Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақ мәдениетіндегі автохтондық және гомогенділік мәдениет





Автохтонды мәдениет (гр. autochton - жергілікті) - белгілі бір аймақтың ең ежелгі халқының мәдениеті, алғашқы пайда болған жерінен қоныс аудармай, мәдени біртектілікті сақтай алғанэтномәдениет. Автохтонды мәдениет ұғымы Л.Н. Гумилевтің еңбектерінде жан-жақты карастырылған. Автохтонды мәдениеттің басты қағидалары:

• этностар биосфераның бір бөлігі болып табылады;

• адамдар ландшафтыға икемделе бірігеді;

• әрбір халықтың кеңістік тұтастығы, Отаны бар;

• адам өз биоценозында, басқалардың емес, өзінің атабабаларының тәжірибесіне сүйене отырып өмір сүреді.

Ландшафтың өзгеруі ұлттық мәдениеттің өзгеруіне әкеліп соғады. Еуразия құрлығын 5 автохтонды этно-мәдени аймаққа бөлуге болады:

1. муссондық Қиыр Шығыс - конфуцийшілік-буддалық өркениет кеңістігі;

2. құрғақ Ұлы Дала - көшпелілер мәдениетінің аймағы;

3. субтропик Таяу Шығыс - мұсылмандық әлем;

4. орманды Шығыс Еуропа - батыс христиандық кеңістік.

Еуразияның далалық аймағын оның ландшафты мен ауа райына бейімделген автохтонды этностар: түркілер, моңғолдар, угро-финдер, тибеттіктер, т.б. мекендеген. Адамзат тарихында мүлдем оқшауланған, арғы тегін таза сактап калған мәдениеттер сирек кездеседі. Тарихи-мәдени процестер барысында әр түрлі мәдениеттердің тоғысуы, олардың сүхбаттық аймағының үлғаюы өркениеттік даму үшін ыңғайлы болады. Қазақтар Орталық Азияның автохтонды тұрғындары болғанымен, ғасырлар барысында көптеген сыртқы мәдени ықпалдарды да өз бойына сіңірді.[1]

 

 

21. Рухани мәдениеті:Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және т.б.

 

Сол сияқты ХVІІІ ғасыр “ақындар поэзиясы ғасыры” деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары – ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры - жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай - халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады.

 

Бұхар жырау

XІX ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дәуірде айтыс өнері дамып, даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты әйгілі ақындар қатары Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәрбие, Ақбала және басқалар сияқты ақын қыздардың есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмұны жағынан айтыстар бір-біріне ұқсамайды. Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмұнында халықтың өмірі, оның шаруашылық-тұрмыстық проблемалары, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері сөз болса, Біржан мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне жеке бостандық беру мәселесі көтеріледі. Мұндай айтыстармен қатар бірін-бірі қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін әзіл-оспаққа құрылған айтыс түрлері де аз кездеспейді.

Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнамашысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі” сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.

Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы және ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.

Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындары да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері - Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды. Ахмет Байтұрсыновтың “Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында” деп тұжырымдағаны сияқты, бұл ақындар да қара басын күйттеген ақын емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Әттең, бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Дулат Бабатайұлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа” өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен қатар шығыстық ақындық дәстүр үлкен орын алды. Қазақтың дастандары араб-парсы әдебиетімен, фольклорымен байланыста болды. Абай қазақтың классикалық әдебиетіне дастандар алып келді. (“Ескендір”, “Масқұт”, “Әзімнің әңгімесі”). Абай (Ибраhим) Құнанбайұлы (1845-1904) өзі туған ортадан шоқтығы биік тұрды. Оның пікірінше, әрбір ойлы адам қоршаған өмір шындығына өзінің саналы көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Абайдың бүкіл шығармашылығы әрекетсіздік пен жалған ұятқа деген ымырасыздық идеяларына толы. Ол ел ішінде бірлік пен татулық болғанда ғана қоғамның негізгі күштері - ғылым, алдыңғы қатарлы идеялар, мәдениет толық көлемде дами алады және бүкілхалықтық игілік әкеледі деп санады. Қоғамды алға дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Яғни, бұл даму егіншілікті, қолөнерді, сауданы дамытумен тығыз байланыстырылды. Ұлы ақын:

Егіннің ебін,

Сауданың те гін

Үйреніп, ойлап, мал ізде”

деген болатын. Сол сияқты ақын орыс әдебиеті мен мәдениетімен таныс болды. М.Ю. Лермонтов, А.С.Пушкин, Н.Крылов шығармаларын аударумен шұғылданды. Орыс әдебиеті үлгілерін қазақ халқы арасына тұңғыш таныстырушы болып, олардың өскелең идеяларын насихаттады.

Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде Ш.Уәлихановты (1835-1865) атаймыз. 1856 жылы Ш.Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі - дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны “Манасты” көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уәлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі - ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. “Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі”, “Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы”, “Қырғыздар туралы жазбалар” деген тарихи-этнографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі болатын. Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Оның ғылыми мұрасы Қазақстанның және көп ұлтты Ресейдің, басқа да халықтардың проблемаларының өзекті тұстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.

 

А.Құнанбаев пен Ш.Уәлиханов XІX ғасырдағы екі үлкен білім жүйесінің өкілдері болды: діни (мұсылмандық) және зайырлы (орыстық). Мектеп пен медреселерде діни білім беріліп, молдалар мен мұғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім философия, тарих, әдебиет, астрономия, медицина, математика, лингвистика пәндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды Ресейге қызмет ету мен орыс мәдениетіне қызығушылық жолдарына салды. Олар отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар, оқытушылар, әскерилер, дәрігерлер даярлады.

Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 жылы танымал жаңашыл-педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды. Ы.Алтынсарин (1841-1889) бастамасымен және тікелей қатысуымен Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің құрылуына қол жеткізілді. Ол, әсіресе, қолөнер және ауылшаруашылығы училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсап, байырғы халық арасынан Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән берді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап “Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы” және “Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық” атты оқу құралдарын жазды. Орыс кластарына қазақ тілінен сабақ беріп, ол ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту, қазақ әдеби тілін қалыптастыру жолында жемісті еңбек етті.

XІX екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-әңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған композиторлардың дүниетанымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрса да, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Құлтума Сармұратұлы сияқты және тағы басқа көптеген ақын, әнші, композиторлардың шығармашылық және орындаушылық шеберлігі арқасында қазақ ән мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары дәрежеге көтерілді.

 

22. Кезінде орыстың әйгілі педагогы К.Д.Ушинский еуропа халықтарының тәрбие саласында педагогикалық формулаларының ұқсастығына қарамастан, әрқайсысының өздеріне тән ерекше ұлттық тәрбие жүйелерінің, ерекше мақсаттарының, сол мақсаттарға жетуде өздерінің ерекше құралдарының болғанын айтқан. «Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» - деген ол. Халықтың тарихы, оның тіршілігі тәрбиенің мақсатын анықтайды. Сондықтан оқу – тәрбие жұмысында оның бағытын, мазмұнын, формалары мен әдістерін таңдауда көзсіз еліктеушілік оң нәтиже бермейді – деген өнегелі өсиеті бүгінгі таңда қазақ елінің тәлім - тәрбие саласында ұстанып отырған бағытын анықтайды. «Халықтық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір – бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады».

Олай болса, жасөспірім бойына халқымыздың салт – дәстүрлерін, әдет- ғұрыптарын, имандылық пен ізгілік нұрын сіңіруге баса назар аудару, бүгінгі таңда басты мақсат – мұраттарымызға айналып отыр. Ол үшін өз елін, өз жерін сүйетін, өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін қадірлеп-қастерлейтін азаматты тәрбиелеу, ұлттық санасын дамыту – мектептердің басты міндеті болмақ. Өз ұлтының келешегі мен бүгінінен бейхабар азаматтан қандай жақсылық күтуге болады. Ұрпақ тәрбиесі келешек ұлт тағдыры, олай болса тәлім – тәрбиеде бүкіл халықтың қолдауы қажет. Ұлттық мәдениетімізді ұрпағымыздың санасына сіңіріп, салауатты азаматтарды тәрбиелеген кемелді ел болып, өркениеттілігімізді көтеру үшін ең алдымен ұлттық тәрбиенің бүкіл халықтық бағдарламасын жасау керек. Сол бағдарламаны үлкен де кіші де, зиялы қауым да орындауы міндетті болуы тиіс. Сонда ғана біз «бесігімізді» түзей аламыз. Оның алғашқы түрлері бар, олар «Атамекен», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», «Алтын көмбе» бағдарламалары. «Әдеп әліппесі» (бастауыш мектеп), «Әдеп пен жантану» (орталау мектеп), «Қазақ этнопедагогикасы» (жоғары мектеп) пәндері арнайы бағдарламалар негізінде оқытыла бастады. Республикада білім беру мазмұнын жаңарту, жаңа буын оқулықтары мен кешендерін жасау жұмыстары да қатар жүргізілуде. Оқыту қазақ, орыс тілдерінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің 1-7 сынып- тарында жаңа оқу жоспарларымен, бағдарламаларымен және төл оқулықта – рымен қамтылып, соның негізінде оқуға көшкен. Сондай-ақ, барлық мек – тептердің 1-11 сыныптарында «Валеологиядан» факультативтік курстар оқытылуда. «Жасөспірімдердің адамгершілік – жыныстық тәрбиесі» негізінде бағдарлама әзірленуде.

 

Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму процестерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында мекен ететін халықтардың тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрлі мәдениетімен, салт-дәстүрімен және өткенімен тарихи сабақтастықта айқындалады. Қоғамның даму үдерісінде қол жеткізген тарихи тәжірибесі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі бір ретпен жинақаталып отырады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде: «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну – бұл өзі деп атап көрсеткен болатын Міне, сол ғасырлар-тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс», қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерін оқушылардың тәрбиесінде, соның ішінде еңбек тәрбиесінде пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Себебі, ұлттық тәрбиенің қайнар көзіне, қазақ халық педагогикасы мен дәстүрлеріне қайта оралу заманның жай қоғамдық өмір талабынан туындаған қажеттілік, өйткені мәдениеттің әлеуметтік-тұрмыстық-ағымы ғана емес, ол дәстүрлі түрлерін танып-білу арқылы адам баласы оның рухани бастауына терең бойлайды, туған елінің, ұлтының өзіндік болашақ ұрпақтарын дәстүрлі еңбекке тәрбиелеуі.-ерекшелігін аялап, сақтауға үйренеді. Қазақ халқының сондай дәстүрінің бірі Сондықтан, қазақ халқының әлеуметтік, рухани-мәдени құндылықтарын сақтай отырып, оқушылардың еңбек етуге белсенділік қасиетін, дәстүрлі еңбек үдерісін меңгертуде тұрақты дағдыларын, шығармашылығын қалыптастыруды қамтамасыз ету өзекті мәселе болмақ. Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшкен Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескеру және халықтың еңбек салт-дәстүрлеріне сүйену арқылы қоғам алдында өзінің дербестігі мен жауапкершілігін сезінетін, қоғамдық сана-сезімі оянған, парасаты мен ар-ожданы биік, іскер, қабілетті, шығармашыл, кәсіпкер, нарық жағдайында бәсекелестікпен еңбек ете білетін, әрбір жұмыстың пайдалы көзін тауып, өзінің таңдаған мамандығына деген білімділі қазіргі-гін, біліктілігін көрсете білетін азамат тәрбиелеу таңдағы өркениетті қоғамның талабы. Осыған орай Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін, интеллектін дамыту міндеті көзделген. Демек, оқушыларды дәстүрлі еңбектің қай саласында болмасын тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, еңбек іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз ұлттық болмысын таныта алатын маман етіп тәрбиелеу қажеттілігі айқындалған. Еңбек тәрбиесі адамзат қоғамының түрлі кезеңдеріндегі даналық ой-пікірлерді уағыздаушы шежірешілер еңбектерінен көрініс алды. Орхон-Енисей ескерткіштерінің авторы Иоллығ-тегіннің «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандары, осы дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі – Қорқыт ата тағылымдары еңбек тәрбиесінің алғашқы философиялық, педагогика-психологиялық идеяларын өзек етсе, бұл мәселе олардан кейінгі ойшылдар мен ағартушылардың: әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин және т.б. тәлім-тәрбиелік мұраларында да жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ болашақ

 

 

23. Жалпы, патриотизмді ұлттың тілі, діні мен ділімен тығыз байланысып, астасып жатқан ұғым деп қарастырған дұрыс болар. Дәл бүгінгі шақта көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Қазақстанның кез келген азаматын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің орны бұрын да бөлекше болған, бүгін де маңызын жойған емес. Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ – қазақ жастарының қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз анық. Келешекте ел тізгінін қолға алатын жастардың барынша білімді, жан-жақты, білікті болуы қаншалықты маңызды болса, олардың Отанына деген сүйіспеншілігінің мол болуы басты қажеттілік болса керек. Өйткені, елін, жерін сүймеген азамат Отанына адал қызмет ете алатыны күмән тудырады. Ұлтының патриоты болған адам ана тіліне бей-жай қарай алмайды. Ал өз тілінде де, өзге тілдерде де еркін сөйлейтін маман қай кезде де еліне пайда келтіре алатыны анық. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында патриоттыққа баулу – айырықша маңызға ие мәселелердің бірі болып отырғаны да сондықтан.

«Саяси түсіндірме сөздігінде» патриотизмге былайша анықтама берген екен: «Патриотизм (грек, patris – отан, атамекен) – өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде. Шынайы патриотизмді интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі оңай. Ал, ұлттық және ұлттық-мемлекеттік нигилизмге негізделген интернационализм мен космополитизм жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтарға қайшы келеді», – делінген.

Н.Г.Чернышевскийдің сөзімен айтар болсақ: «Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді».

Кей мамандардың сөзіне құлақ түрсек, «патриотизм – азаматқа мінездеме беретін негізгі қасиеттерінің бірі» екен. Және ол тек қоғамдық сананы ғана емес, оның дамуының да алғышарты болса керек.

Тұтастай алғанда қарапайым халық патриоттықты ұлтын сүюмен байланыстырады. Ал оның астарында көптеген алғышарттары жатқанын біреу білсе, біреу біле бермейтін шығар. Шын мәнінде, ол тек ұлтын сүюмен шектелмейтіні белгілі. Онымен қоса, мемлекетін, тілін, дінін, ділін, дәстүр-салтын құрметтеумен де байланысты екені ақиқат. Көптеген жетістіктерге жетуге себепкер болған да осы патриотизм десек, жаңылыспаған болар едік. Кезінде Алаш арыстары да ұлтшыл деп айыпталғанымен, шын мәнінде нағыз патриот болғанын тарих дәлелдеп берді.

Патриотизм феноменін үшке бөліп қарастырған жөн дейді отандық ғалымдар. Ол: мемлекеттік, ұлттық және жеке түрлер. Оның біріншісі бүгінгі таңда аса маңызды саналып отырған – жаңа қазақстандық патриотизм. Бұл елімізде мекен етіп жатқан жүз отызға жуық ұлт пен ұлыстардың елге деген сүйіспеншілігі тұрғысында қарастырылады. Яғни, барлық қазақстандықтар жаңа патриотизмге ден қоюы басты межеге, күн тәртібіндегі мәселеге айналып отыр. Жалпы, кез келген адам патриоттықты бесіктегі шақтан бастап бойға сіңіре бастайды. Бұл жерде отбасылық тәрбиенің де, балабақша мен мектеп, жоғары оқу орындары мен ондағы білім беруші ұстаздардың да үлесі зор. Сондай-ақ, жұмыс істеу барысында қоғамдық ұйымдардың немесе басқа да орталықтардың ықпалы болары созсиз

 

 

24. «Біз қ;оғамдық дамудың біртұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизмнің ғылыми және идеологиялық негіздеріне сүйеніп қызмет атқарамыз.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизмді және Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының бағдарламалық шарттары мен оның қызметін насихаттау қажет» - делінген Т. Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.

Сонымен қатар, Тұрғын Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының тағы бір қағидаты - батыс мәдениетінің теріс ықпалы жайында мәселе көтерді.

«Руханилықтың мәнін түсіретін батыс құндылықтары мақсатты түрде астамшыл тұтынушылық сана қалыптастыруда», - деп атап өтті өз сөзінде.

Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады, себебі тұтынушылық сана, көп жағдайда, жеке бастың қамын өмірдің мәні деп қарастырады.

Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді. Адамның психикасы мен денсаулағына тікелей қауіп төндіретін ақпараттық ықпалдар бар.

Шетелдік жаттанды тақырыптар БАҚ, киноөнімдер, түрлі танымал ток-шоулар және журналдар арқылы таралуда. Алғашқы болып өзінің құндылығын жанұя және неке институттары жоғалтуда. Өз ата-аналарын құрметтеуден бас тартып, қариялардың балаларымен, немерелерімен байланысы үзіледі.

Т.Сыздықовтың ойынша, жанұялық өмірдің мұндай көлеңкелі жақтары өлшем және тең құқылық ретінде беріліп жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, азаматтық немқұрайдылыққа әкеледі.

«Еуропалық елдерде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындағын батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде», - делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында.

Батыс қоғамында жастарды тәрбиелеуде жанұялық-туысқандық және ұлттық ерекшеліктер ескерілмейді. Ересек жасқа жетісімен батыс жастары ата-аналарын тастап өз алдарына табыс тауып және жеке өмірлерін құруға кіріседі. Осылай ұрпақтың бір бірімен байланысы үзіліп, рухани-моралдық құлдырауға ұшырайды.

Өзара көмек және қайырымдылық деген батыс қоғамында әлсіздікті және аяққа тұра алмағандықты білдіреді, ал өмірде қиын жағдайға тап болған адам олардың көзінде бейшара халге түсіп, дереу өмірлік жарыстан шығып қалады.

Сондықтан батыс қоғамында жетістікке жетудің теориясы қатаң қолданылады. Барлық қадамдар қалай да жетістікке жетуге бағытталған. Кез келген жеңіліс адамды бірден құзға итермелеп адамға айықпас ауыр соққы болып тиеді. Қатігездік, бейтараптық пен сатқындық жетістікке жетудің басты міндеттеріне айналған. Оның алдында құндылық, жанұя және денсаулық құрбандыққа шалынады.

Қалғандары сабырлықты есірткі заттарынан, алкогольден, интернет-шындықтарынан, ызаға толы фильмдерден, компьютерлік ойындардан, фаст-фудтан және генді-модификациялық өнімдерден іздейді. Бұл өнімдердің кез келгені адам денсаулығына есірткідей әсер етіп, адам ағзасының күйреуіне бой алдыруына және үнемі күйзелістікке ұшыратады.

Батыс адамының барлық әрекеттері тек өзінің жағдайын жасауға ғана бағытталған. Адам әлеуметтен тыс, шығармашылық және тиімді еңбекке ұйымдаса алмайтындығы бұрыннан белгілі бола тұра, қоғам ағымнан тысқары қалуда.

Жалпыға бірдей теңдікке ұмтылу кері әсерін тигізуде, адамдар жеке тұлғаға тән қасиеттерін жоғалтуда. Ата-аналар өздерін әке немесе ана деп айта алмайды, жай ғана сандық ретпен белгіленеді», - деп атап өтті Т.Сыздықов.

Барлық бұл көріністер бірден пайда болмады. Мұның барлығы енжарлықтан, немқұрайдылықтан келіп туындады. Алдымен тұрғындардың санасына сатушылардың әсірелеуімен тұтынушылық ойлары дендеп таратылды. Маркетологтардың үндеуімен өмір сүрген адам ойлау және сараптаудан мүлдем арылды. Ол тек автоматты түрде әдемі өмірдің нышаны ретінде белгіленген заттарды қолданумен шектеледі.

Рухани құндылықтар мұндай жүйеде тысқары қалатындығы түсінікті.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 300. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия