Дәріс тақырыбы: Ядроның спині мен магнит моменті.
Жоспары: 5. Ядроның спині. 6. Магнит моменті. Қазіргі кезде ажыратқыш қабылеті жоғары приборларды пайдаланып және спектр шығаратын арнаулы қоздыру көзінің болуы спектрлік сызықтардың аса жұқа құрылысын зерттеуге мүмкіндік береді. В.Паули 1924ж. спектрлік сызықтың ерекше қасиетін атом ядросының меншікті импульс моментінің немесе спинінің және магнит моментінің болуынан деп түсіндіреді. Ядроның спині – ядродағы нуклондардың жеке спиндері мен олардың орбиталық моменттерінің қосындысынан тұрады. Ядро спинінің мәні тек Атомдық ядро сонымен бірге магнит моментімен сипатталады. Магнит моментінің өлшем бірлігіне Бор магнетоны қабылданған Егер электрон массасының орнына протон массасын қойсақ, онда ядролық магнетон өлшемін аламыз: Сөйтіп осы ядролық магнетон өлшемі ядроның магнит моментін өлшеу үшін пайдаланады. Ал ядроның магнит моментін дәл анықтау үшін ядролық магнит резонансы деген әдіс қолданылады. Бұл әдістің мазмұны мынандай: егер күшті тұрақты магнит өрісіндегі затқа әлсіз айнымалы радиожиілікті магнит өрісімен әсер етсе, онда жиіліктері сәйкес келетін деңгейлерде жұтылу спектрлерінің резонанстық максимумдары пайда болады. Осы әдістің көмегімен дәлдігі ~ 0.1 2.4 Семинар (практика) сабақтарының жоспарлары- семинар сабақ жоспарланбаған.
|