыраланған броузермен бейнеленілетін мәтінге бағытталған. Әдетте, ол пайдаланушы экранда көретін немесе көре алатын қысқа сипаттама. Егер осы параметр болмаған жағдайда сурет орнына көптеген броузерлер пиктограмманы жасайды. Оны белсендіріп, пайдаланушы бейнені көре алады. Егер сіздің пайдаланушыларыңыз графикалық режимді сүйелдемейтін броузерді пайдаланса, ALT тегін ұсынуға болады. Мысалы, Lynx.

HEIGTH=n1

Осы міндетті емес параметр пиксельдағы суреттің биіктігін көрсету үшін пайдаланылады. Егер осы параметр көрсетілмесе, онда суреттің биіктігінің соны пайдаланылады. Бұл параметр бейнені тік созуға немесе қысуға мүмкіндік береді, оның нәтижесінде құжаттың сыртқы түрі анығырақ белгіленеді. Бірақ, кейбір броузерлер осы параметрді сүйелдемейді. Бір жағынан, сіздің клиентіңіздің экранды рұқсаты сізден өзгеше көрінуі мүмкін. Сондықтан графикалық объектің абсолюттік көлеміне бағыт берген кезде мұқиятты болыңыз.

WIDTH=n2

Параметр бұрынғы сияқты міндетті емес. Сондықтан пиксельдағы суреттің абсолюттік еніне бағыт бұруға мүмкіндік береді.

ALIGN

Осы параметр броузерге мәтіннің келесі блогын қайда орналастыруын хабарлау үшін пайдаланылады. Ол экрандағы элементтердің қатаңырақ орналастыруына мүмкіндік береді. Егер осы параметр пайдаланылмаса, онда броузерлердің көбісі бейне экранның сол жақ бөлігінде, ал мәтін оң жақ бөлігінде жайғасады.

ISMAP

Осы параметр бейнеде белгіленген жерде тышқанды баса отырып, пайдаланушыға қандай да бір әрекеттер жасауға мүмкіндік беретіні жөнінде броузерге хабардар етеді. Бұл мүмкіндік HTML кеңейтілуі болып табылады және ол жөнінде кейінірек талқыланатын болады.

Осы тегті пайдалануға мысал келтірейік:

< IMG SRC="http://www.softexpress.com/images/nekton.jpg";ALT="СофтСервис лого"

ALIGN="top" ISMAP>

HTML 2.0 версиясымен тегте <IMG> қосымша параметрлер пайда болады:

<IMG SRC=" URL " ALT=" text " HEIGHT=n1 WIDTH=n2

ALIGN= top|middle|bottom|texttop| absmiddle|baseline|absbottom BORDER=n3VSPACE=n4

HSPACE=n5 ISMAP>

Жаңа параметрлер:

BORDER - Осы параметр авторға суреттің маңайындағы рамкасының енін белгілеуге мүмкіндік береді..

VSPACE - Ол мәтін суреттің үстіне шығып кетпеу үшін пиксельдағы суреттің үстіндегі және астындағы бос кеңістіктің көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе, құжат алдын ала көрінбеген кезде динамикалық қалыптасатын бейнелерге өте маңызды.

HSPACE VSPACE - тәрізді,бірақ тік.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1178. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия