Студопедия — ПӘН БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ПӘН БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ






1. Оқытуды компьютерлендiрудiң дидактикалық негiздерi.

2. Оқыту процесiнде техникалық құралдарды қолдану.

3. Оқушылардың үй жұмысы, оның сабақты игерудегi ролi және мүмкiндiктерi.

4. Үлгерiм есебi, оқушының танымдық iс-әрекеттерiнiң қорытынды бағасы.

5. Оқушылардың сабақ үстiндегi љздiк жұмысын ұйымдастыру.

6. Оқу жұмысындағы ойындарды қолдану.

7. Оқытудағы дифференциалдық ыңғай.

8. Экскурсия (саяхат) оқу жұмысын ұйымдастырудың бiр тәсiлi.

9. Оқушылардың кәсiби бағыты.

10. Оқытушы компьютерленудiң дидактикалық негiздерi.

11. Қазiргi сабақ және оны жетiлдiру жолдары.

12. Педагогикалық еңбектi ұйымдастырудың ғылыми принциптерi.

13. Сабақ үстiндегi оқушылардың љздiк жұмысы.

14. Оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттырудағы кљрнекiлiктiң алар орны.

15. Оқушылардың жаңа тақырыпты игеруге дайындау.

16. Сабақ типiне байланысты оқыту әдiстерiң таңдап алу.

17. Оқытудағы дифференцияның ыңғайы.

18. Әңгiмелесi оқыту әдiсi сияқты.

19. Оқушылардың бiлiмiн бағалауды тексерудегi педагогикалық негiздер.

20. Мектептегi проблемалық оқыту.

21. Оқушылардың үй жұмысы.

22. Оқытушы мен оқушылардың сабаққа дайындығы.

23. Гимназиядағы жұмыс тәжiрибесiнен.

24. Бiлiмнiң жаңа жүйесi.

25. Танымдық процестегi оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi.

26. Колледж білімгерлерінің танымдық қызметін қалыптастыру және дамыту.

27. Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктері.

28. Жоғары сынып арасындағы жастар саясаты проблемасының психологиялық жағынан көтерілу.

29. Отбасында қыз бала тәрбиесі.

30. Оқушыларға білім беру арқылы мектеп пен отбасы қарым қатынасының нығаю жолдары.

31. Жетекшілердің шешім қабылдау процесіне басқару стилінің әсері

32. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін қасиеттерін дамыту.

Пән бойынша глоссарий:

Педагогика – қоғамдық сұраныс, талап-тілекке сәйкес жас ұрпақты және ересек адамдарды тәрбиелеу заңдылықтары, олардың дамуына басшылық жасау туралы ғылым;

- Жас ұрпаққа аға ұрпақтың қоғамдық тәжірибені беруі әрі балалардың оны меңгеруі, адамға білім беру әдістері, заңдылықтары, қағидалары, формалары туралы ғылым;

- Жеке адамды тәрбиелеп қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие, білім беру туралы ғылым саласы.

Тәрбие теориясы – адамға тәрбие беру, әлеуметтендіру, жеке тұлғаны қалыптастыру негізі, әдістері заңдылықтары, қағидалары, формалары туралы ғылым, оқу пәні, педагогиканың дербес бір саласы.

Тәрбие жүйесі – жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық, т.б жағынан қалыптастырудағы жүйелі процес.

Тәрбиенің нақты мәні – кез-келген нақты тәрбие міндетін орындау.

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіру;

-жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді, ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс-әрекетін, әлеуметтік және рухани қатынастарды) игеру үшін бағыттал игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі сапалы орындалатын педагогикалық процес;

-жастарды қоғамда өмір сүруге және еңбек етуге бейімдеу.

-балалардың бойында мақсаттық түрде азаматтық-саяси, моральдық, адамгершілік, психолгиялық қасиеттерді (сапаларды) жетілдіру және күш-жігерін, дене-тұлғасын сұлу да сымбатты етіп дамыту, қоғамның әлеуметтік, педагогикалық талаптарын орындау дағдыларын қалыптастыру процесі;

-ғылыми дүниетанымын, көзқарасы мен сенімін, іс-әрекетін табиғи үйлестіре алатын, ақыл-ой, дене күші, моральдық-саяси, психологиялық жағынан жан-жақты, үйлеімді дамыған адамды мақсатты, жүйелі жоспарлы қалыптастыру процесі.

Тәрбие принциптері – педогогикалық процестің заңы мен заңдылықтары ескерілген тәрбие мақсатына жету жолдары туралы негізгі қағидалар;

-жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын көрсететін және тәрбие жұмысының әдісін, формасын, тәсілін, түрін, мазмұнын айқындайтын жалпы, ең басты ережелер мен қағидалар;

-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдісіне, мазмұнынына қойылатын негізгі талаптар көрсеттілген жалпы бастапқы нұсқаулар.

Тәрбие ережесі – негізгі принциптерді жүзеге асыру талаптары туралы нұсқау;

-берілген принциптерді жүзеге асыру талаптары туралы басты, негізгі нұсқау.

Тәрбие заңдылықтары – тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін педагогикалық құбылыстар мен процестердің сипаты, ұстаз бен шәкірт қатынасындағы мәнді байланыстарды түсіндіретін категория;

Тәрбие мазмұны – қойылған мақсат, міндеттерге сәйкес оқушылар бойында қалыптасуға тиісті, білімдер мен сенімдер, дағдылар, сапалар мен жеке тұлғаның белгілерін, қасиеттерін, тәртібіндегі тұрақты дағдыларды айтамыз.

Тәрбие әдістері – тәрбиешінің және оқушылардың сенімі мен тәртіп дағдыларын қалыптастыру, сана-сезім, ерік, күш-жігер, тәртібіне ықпал ету тәсілі;

-тәрбие мақсатына жету үшін ұстаз бен тәрбиеленушінің қалыпқа келтірілген, бірлескен қызметінің түрі;

-адамдарда ғылыми-материалистік дүние-танымды, мәдени мінез-құлықты, дене жетілуін, эстетикалық, эканомикалық, экологиялыық, мәдениетті өалыптастыру жолы;

-ғылыми негізделген балаларға мақсат бағыттылы түрде психологиялық-педагогикалық әсер ету, әрқайсысымен жеке-жеке, топтық, ұжымдық қарым-қатынаста болу, олардың өмірін және өз өмірін ұйымдастыру, санасына, мінез-құлқына ықпал ету, іс-әрекеттерін ынталандырып отыру тәсілдері мен амал-әрекеттерінің жиынтығы;

Сендіру – сенімін қалыптастыруға әсер ететін, сөз арқылы ықпал ету әдісі.

Жаттықтыру әдісі – тәрбиешінің оқушыларды тәртіп ережесі мен нормасына сәйкес іс істеуге мәжбүр ететіндей жағдай туғызуы.

Ынталандыру әдістері – тәрбиеленушілердің әрекетін мадақтау, жағымды бағалау.

Жазалау – педагогикалық ықпал ету әдісі, жағымсыз әдет-қылыықтардан сақтандыратын, өзі мен өзге адамдардың алдындағы айыбын сендіру әдісі.

Оқыту – жас ұрпаққа білім беру, дағды, икемділік қалыптастыру, олардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру үшін жоспарлы, қоғамдық негізде ұйымдастырылған, мақсат бағыттылы жүргізілетін процес, білім алу құралы.

Оқыту әдістері – баланың танымдық қызметін ұйымдастыру тәсілдері мен амалдарының жиынтығы, олардың ақыл-ой күштерін дамыту, мұғалім мен оқушы оқытудағы өзара ықпалы, оқушылардың бір-біріне әсері, табиғат пен қоғамның өзара ықпалы.

Білім берушілік, оқу-танымдық үрдістің негізгі кезеңдері бойынша оқыту әдістерін топтастыру:

- қабылдау – меңгеру;

- меңгеру – жаңғырту;

- оқу – шығармашылық;

- көрнекілік бейнелеу кезеңдерінің әдістері.

Ақыл-ой тәрбиесі – оқушыларды білім негіздерінен жүйелі білімдермен қаруландыру; Дүниетаным мен әлемді жалпы тану ретінде қызмет атқарады.

Адамгершілік тәрбиесі - қоғамдық талап-тілекке, қабылданған қалыпқа сәйкес тәртіп дағдысы мен икемділігін, сезімі мен сенімін, ұғымы мен ой-пікірін қалыптастыру; Табиғатқа және адамға қатынаста жауапкершілік сезімді қалыптастыру, жеке тұлғаның әлеуметтік, қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, сезіміне, мінез-құлқына

Оқушылардың бойында белгілі-бір мінез-құлықтардырдыңсипаттарын қалыптастыру, өзіне және өзге де адамдарға, отбасының мүшелеріне, ата-анасына, тума-туысқандарына, туған жеріне, табиғат пен қоғамға, мемлекет пен Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез-құлық, тәртіп нормалары мен ережелерін дарыту мақсатын жүзеге асыру бағытындағы ересек адамдардың, тәрбиеші мұғалімдердің қызметі.

Меңгерген идея,қоғамдық моральдың нормалары мен принциптері, іс-тәжірибелік әреккетке қатысу негізінде тұрақты моральдық сапаны адамгершілік қажеттілікті, сенімді және сезімді, қасиетті және дағдыны және мінез-құлық әдетін, әдепті қалыптастыру процесі.

Дене тәрбиесі – адамның денесінің, тұлғасының дамуы мен дене-күш жігерінің қалыптасуын басқару; Дене қабілетін, адамның қимылдық дағдысы мен іскерлігін мақсатты түрде, гигиеналық әдепті қалыптастыру, денсаулықты нығайту және жүйелі түрде дене жаттығуын жасау қажеттігін тәрбиелеу.

Діни тәрбие – исламның діни шарттары, ырым ережелері, риторика, құқықтық шариғат заңдары, құран негізінде білім-ғылымға жетелеп, кісілік-имандылықты қалыптастыру.

Еңбек тәрбиесі – еңбек әрекеттері мен өндірістік қатынастарын қалыптастыру. Еңбек құралдары мен оларды пайдалану әдістерін меңгеру; Еңбекке деген қатынасты, рухани және материалдық игілікті жасауға деген адамдардың әрекетін мақсатты қалыптастыру процесі; Әдеміліктің қажеттілігін ұғыну, сезіну, шығармашылық қабілетін дамыту және қалыптастыру, сұлулық заңымен өмір сүруге ұмтылту.

Интернационалдық тәрбие – (латынның халық және аралық) халықтар арасындағы достық сезімді, барық ұлт еңбекшілеріне сыйластық, құрмет рухында тәрбиелеу, дамыту қалыптастыру. Оқушыларға атеистік (гректің «құдайсыз») тәрбие беру оқушылардыңғылыми атеистік матералистік дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.

Құқықтық тәрбие - өзінің туған елінің заңы мен құқықтық ереже, белгі нормаларын сақтау, қорғау, сыйлау рухында тәрбиеленген, сана-сезімі мол, белсенді қоғамға, әлеуметтік ортаға жат, әдет-құлыққа қарсы күресетін, қоғамдық тіртіпті бұзушылырға ымырасыздықпен қарайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Саяси мәдениеттілікке тәрбиелеу – тұрақты ғылыми сенімге, жоғары саяси мәдениеттке ие, Отаншыл, интернационалист, бейбітшілік үшін күрескер, жоғары саналы азаматты тәрбиелеуге мүмкіндік жасайтынтәрбиенің құрамдас бөлігі.

Патриоттық тәрбие – Отанын, туған жерін, халқын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихы мен мәдениетін, өнерін сүю, құрмет тұту, оның мақсат-мүддесін, құқығын қорғауға дайын азамат қалыптастыру.

Экономикалық тәрбие – оқушыларға жоспарлау, қаржыландыру, еңбек өнімділігін есептеу мен бөлу тәжірибесін үйрету.

Экологиялық тәрбие – табиғатты қорғау қажеттігін түсіндіру, жауапкершілігін, белсенділігін тәрбиелеу, табиғат байлықтарын ұқыпты, орынды пайдалануға үйрету, биосфералық процестердің табиғи тепе-теңдігін сақтау, дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұллулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға, эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 258. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия