Платонның этикалық көзқарасы
Деловой этикет – важнейшая сторона морали профессионального поведения делового человека, предпринимателя. Знание его – необходимое профессиональное качество, которое надо приобретать и постоянно совершенствовать. Почти 70% выгодных для отечественных деловых людей сорвавшихся сделок не состоялись из-за того, что российские бизнесмены не знают правил делового общения и не владеют культурой поведения. Эта цифра подтверждается и мировым опытом. Культура поведения - поступки и формы общения людей, основанные на нравственности, эстетическом вкусе и соблюдении определенных норм и правил. Истинная культура поведения есть органическое единство внутренней и внешней культуры человека, умение найти правильную линию поведения даже в нестандартной, а порой и в экстремальной ситуации.
Платонның этикалық көзқарасы Платонның негізгі еңбектері “Сократты жақтау², “Критон², “Мемлекет², “Федон², “Парменид², “Софист², “Заңдар² т.с.с. Платонның көзқарасының қалыптасуына зор әсер еткен Гераклит. Ол оның негізгі тұжырымын “Бәрі де ағым², “бітпейтін өзгеріс² толық қабылдайды, бірақ тек ол біз өмір сүріп жатқан Дүниеге тән. Екнішіден, оған Элея мектебінің негізгі қағидалары да зор әсерін тигізді. Ол - қозғалмайтын, мәңгі, бір Болмыс идеясы. үшіншіден, Сократтың моральдық философиясы, оның негізгі ұғымдары-құндылықтары – Ақиқат, қзгілік, Әсемдік. Төртіншіден, Пифагордың сандық философиясынан шығатын өлшемдік ұғымы. Платонның философия саласында жасаған төңкерісі – оның “Эйдос² (идея) әлемін ашқаны. Платонды сезімдік таным қанағаттандырмайды, өйткені Дүние - ағым, заттар өне бойы өзгерісте, тұрақсыз. Ал біз өзіміздің білімімізде тұрақтылыққа, жалпыға ортақ, өзгермейтін ұғымдар жасауға, яғни Дүниені түсінуге тырысамыз. Ал ондай білімді біз бұл сезімдік әлемнен таба алмаймыз. Олай болса, оның қайнар көзі “Шынайы болмыста²- Эйдос әлемінде, “қол астындағы болмыстан² біз оны таба алмаймыз. Біз Платонның бұл жаңалығының негіздемелерін оның әртүрлі диалогтарындағы Әсемдік, қзгілік, Әділеттілік, Батылдылық т.с.с. ұғымдарды Сократтың атынан талдағанда көреміз. “үлкен Гиппий² деген диалогында Сократ мынандай сұрақ қояды: “Расында да, ізгіліктен барлық ізгі істер, әділіттіліктен барлық әділеттік, әсемдіктен барлық әсем заттар тумай ма? - Әрине, - деп жауап береді Гиппий. - әсемдік ол әсем қыз, мысалы. Оған Сократ: “Неге әсем бие, ия әсем құмыра емес? ² – деген сұрақ қояды. Әрбір зат бір жағына әсем, екінші жағынан, басқа заттармен салыстысақ, - түрсіз болуы мүмкін. Ал бізге барлық заттарға ортақ жалпы әсемдік керек қой. Гиппий оны алтыннан, басқа заттардан, неше түрлі моральдық құндылықтардан іздейді, бірақ таба алмайды. Платонның көзқарасы бойынша, заттардың әсемдігі - әсемдік идеясында жатыр. Оның қайнар көзі – “Эйдос әлемінде². Сонымен, сезімдік әлемнен басқа тұрақты, мәңгілік қозғалмайтын, кемеліне келген басқа әлем – идеялар әлемі бар екен. Егер бұл әлемдегі заттар сезім арқылы танылса, онда ақыл-оймен танылатын ұғымдарға идея әлемі сәйкес келуі керек. Олай болса, идеялар – ой емес, ойдың зерттейтін пәні, ол – шынайы болмыс. Идея заттардың терең мәнін құрайды, оның бітімін қалыптастырады, сол себептен оны Дүниеге әкеледі, оның “парадигмасын² құрайды (paradeіgma – грек сөзі, -үлгі). Өзінің идеялар әлемі түсінікті болуы үшін Платон “Үңгір жөніндегі аңызды² пайдаланады. Соңында бұл аңыз метафизика, гносеология және диалектиканың символына айналды. Көзімізге үңгірде, я болмаса зынданда, аяқ-қолы байланған адамдарды елестетейік. үңгірдің аузы күншығысқа қараған, сондықтан оның сәулелері сондағы адамдар қарап отырған жаққа түсіп тұр. Жер бетінде керуен кетіп бара жатыр, адамдар әртүрлі заттарды көтеріп бір-бірімен сөйлесіп келеді. Үңгірде қамалған адамдарға солардың қозғалып бара жатқан көлеңкелері көрінеді, түсініксіз күнгірт дыбыстар естіледі. Олар бірақ жер бетінде шын өмір барын білмейді, сол көлеңкенің өзін шын өмір екен ғой деп есептейді. Бірақ, сол қамалған адамдардың біреуі ойланып-толғанып, ақырында өзінің көлеңке әлемінде тұрып жатқанын түсінуі мүмкін. Ал екіншісі аяқ-қолын қалайда шешіп, үңгірдің сыртына шығып, күн көзінің сәулесіне көздері үйренгеннен кейін шынайы өмірдегі адамдарды, заттарды, соңында жарқырап тұрған күннің өзін көреді. Үңгір аңызынан қандай философиялық тұжырымдар жасауға болады? Біріншіден, болмыстың әртүрлі деңгейлігі жөнінде – сезімдік болмыс пен құдіретті болмыстың бар екендігі; үңгірдің ішіндегі көлеңкелер – сезімдік әлем, ал жер бетіндегі адамдар мен заттар – нағыз болмысты құдіретті әлемді көрсетеді, ал күн – ол ізгілікті көрсететін идея. Екіншіден, танымның деңгейлерін байқауға болады – ол сезімдік таным, ақыл-оймен тану, интуитивтік жолмен соңғы себептерге жету (іntuіtіo – латын сөзі, -ақиқатты еш дәлелдемесіз-ақ оймен көру). Үшіншіден, бұл аңыздың моральдық, аксиологиялық жағын да байқауға болады. Өмірде тек қана сезім толқынының шеңберінде болу – ол үңгірдегі өмір. Рухани өмір сатысына көтерілу – ол нағыз болмыс әлеміне көтерілумен тең. Ал күннің өзін көріп тамашалау – ол құдіретті күшті көрумен тең. Ал идеялар әлемі бар болса, ол қай жерде екен деген сұрақ заңды түрде пайда болады. Оның орнын Платон “Гиперуранияда – ол аспаннан да жоғары орналасқан², - дейді. Олай болса, ол материалдық әлемнен басқа, оны тек ақыл-оймен ғана түсінуге болады. Платон идеялар әлемін белгілі бір жүйе ретінде қарайды. Олай болса, оның төменгі және жоғары дәрежеде орналасқан құрамдас бөліктері бар. Жүйенің ең шыңында ізгілік идеясы орналасқан. Ол Бірліктің көрінісі. Оған қарсы тұрған екінші бастау – ол Диада – шексіз көптіктің бастауы, - үлкен мен кішкентайдың, шексіз үлкен мен шексіз азды қамтиды. Осы екі бастаудың қосылысы идея әлемін құрайды. әрбір идея – бір жағынан шексіз, екінші жағынан шектелген. Бірақ, әңгіменің ең қиындығы – идея әлемі материалдық Дүниені қалай тудырады? Материалдық емес нәрсе - материалдық сезімдік өзгеріп жатқан әлемді қалайша дүниеге әкеледі? Платонның ойынша, материя – мәңгілік өзімен-өзі өмір сүріп жатқан енжар нәрсе. Оны хаостық жағдайдан (chaos – түнғиық, белгісіз, бітімсіз, еш тәртіпсіз деген мағна береді) космосқа, тәртіпке келтірілген Дүниеге әкелген Демиург. Ол идеалды әлемді үлгі ретінде алып, материяға бітім беріп, бұл Дүниені тудырды. Идея әлемі – парадигма – ол мәңгі, алғашқы, Демиург та Құдай ретінде мәңгі, бірақ сезімдік әлем, түп-нұсқа емес, жасалған, көшірмелі болғаннан кейін - өтпелі, жалған, көлеңке. Әрине, бүгінгі таңдағы білім тұрғысынан біз Платонның идея әлемін қатты сынға ала аламыз. Әрбір Дүниедегі жеке заттың тек өзіне ғана тән жақтары мен бірге басқа заттарға оны жақындататын жалпы жақтары бар. Адам таным процессінде заттардың жалпы қасиеттерін зерттеп, оны белгілейтін ұғымдарды туғызады. Оны адам тіл арқылы береді. Олай болса, әрбір сөз Дүниені жалпылайды, әсіресе, ғылыми ұғымдар. Мысалы, адам ұғымы жер-бетінде өмір сүріп жатқан 6,3 млрд адамзатын қамтиды. Нақтылы жеке адам Дүниеге келіп, кетуі мүмкін, ал адам ұғымы қала береді. Бірақ, осы нақтылы тірі өмір сүріп жатқан адамдар болмаса, онда адам ұғымы да болмас еді. Мәселе Платонның идеалдық әлемінде емес, әңгіме сол идеялар әлемін тудыратын ұғымдарда. Платоннан кейін ұғымдарды зерттеу, олардың табиғатын ашу, бір-бірімен байланысын көрсету – философияның негізгі мәселелерінің біріне айналды. сүйіспеншілікке келетін болсақ, ол сұлулық пен ізгілікке құмарту. Олай болса, ол – философия – даналықты сүю - өйткені даналықтың өзі сұлулық пен ізгілікті сүюмен тең. Сүюдің бірінші баспалдағы – ол жыныстық сүю, әсем денеге деген құмарту және соның ішінде басқа өмірді келтіру; онда да өлместікке деген құштарлық бар - ұрықтандыру жолында жаңа өмір Дүниеге келеді – ол өлместіктің кепілі. Екінші сатыда сүюдің басқа бітімі Дүниеге келеді: біз денеге емес, басқа адамның жан-дүниесімен тіл табысып оны сүйеміз – онда шашылатын тұқым – рухты жандандырып, байытады - өнерге, білімге, әділеттілікке, ізгілікке деген құштарлық; пайда болады. Үшінші сатыда Сүйіспеншілік бізді идея әлеміндегі әсемдіктің өзімен ұштастырады. Платон метафизикалық, гносеологиялық, этикалық мәселелерді әлеуметтік саяси мәселелермен байланыстыра білген. Ол оның “Саясаткер², “Мемлекет², “Заңдар² деген еңбектерінде көрсетілген.
7. Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: • мәдени әрекет, • мәдени орта, • мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және • мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар: • Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады; • Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады; • Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады; • Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты. Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр. Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт аракашықтығына орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің "өз есімізді білген" тарихи уақыт болып табылады. Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы "тарихымен" салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол — бізге таңсық, түсінгенімізден түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі.[1] Адамдардың бірлесе өмір сүру тәжірибесінен, мәдениеттің дамуынан Моральдық нормалар шыққан және оның орындалуын қоғамдық пікір қадағалап отырады. Ынтымақтастық пен адамгершілікті нығайтатын қалыптар Мораль ережелері болып қабылданады. Жеке тұлға қоғамның әдеп мәдениетін игеру барысында өз мінез-құлқын реттей алатын қабілетке ие болып, айналасында болып жатқан оқиғаларға Моральдық баға бере алады. Нәтижесінде адам кісілік қасиеттерін дамыта алатын субъектіге айналып, оның бойында ар-ұят, жауапкершілік, парыз, намыс, ізгілік секілді жоғары Моральдық, кісілік қасиеттер қалыптасады. Моральдық сана тек таңдау мүмкіндігі бар жерде ғана әрекет етеді. Мәжбүрлеп істелген іске Моральдық баға беру қиын. Сондықтан Моральдық санада мотив, пиғыл, мақсат мәселелері алдыңғы қатарға шығады. Моральдық сананың үш сатысы болады. Біріншісі, адамның ішкі тылсым дүниесін, яғни Моральдық қажеттіктер мен қабілеттерді, эмоциялар мен сезімдерді, т.б. қамтиды. Әдептік сананың екінші сатысына рационалды ақыл-ой елегінен өткен Моральдық түсініктер жатады. Рационалды Мораль, әдетте әр түрлі әдептілік ережелерінен, адамгершілік туралы этик. теориялардан тұрады. Моральдық сананың үшінші сатысы Моральдық интуиция (түйсік) болып табылады. Моральдың негізгі бөлігіне іс-әрекет, мінез-құлық жатады. Моральдық мінез-құлықта мотив-мақсатты, құрал мен нәтижені айыра білу қажет. Әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларына сәйкес кәсіптік, отбасылық, тұрмыстық, т.б. Мораль түрлері айқындалады.
Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады. Мәдениеттің қоғамдағы әдептік қызмет-міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарамызды өзіне аударатын нәрсе – мәдениет пен білімнің арақатынасы. “Табиғаттан қулығын асырып жіберуге” (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», Ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интелигенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді». Осы сипатта, әсіресе зиялылар мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. Білімділік – мәдениеттіліктің маңызды алғы шарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады.Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы – жақсылық пен жамандықты айырамыз. Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-семіп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады. Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы даланы тұтас бір континуим ретінде бағалаумен қатысты. XX ғ. қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің арасында үлкен айырмашылық бар. Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады. Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөңгелек құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген. Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы 12-5 және 5-8 мың жылдықтардың арасын қамтиды (мезолит - орта тас дәуірі, неолит - соңғы тас дәуірі). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 мың жылдықта басталған неолит тас құралдарын барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын өңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі аналық рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен, егіншілікпен және кен өнеркәсібімен шұғылдана бастады.Сөйтіп, өндіруші шаруашылық пайда болды. Бұл өндіруші шаруашылық табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына – жиын-терін мен аң аулаудың орнына келді.Қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-дей ескерткіш қалдықтары сақталған. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта ежелгі Қазақстан аумағында мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарына да жиі қолданылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
|