Студопедия — Су тасу кезінде қандай әрекет жасау керек
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Су тасу кезінде қандай әрекет жасау керек






Халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау бойынша дәрігерлік шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улы заттармен, газдармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі. Ол мыналарды қамтиды:1)санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізу;2)халық пен АҚ бөлімшелерінің жасақшыларын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйрену;3) халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру;4) объектілердің радиоактивті, химиялық заттармен және бактериалдық құралдармен зақымдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;5)санитарлық-ветеринарлық жіне эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.

 

 

Су тасуына қалай дайындалу керек

Егерде Сіздің аймақ су басудан жиі азап көрсе, су басуы мүмкін жерлердің шекараларын, тұратын жерге жақын орналасқан сирек су басатын жерлерді, оларға баратын қысқа жолдарды зерттеңіздер және есте сақтаңыздар. Ұйымдасқан және жеке эвакуациялау кезіндегі, сондай-ақ кенеттен және қатты таралған су басу кезінде әрекет жасау ережелерімен отбасы мүшелеріңізді таныстырыңыздар. Қайық, плот және оларды жасау үшін арналған құрылыс материалдарын сақтау орындарын есте сақтаңыздар. Эвакуация кезінде шығарылатын құжаттардың, мүліктер мен дәрі-дәрмектердің тізімін жасаңыздар. Арнайы чемоданға немесе рюкзакқа бағалы заттарды, қажетті жылы киімдерді, азық-түлік, су қорларын және дәрі дәрмектерді салып қойыңыздар.

Су тасу кезінде қандай әрекет жасау керек

Су тасу туралы және эвакуациялау туралы ақпараттың белгісі бойынша, дереу белгілі тәртіппен апатты су басуы мүмкін қауіпті аймақтан белгіленген қауіпсіз аймақтарға немесе биік учаскелерге, жерлерге шығыңыздар, өздеріңізбен бірге құжаттарды, бағалы заттарды, қажетті заттарды және бүлінбейтін азық-түліктердің екі тәулікке жететін қорын ала шығыңыздар. Соңғы эвакуациялау пунктіне тіркеліңіздер. Үйден шығарда электр желісін және газды өшіріңіздер, жылу беретін пештердегі отты сөндіріңіздер, ғимараттан тыс жерлердегі барлық жүзетін заттарды бекітіңіздер, немесе

оларды үй сыртындағы үй-жайларға орналастырыңыздар. Уақыт болған жағдайда, үйдегі бағалы заттарды үйдің жоғарғы қабаттарына немесе 21 шатырдың астына ауыстырыңыздар. Терезелер мен есіктерді жабыңыздар, қажет болған жағдайда және уақыт болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін тақтайлармен (щиттармен) сыртынан шегелеп тастаңыздар.

Ұйымдасқан эвакуация болмаған жағдайда, көмек келгенше дейін немесе су азайғанша дейін, ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және шатырларында, ағаштардың үстінде немесе басқа биік заттардың үстінде болыңыздар. Бұл ретте үнемі апаттық белгі беріп отырыңыздар: күндіз – ағашқа бекітілген жақсы көрінетін орамалды іліп немесе сонымен бұлғап, ал түнгі уақытта – жарық белгісімен немесе анда санда дауыс беріп. Құтқарушылар келген кезде сабыр сақтап, дүрлікпей және әбігерленбей, қауіпсіздік шараларын сақтап, жүзу құралына ауысыңыздар. Бұл ретте құтқарушылардың талаптарын бұлжытпай орындаңыздар, жүзу құралының шамадан тыс ауырлауына жол бермеңіздер. Қозғалыс кезінде белгіленген орыннан кетпеңіздер, бортқа отырмаңыздар, экипаждың талаптарын қатаң сақтаңыздар. Су басып қалған аймақтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, су деңгейінің жоғарылауы жалғасқанда, жоғарғы (шатыр астын) қабаттарды су басу қаупі болу сияқты маңызды себептер болғанда ғана өз беттеріңізше шығу ұсынылады. Бұл ретте сенімді жүзу құралы болу және қозғалыс бағытын білу қажет. Өздеріңіз шықан кезде апаттық белгі беруді тоқтатпаңыздар. Суда жүзіп келе жатқан және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіздер.

2.3. Биологиялық қауіп:Түсінігі, классификациясы, қауіптілік дәрежесі

Қауіп – зардап, жарақат немесе басқа зиян әкелетін материал немесе жағдай. «Қауіп» категориясы классификациясының белгілерін таңдау кезінде мыналарды ескеру керек: 1. «қауіп» адамдарға, материалдық және табиғи ресурстарға зиян келтіру ықтималдығы ретінде қарастырылады; 2. қауіпсіздік туралы айтсақ, біз әдетте құрамына адам – потенциалды құрбан ретінде және қауіп-қатер – зиян шектіретін жағдайлар енетін жүйені айтамыз; 3. қауіпсіздікке адам барлық қауіп-қатерлерді ығыстырған, жойған немесе одан қорғанған кездерінде ғана қол жеткізіледі деп болжанады; 4. адамның индивидуалды, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда кедергі болатын барлық әрекеттер қауіп-қатер болып есептеледі; 5. бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру құралдары энергияның, заттар мен ақпараттардың нақты ағынымен түсіндіріледі. Қабылданған болжамдар және де адамның энергия, заттар мен ақпараттардағы маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауынан туған қауіп-қатерлердің үш топқа бөлінуі көптеген қауіптерді топтастыру үшін көрсетілген белгілерді қолдану мүмкіндігіне апарды.

Қауіптерді 3 негізгі класқа бөлуге болады: 1. табиғи-экологиялық – адам өміріне апаттардың зиянды әсерінен немесе заттар миграциясының табиғи геобиохимиялық циклдерінің антропогенді бұзылуынан туындайтын қауіптер; 2. техногенді-өндірістік – технологиялық объектілерде жиналған энергияның қажетсіз қалдықтарынан болатын қауіптер; 3. антропогенді-әлеуметтік – ақпаратты бұрмалау немесе әдейі жасырудан және де оны адамдарға жеткізу мен қабылдау ерекшеліктерінен болатын қауіптер. Кез-келген іс-әрекетті іске асырған кезде (сонымен бірге, туризм саласында да) аталған кластардың әрқайсысы жеке де немесе барлығы бірге де көрініс беруі мүмкін. Қауіпсіздік құралдары ең басты қасиеттердің бірі – сенімділікке ие болуы керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау бойынша жұмыс беруші мен жұмысшылардың міндеттері мемлекеттің еңбек туралы заңдылықтарында көрсетіледі. Қауіп-қатер Іс-әрекет қауіпсіздігінің схемасы организмдер, онын ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес. Міне, сондықтан адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру органы кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалык, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік шаралар. Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер - әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз.Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек: Бірінші міндет-нақты іс-әрекеттен болатын қауіп - қатерді талдау (идентификация). Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі. Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу. Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес. Бұл шаралар қауіп - қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар). Үшінші міндетті елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау, өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т.б. жүзеге асырады. Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык өзекті түсінігі. Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады: • адамның өзі; • өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға; • адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері. Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар. Осы сияқты құбылыстарды жіктеумен және жүйелеумен айналысатын ғылымды таксономия деп атайды. Қазіргі уакытта толыққанды және жетілген таксономия жоқ болғанымен, төменгі 2-суретте келтірілгсн нысан көп қажетке жарары анық, Қоршаған ортаға үлкен зардабын, тигізетін құбылыс, процесс, уақиға. Шыққан тегі бойынша: техногендік әсер ету; антропогендік; тұрмыстық; спорттық; жол-көліктік.
Билет 3. 1.ӨТҚН пәні түсінігі және анықтамасы

«Өмір тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні - студенттердіадамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұракты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді.

Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарды теориялык білім және тәжірибелік дағдыға үйрете отырып, өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасауды, экологиялық қауіпсіздік бойынша қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа техника және технологиялық процестерді жобалауды, табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдауды, еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасауды, адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеудің жолдарын үйретуді мақсат етеді.

Оқыту міндеттері:

бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін және зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негізін үйрету;

өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру;

тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін үйрету;

студенттерді жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жұқпалы аурулар олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге оқыту;

зақымдану ошақтарын сипаттауды үйрету;

қазіргі зақымдағыш құралдар мен төтенше жағдайлардың

зардабын халықты қорғайтын әдістеріне сипаттама беру.

Билет 3.2. Су тасқынының қауіптілік дәрежесі, қорғану тәсілдері.

Су тасқыны – бұл өзенге, көлге немесе су қоймаларына жақын жерлерге судың жайылуы, ол материалдық залал келтіреді, тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді немесе адамдардың өліміне алып келеді.

Судың жайылуы Қазақстанның барлық ірі өзендерінде байқалады. Ең үлкен залалдарды Сырдария, Шу, талас, Ассы, Жайық, Жем, Сағыз, Торғай,Сарысу, Тобыл, Нұра, Есіл, Ертіс өзендеріндегі су жайылуы келтіреді.Егерде судың жайылуы залалмен ілеспесе, бұл өзеннің, көлдің жағадан шығуы. Судың тасуы көпірлердің, жолдардың, ғимараттардың, салынымдардың бұзылуына әкеп соғады, едәуір материалдық залал келтіреді, ал су қозғалысының жоғары жылдамдықтарында (4 м/с астам) және судың биік көтерілуі кезінде (2 м астам) адамдар мен жануарлардың өлімін келтіреді. Бұзушылықтардың негізгі себептері ғимараттар мен салынымдарға су массасының, жоғары жылдамдықпен жүзген мұздардың, түрлі сынықтардың, жүзетін заттардың және т.б. гидравликалық соққыларының әсерінен болады.Тасқын - өзеннің сулы режимінің фазасы; қардың, мұздың күшті еруімен немесе жаңбырдың көптеп жаууымен келген, өзендегі су деңгейінің қысқа мерзімді және кезеңмен біршама көтерілуі. Тасқындар Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында қалыптасады.

Тасқындар кезеңмен қайталанбайды, және де бұл су басу кезеңінен ерекшелігі. Тасқынның ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін. Су тасу кезеңі мен тасқын кезіндегі орташа айлық шығыны орташа жылдықтан көп. Су тасу кезеңіне қарағанда тасқын жылдың кез келген уақытында пайда болуы мүмкін. Үлкен тасқын су басуға әкеп соғуы мүмкін. Тасқынның орын ауыстыру процесінде өзен бойынша тасқын толқыны пайда болады.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 297. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия