Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Нарықтағы тепе теңдікке салықтардың әсері






S1

P2 E1 S

PE E

P1 D

Q1 Q2

Тауар салығын енгізу және тепе-теңдік

Cуреттегі кез келген тауар нарығындағы ең алғашқы тепе-теңдік D және S қисық сызықтарға, РЕ тепе-теңдік бағаға және QЕ тепе-теңдік көлемге сәйкес келеді. Мемлекет тауар бірлігіне белгіленген салық – тауар салығын, мысалы, Т доллар көлемінде акциз енгізді дейік. Енді өндірушілер тауардың бұрынғы санын ұсынуға дайын, егер тауар бағасы Т-ға өссе. Бұрынғы РЕ бағасымен сатқан тауардан түскен түсімді өндірушілер алады, ал Т-ға тең, сату бағасының артығын мемлекет алады. Бұл нарықтық ұсыныстың әр нүктесінде болғандықтан, ұсыныстың ең алғашқы қисық сызығы үстіне қарай Т шамасы көлемінде S1 орнына жылжиды. Салықты енгізу, сонымен қатар, сатып алушылар алғысы келген тауар санын өзгерпейді, демек, D қисық сызығы жылжымайды. Сонымен, салықты енгізгеннен сатушылар да, сатып алушылар да ұтпайды. Өндіріс пен тұтыну көлемдері қысқарып, (жаңа Q1 тепе-теңдік көлемі бұрынғы QЕ көлемінен аз), сатып алушылар жоғарылау бағаны төлейді (сатып алушы төлейтін жаңа Р1 бағасы ең алғашқы РЕ бағадан жоғары), ал сатушылар төмендеу бағаны алады (сатушы алатын Р2 бағасы (салықты есептей отыра), ең алғашқыдан төмендеу). Мұнда мемлекет ғана ұтады – ол Р1 мен Р2 бағалар араларындағы айырмаға ие болады.

Енді салықты енгізуден кім көбірек ұтылып тұрғанын көрейік – сатушы немесе сатып алушы ма, яғни олардың араларында салық ауыртпалығы қалай бөлінеді. Салық ауыртпалығы тауар икемділігі дәрежесімен тікелей байланысты (салық енгізілетін тауар), яғни сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының енкіштік бұрыштары ара қатынастарынан тәуелді.

Икемділік сұраныс жағдайында салық ауыртпалығының көбі сатушыларға түседі, икемсіз сұраныс жағдайда – сатып алушыларға. Икемді сұраныста баға көтеріліп, сұраныстың жартысын тұтынушылар субтитут – тауарларға ауыстырады, икемсіз сұраныста бұл қиындық тудырады. Керісінше, егер ұсыныс икемді болса, салықтың жартысынан көбін сатып алушы төлейді, икемсіз жағдайда – сатушы. Бұның себебі: икемді ұсыныста ресурстардың (қорлардың) басқа тауардың өндіруіне бөлуі жеңілдеу тиеді. Сонымен, икемді сұраныс пен икемсіз ұсыныс жағдайында сатушы салықтың ауыртпалығын көтереді. Графикалық бұл ахуал сұраныстың жайпақ қисық сызығымен және ұсыныстың тік қисық сызығымен көрсетіледі. Егер сұраныс икемсіз, ал ұсыныс икемді болса, сатып алушыларға салық ауыртпалығы түседі. Графикте бұл тік сұраныс қисығы мен ұсыныстың жайпақ қисық сызығымен көрсетіледі.

8.Пайдалылық теориясы.Шекті пайдалылық;

Игіліктің пайдалылығы (utility) – оның қайсыбір қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігі, яғни адамдардың нақты субъективті (жеке) қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттерінің бары. Ондай қабілеттілікке кез келген игіліктер ие, экономикалық; немесе экономикалық емес болса да. Экономикалық емес игіліктерге жалпы пайдаланатын игіліктер жатады: ауа, су және т.б. Экономикалық игіліктерге белгіленген тұтыну қасиеттерін беру мақсатымен алдын ала технологиялық өңдеу өткізеді, сонан соң олар жарамды болып саналады. Жалпы пайдалылық; – біртіндеп иеленген игілік бірліктерінің барлық жиынтығынан пайдалылықтардың жинақталған сомасы. Ол TU – total utility деп белгіленеді. Игіліктің қосымша (келесі) бірлігінен тұтынған жалпы пайдалылықтың өсімі шекті пайдалылық; деп аталады. Шекті пайдалылықтың динамикасы (даму, өзгеру барысы) азаятын шекті пайдалылығы заңына тәуелді: игіліктің әр келесі бірлігінің, алдынғыға қарағанда, қажеттілігі аздау, яғни игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы азаяды. Бұл қағиданы (маржиналистерден тәуелсіз). 1854 жылы неміс экономисті әрі математігі Г.Госсен қысқа, дәл жеткізген, сондықтан ол Госсеннің бірінші заңы деп аталады. Игіліктің әр келесі бірлігі алдыңғыдан аздау қажеттілікті қамтамасыз етуін экономикалық емес, психологиялық себептермен байланыстырады (түсіндіреді): «Адам өзінің ең алғашқы алған көйлегіне, ең алғашқы тамағына, сатып алған телевизорына көбірек қуанады, екінші рет сатып алғандарымен салыстырғанда; ал екінші сатып алғандарына, үшінші сатып алғандарымен салыстарғанда, көбірек қуанады Пайдалылық функциясы – игілікті тұтынуы өскен сайын пайдалылықтың азаюын көрсететін функция: U= f(Qi), мұнда U– игіліктің пайдалылығы, Qi – игіліктің келесі сандары.және т.с.»

TU

01 2 3 4 5 6

a) Q

b) MU

 

0 1 2 3 4 MU теріс

Q

Жалпы және шекті пайдалылықтың графиктері

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 462. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия