Студопедия — Жеке қорғаныс құралдары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жеке қорғаныс құралдары






Жеке қорғану құралдары — жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, колғап) болып табылады. Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған.

 

Жеке қорғаныс құралдары - өндіріс процесіндегі қауіпті және зиянды факторлардан және ластанудан қорғану мақсатында жұмысшылар тарапынан пайдаланылатын жабдықтар. ЖҚҚ өндіріс ұйымы тарапынан жұмысшыларға жұмыс істеу қауіпсіздігі, ұжымдық қорғаныс құралдары негізіндегі жабдықтардың жиынтығы толық қамтамасыз етілмеген жағдайда пайдаланылады. Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету типтік тармақ нормасына сәйкес болуы керек, яғни жұмысшыларға арнайы киім, аяқ киім және басқа қажетті жеке қорғаныс құралдары тегін беріледі. Оқшаулау костьюмдері

- пневмокостьюмдер; гидрооқшаулаушы костьюмдер; скафандрлар;

Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары

- противогаздар; респираторлар; пневмошлемдер; пневмомаскалар;

- арнайы киімдерді - комбинезондар, полукомбинезондар; курткалар; шалбарлар; костюмдер; халаттар; плаіцгар; полушубалар, тулуптар; фартуктар; жилеттер; қолғаптар.

- арнайы аяқ қиім - етіктер, ботфорттар, полусапожкалар, ботиноктар, полуботиноктар, туфлилар, галоштар, боты, бахилдар;

- қолды қорғау құралдары - қолғаптар; - басты қорғау құралдары - каскалар; шлемдар, подшлемниктер; шапкалар, береттер, шляпалар;

- бетті қорғау құралдары - қорғау маскалары; қорғау щитоктары;

- есту мүшелерін қорғау құралдары - шуға қарсы шлемдар; наушниктар; вкладыштар;

- көзді қорғау құралдары - қорғау көзілдіріктері;

- сақтандырғыш құралдар - сақтандырғыш белдіктер; диэлектрикалық төсеніштер; қол қыспақтар; манипуляторлар; тізе қаптар, шынтаққаптар, иыққаптар;

- қорғаушы, дерматологиялық құралдар - жуу құралдары; пасталар; кремдар; мазьдар.

ЖҚҚ пайдалану максималды түрдегі қауіпсіздікпен қамтамасыз етуі, ал оларды пайдаланудан туатын ыңғайсьедық минимумға тең болу керек.

 

 

Ұжымдық қорғану құралдары екі немесе одан да көп жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан бір уақытта қорғанулары үшін арналған техникалық жабдық. Емдеу-профилактикалық құрал - жұмысшы денесінің ашық жерлерін химиялық өндіріс факторларынан қорғауға арналған түрлі кремдер, пасталар мен басқа да заласыздандыру құралдары.

Жұмысшыларды қорғану құралдарымен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлы - тұрмыстық құралдармен, емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмысшыларды өз есебінен жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасьв етуді жұмыс беруші жүзеге асырады. Жеке қорғану құралдарының қатары жеке және ұжымдық келісім - шарттармен анықталады. Жеке қорғаныс құралдары жұмысшылардың басқа жұмысқа ауысып, немесе қүралдардаң қолдану мерзімі аяқталған кездерде беріледі.

Ұйымда міндетті түрде санитарлы - тұрмыстық орындар болуы қажет, оларға: кім ілу, жуыну, тазалау, дәретханалар, ішетін су орнатылған орындар, арнайы киімдерді жуып, тазалау орындары кіреді. Жұмыс берушілер жеке қорғаныс қүралдарының тек сертификатталған түрлерін беруі тиіс. Жеке қорғаныс құралдары қозғалуы кезінде кедергікелтірмейтін ыңғайлы болуы және жұмысшылардың өз өлшемімен берілуі тиіс.

Талапқа сай емес және қолдау мерзімінен өтіп кеткен арнайы киімдер мен аяқ киімдерін жұмысшы тарапынан әсерсіз оны ауыстыру қажет.

Маусым келген кезде арнайы киімдер мен аяқ киімдер өткен маусымда пайдаланған жұмысшыларға қайтарылып беріледі

Жеке қорғаныс құралдары (газдан қорғану құралы, қорғану белдіктері, каскалар және т. б) тұрақты тексерістен өткізіліп жөнделіп отыруы, ал әйнектер мен басқа да қорғаныс құралдары уақтылы жаңарып отыруы тиіс.

Жұмысшыларға берілген арнайы кімдер мен жеке қорғаныс құралдары арнайы кеңістіктің санитарлық нормаларына сәйкес сақталады.

 

билет13.1Жер сілкінулердің белгілері және болжау мүмкіндіктері.

Жер сілкінісінің болжамы мынадай болады:

- ұзақ уақытты (бірнеше жыл);

- орташа уақытты (айлар);

- қысқа уақытты (күндер мен сагаттар).

Болжамның кез келген түрінің тура практикалық бағыты бар:

- ұзақ уақытты - сейсмикалык ауданда жерді қолдану мен құрылыс жасауды жоспарлауға мүмкіндік береді;

- орташа уақытты - авариялық қызметгі дайындыққа келтіріп, материалдық затгарды қорландыруға мүмкіндік береді;

- қысқы уақытты - аса қауіпті өндірістердің тоқтап қалуынан бастап, халықты көшіруге дейінгі жағдайларда төтенше шараларды қабылдау үшін қолданылуы мүмкін.

Болуы мүмкін жер сілкіністерін алдын ала айту, болжап айтушыларды танып-білу негізінде іске асырылады.

Жер сілкінісін болжап айтушылар - бұл мәні жер сілкінісінің алдында жүйелі түрде өзгеріп отыратын Жердің мінездемесін болжап айтушыларға талдау жасалық.

Сейсмикалық - әр түрлі магнитудадағы жер сілкінісінің жағдайы мен саны жуық арада болатын жер сілкінісінің аса маңызды индикаторының қызметін атқаруы мүмкін.

Жер қыртысының қозғалуы - Жердің үстінен триангуляциялық желістің көмегімен геодезиялық түсіру және ғарыштан спутниктер арқылы бақылау жердің үстінде ауқымды масштабта деформацияның болғанын айқындауға болады.

Жер қыртысының учаскелерін төмен түсіру және жоғары көтеру - жер үстінің вертикальдық қозғалысын құрғақ жерде тура нивелировкалар арқылы немесе теңізде теңізгравтың көмегімен өлшеуге болады.

Жер үсті еңістері - жер үсті еңісі бұрышының вариациясын өлшеу үшін наклономер құралы құрастырылған болатын. Бұл өте сезімтал құрал, жер сілкінісінің болуына аз уақыт қалғанда, жер үсті еңістерінде білінбейтін (5 см дейін) өзгерістерді байқайды.

Деформация - тау жыныстарының деформациясын өлшеу үшін ұңғымаларды бұрғылайды және ол жерге екі нүктенің салыстырмалы түрде ауысуының мөлшерін анықтап отыратын деформографтарды орнатады.

Құдықтар мен ұңғымалардағы судың деңгейі - жер сілкінісінің алдында жиі жер асты суларының деңгейі көтеріледі немесе төмен түседі.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы - сейсмикалық толқындардың жылдамдығы, судың жағдайы мен басқа да жыныстардың физикалық сипатына, сонымен қатар тау жынысының шиеленісу жағдайына байланысты, себебі бұл жыныстар арқылы толқында тарайды.

Геомагнитизм - тау түрінің деформациялануынан және жер қабатының жылжуынан жердің магнит алабы оқшаулап шектелген өзгеріске ұшырайды. Магнитті алқаптың кіші вариациясын өлшеу үшін арнайы магнитомерлер әзірленген.

Жер электрі - тау жыныстарындағы электр кедергісі жер сілкінісімен байланысты болуы мүмкін. Бір-бірінен бірнеше километр аралықта топыраққа орнатьшған электродтардың көмегімен өлшенеді.

Жер асты суларындарадонды ұстау - радон - жер асты сулары мен ұңғыма суында болатын радиобелсенді газ. Ол әрдайым жерден атмосфераға бөлініп шығады. Судың құрамындағы радонның өзгеруі, болуы мүмкін жер сілкінісінің белгісі.

Жануарлардың мінез-құлқы - жануарлардың мінез-қүлқын жер сілкінісін болжау үшін пайдалану қиын, себебі олардың мінез-құлқының өзгеруі көптеген себептерден болу мүмкін, оған ауа-райын, тамақты, денсаулықты жатқызуға болады. Егер тек олардың жаппай мінез-құлқы өзгергені байқалса, онда басқаша түсіндіру мүмкін болмайды, бұл өзгерісті жер сілкінісінің белгісі деп бағалау керек.

«Мир» ғарыш станциясында жер сілкінісін болжау туралы қызықты тәжірибе өткізілді. Бұл тәжірибені жүргізу барысында Жердің радиациялық белдеуінің шекарасындағы бөлшектер ағынының «өзгеруі» мен жер сілкінісінің арасында байланыс бар екені анықталды.

Тектоникалык жылжулардың болуына төрт сағат бұрын жер қабатындағы магнитгі «Мир» спектрометрлары. Жер радиациялық белдеуіндегі бөлшектер ағынының өзгерісін байқағаны анықталды.

Бұл әрбір төрт жер сілкінісінің үшеуінде байқалды.

Ғалымдардың пікірінше, бұл әдіс апаттардың болуына бірнеше сағат қалғанда білуге мүмкіндік береді.

Республикадағы барлық болжағыштар түрлерін бақылау толық ауқымда жүргізілуде. Дегенмен, сәтті болжамдар зақымдағыш жер сілкінісінен арылдырады деп ойлау дұрыс емес.

Дайындалу - жер сілкінісінде шығындарды азайтудың ең жақсы әдісі. Кешенді қорғаныс шараларын өткізгенде ғана болжам тиімді бола алады.

13.2 Өрт қауіпсіздік шараларын алдын алу. Өрт сөндіргіштің түрлері.

Өрттердің қаупі тек кәсіпорындарға, мекемелерге ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық объектілерге де төнеді: тұрғын пәтерде, жеке автокөлік немесе гараж бен саябақ учаскесінде тағы басқаларына да. Сондай-ақ өндірістегідей, тұрғын және басқа да бөлмелерді алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және қорғаныс жүйесімен қамтамасыз ету қажет.
Пәтерлердегі өрттердің себебі мынадай болуы ықтимал: отты абайсыз пайдалану; жарамсыз электр желілері мен тұрмыстық аспаптардан; әсіресе мас күйде төсекте темекі шегуден; розеткаға бір уақытта бірнеше электр аспаптарын қосудан; киім-кешекті жуу немесе тазалау үшін тез тұтанғыш сұйықтарды қолдану; қараусыз қалған балалардың отпен ойнауы; қараусыз қосулы қалған тұрмыстық электр аспаптарынан (теледидар, үтік, шәйнек, фен және т.б.)

Бірінші және міндетті қағиданы есте сақтаңыздар: - пәтердегі жалыннан бұрын аз-маз түтін иісі шықса «101», «112» телефондары арқылы өртке қарсы қызметті шақыру қажет.
Отты өз күштерімен жою көбінесе нәтиже бермей, уақыт зая кетіп, өрттің одан әрі өршуіне және жайылуына әкеп соқтырады.
Өртке қарсы қызметіне өрт туралы хабарлаған соң, балалар мен ересектерді, науқастар мен қарияларды қауіпсіз орынға шығарып, жақын орналасқан пәтердегі көршілерді құлақтандырыңыз. Баспалдақ торындағы немесе пәтердегі электр қалқанынан электр қуатын өшіріңіз. Ас үйдегі газды да жабыңыз. Егер сіздің үйіңіз түтіноқшаулағыш жүйесімен жабдықталса, оны қосыңыз. Өрт сөндірушілердің келуін күтпей қолда бар құралдар – суы бар шелекпен, өрт сөндіргішпен, суланған матамен жалынды сөндіруге кірісіңіз.
Бүгінгі күнгі тәжірибе әрбір пәтерде өрт сөндіргіштің болуы қалыпты жағдай екенін көрсетіп отыр. Терезе мен есіктерді ешқашанда ашпаңыз, өйткені қосымша кірген ауа оттың өршуіне әкеледі.
Егер отты өз күштеріңізбен сөндіруге қауқарыңыз жетпесе, дереу бөлмеден шығып, есігін тығыздап жабыңыз. Отты бөгеу үшін есіктің сыртынан су құйыңыз. Өрт сөндірушілерді қарсы алуды ұйымдастырып, оларға өрт ошағы мен жанып жатқан бөлмедегі адамдар туралы хабар жеткізіңіз.
Егер от жолыңызды кесіп тастаса, балконға шығуға тырысыңыз, оның есігін жауып, айқайлап немесе басқа белгілерді беру арқылы адамдардың назарын өзіңізге аударыңыз. Түтынге толы бөлмеде болсаңыз, еңкейіп еденге, бөлменің бұрышына жақын қимылдаңыз, өйткені бұл орындарда түтін аз, ал оттегі көбірек болады. Сіз тұрған бөлмеге түтіннің аз келуі үшін есіктегі саңлауды суланған шүберекпен тығындауға тырысыңыз.
Егер адамның үстіндегі киімі жана қалса, ондағы жалынды сөндіру үшін адамның үстіне суланған шүберекті жабыңыз немесе жатқызып жерге аунатыңыз. Зардап шеккенге алғашқы көмекті көрсетіңіз: күйік шалған денесіне зақым келтірмей, бықсыған киімін шешіп алыңыз да күйік шалған орындарға құрғақ дәкені жабыңыз.

Өрт сөндіргіштердің түрі – көбікті, көмірқышқылды, үгінді түрде болады.Өрт сөндіру жабдықтарына спринклерді және дречерлі қондырғылар жатады.

Барлық мекемелерде алғашқы өрт сөндіру құралдары нұсқаулыққа сәйкес, толығымен және іске жарамды түрде тұруы қажет.
Бұл шара үшін арнайы бекітілген өрт сөндіру қызметшісі немесе арнайы нұсқаулықтан өткен адам жеке басымен жауап береді.
Өрт сөндіргіштер мен өрт сөндіру крандары нөмірленіп арнайы журналда тіркеліп тұруы керек. Журналда өрт сөндіргіштердің соңғы рет толтырылғаны мерзімі, кранның соңғы тексерілген мерзімі көрсетілуі керек. Өрт сөндіру крандары және өрт сөндіргіштерге пломба салынып папорт ілініп қояды. Пломба жоқ болса өрт сөндіргішті алып іске жарамдылығын тексеріп толтырылғанын тексереді.
Өрт сөндіргіштерді арнайы өрт сөндіру қоғамының шеберханасында толтырады. Пайдалану мерзімі өтіп кеткен көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштерді дереу ауыстырады. Баллонның жоғары жағында мерзімі жазылады. Бірінші сан- айы, екінші – жылы, соңғы- келесі толтыру жылы деп есептеледі.
Кезекті қарау кезінде өрт сөндіргіштерді сыртын шаң мен кірден тазалап отыру керек. Тот басқан жері немесе сырдың кеткен жері болса, дереу тотты қырып тастайды да, керосинделген шүберекпен қырған жерін сүртеді де, жаңадан қызыл сырмен сырлайды.
Көбікті өрт сөндіргіштердің мембранала және сепкіш қасиетін тексеру жөн. Өр сөндіргіштерді жабық жайларда орналастыру керек. Егерде ашық ауада орналастырылған болса өрт сөндіргіштердің үстіне төбе жасайды, немесе арнайы қызыл түсті сырға боялған шкафтарға орналастырады. Көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштерге ерекше қатаң талап қойылады. Әсіресе ылғал тимеуі қажет, жылыту аспаптардың жанында қоюға болмайды, күн сәулесі түсетін жерден аулақ болуы керек.
Су сепкіш жеңдерді де ерекше күту керек. Оларды уақытында шаңнан тазартып, орнын ауыстырып отыру керек. Ылғал жеңдерді кептіріп отыру қажет. Өйткені осы шаралар орындалмаса, жеңдер тез тозып кетеді.

13.3 Дем алу мүшелерін қорғау құралдары.

Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.

Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды

Билет 14.1Жер сілкінбей тұрып, сілкінген кезде, сілкінгеннен кейінгі сақталатын ережелер.

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз. Ең маңыздысы - сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз

Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек:

Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды алдын-ала ойластыру қажет. 1) 15-20 секундтан аспайтын уақытта жүріп өтетін жолды белгілеп қою; 2) Үйде, жұмыста, жұмыс орнына жақын жерлерде қауіпсіз орынды алдын-ала анықтау; бұлар ішкі негізгі қабырғалардың арлығы, қабырғалардың аралығы, қабырғалар арасындағы бұрыштар.

Жер сілкінісі кезінде ең қауіпті болатын жерлер: бұрыштағы бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттағы бөлмелер, лифтінің маңындағы бөлмелер. Құлап келе жатқан заттардан, сынықтардан берік стол және кереуеттердің астына тығылуға болады.

Жер сілкінісі кезінде:

Егер бір қатарлы үйде немесе 1,2-ші қабатта болсаңыз үрей туғызбай 15-20 сек. ішінде ғимараттан шапшаң шығу керек.

Неғұрлым ашық, қашық жерге жету.

2-ші қабаттан жоғары тұратын болсаңыз үйдің ішінен қауіпсіздеу жерге басыңызды қолыңызбен жауып орналасасыз.

сылақтар, жарық беретін шынының құлап түсу қауіпі болатын болса столдың астына жасырыну;

терезеден қашық болу;

есіктен шығарда өзгелерді басып, таптап кетуден сақтану, лифтіні пайдаланбау;

дүмпу тоқтағанда, арқаны қабырғаға бере жүріп басқышпен түсіп, ғимаратты тастап шығу;

көршілердегі балалаларға, егде адамдарға көшеге шығуына көмектесу;

үзілген сымдардан сақ болу;

көлікте рольде болсаңыз, ашық жерге шапшаң тоқтау. Дүмпу аяқталғанша көліктен шықпау.

Жер сілкінісіне дейін аса қажет заттарды алдын ала дайындап қою қажет:

Құжаттар;

Қажетті дәрі-дәрмектер, запас бинттер;

Қалта шам және запас батарейка;

Жылы киімдер мен аяқ-киім;

Су және қаптамадағы тамақ (2-3 күнге запас);

Май шамдар, сіріңке;

Сынбайтын ыдыс;

Тасымалданатын радиоқабылдағыш;

Осының барлығын рюкзакта немесе сөмкеде пәтерге кіре берісте сақтаңыз.

Жер сілкінісінен кейін:
Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз. Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз. Анық зардап шеккен ғимартқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Қайталама түрткіге дайын болыңыз, мұндай жағдайларда едәуір қауіпті болып жер сілкінісінен кейінгі алғашқы екі-үш сағат табылады, дегенмен олар бірнеше тәулік, апта және тіпті ай өткеннен кейін де болуы мүмкін. ғимаратқа кiрерден бұрын баспалдақтың, қабырғаның құлап қалу қаупiнiң бар-жоқтығына назар аударыңыз. Қатты қираған ғимаратқа жақындамаңыз. Ашық отты пайдаланбаңыз;

14.2 Радиацилар: түсінігі және радиоактивті сәулеленү түрлері.

Радиациялық құбылыс кезінде адам өміріне аса қауіпті иондалған сәуле шығады. Иондалған альфа сәулесі адам ағзасына тамақ, ауа немесе жарақаттанған жерге түскен кезде қауіпті, бірақ оның өту қабілеті өте төмен. Бета сәулесі екі сантиметр тереңдікке жететін болса, гамма сәулесі тез таралу және өту қабілетінің жоғарылығымен қауіпті.
Радиацияның жерден шығатын көзі-тау жыныстары, бұлақ-тың суы, радонның радиобелсенді газы. Жер қыртысында кең та-ралған табиғи радиоактивті заттар гамма сәулесін шығарады. Олар жер қыртыстарында, тау жыныстарындағы гранит алатын радиоак-тивті тектерден тұрады.
Табиғатта уран мен торийдің ыдырауы кезінде шығатын ра-дон газына ерекше орын беріледі. Бұл газдың түсі, дәмі, иісі бол-майды, ауадан 7,5 есе ауыр, ол көбінесе өзінің жер бетіне қолданып жүрген құрылыс материалдарымыз. Қазіргі уақытта радоннан қорға-нудың көптеген жолдары бар. Мысалы, үй астындағы топырақты бетондау, бөлмелердегі қабырғаларды пластик материалдармен қап-тау, радонның эмиссиясын төмендететін май бояуын бірнеше қабаттап жағу, қарапайым түсқағаздарын жапсыру, жертөлелерге желдетпе ор-нату сақтық шараларының ең қарапайым түрі болып есептеледі. Ауыз-судағы радонды жою суды жай қыздыру, көмір сүзгіштен өткізу арқылы іске асырылады.

Радиоактивті сэулеленудің үш түрі бар: -, -, -сәулелену. -, -, - сәулелердің құрамы олардың магнит өрісінде ауытқуы бойынша тағайындалған.

-сәулелену электр жэне магнит өрістерінде ауытқиды, иондау кабілетке жоғары жэне өту кабілеті аз ( -сәулелер калыңдығы 0,05 мм алюминий кабатында жұтылады). -сәулеленү; гелий ядроларының ағыны болып табылады, а-бөлшектің заряды +2е-ға тең, ал массасы гелий изотопының массасына сәйкес келеді.

-сәулеленү; де электр жэне магнит өрістерінде ауытқиды, оның иондау кабілеті а-сәуленің иондау кабілетінен екі есе аз, ал өту қабілеті керісінше коп (калыңдығы 2 - 3 мм алюминий кабатында жұтылады). –сәулелену шапшаң электрондардың ( -ыдырау) немесе позитрондардың ( + -ыдырау) ағыны болып табылады.

-сәулелену электр жэне магнит өрістерінде ауытқымайды, иондау кабілеті салыстырмалы түрде төмен, ал өту қабілеті өте үлкен (мысалы, калыңдығы 5 см корғасын кабатынан өтеді), кристалл аркылы өткен кезде дифракция байкалады. γ-сәулелену толкын үзындығы өте аз < 10-10м қыска толкынды электромагниттік сәулелену болып табылады, соның нәтижесінде корпускулалык қасиеті айқын өрнектелген, яғни у-кванттар бөлшектерінің (фотондардың) ағыны болып табылады.

 

14.3 Тері мүшелерін қорғау құралдары және медициналық қорғану құралдары.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 1056. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия