Ток трансформаторды 10% қателікке тексеру
МТҚ және дифференциалдық қорғаныс қосылған ЖК жағындағы ток трансформаторына тексеріс жүргіземіз. Ток трансформаторларындағы ЭҚЕ (электр құрылғыларының ережелері) сай келесі шарттар орындалуы тиіс: а) ҚТ жүйесіндегі РҚА- ң (релелік қорғаныс және автоматика) өлшеу органдарының жұмыс сенімділігімен қамтамасыз етуі; б) Ток трансформаторларының болат магнитсымдары терең қанығу есебінен жақын ҚТ нәтижесінде ток трансформаторының екінші реттік ток қисығының ауытқуы болған кездегі өлшеу органдарының сенімді жұмысымен қамтамасыз етуі; в) Жақын ҚТ кездегі ток трансформаторының екінші орамындағы асқын кернеулерді жібермеу; Бұған сәйкес 110 кВ жағындағы ток трансформаторына 10% шектемесіне тексеріс жүргіземіз,егер де толық немесе шектемесі 10% аспаса, онда бірінші шартты орындалды деп есептеуге болады. Трансформатордың бірінші ретті номиналды тогына қатысты есептелген токтың қысқартылған шегін табамыз:
. (2.34)
= -трансформатордың ТК жағындағы қ.т. кезіндегі сыртқы токтың максимал мәні.
Трансформатордың ЖК жағындағы трансформациялау коэффициенті бойынша ТВТ-110 типті ток трансформаторының қысқартылған шекті қисығы бойынша трансформатордың толық шегі 10% аспайтын кездегі екінші реттік жүктемесінің жіберілімін анықтаймыз (сурет 5) Бірдей екінші реттік орамдары тізбектей жалғанғандықтан, мәні екі еселенеді. Ток трансформаторының нақты есептелген жүктемесін анықтаймыз.Бұл кезде ток трансформаторының ЖК жағындағы екінші реттік тізбегіне МТҚ және ДЗТ релелері қосылғандығын ескереміз.
Сурет 5 ТВТ-110 типті ток трансформаторының қысқартылған шекті қисықтары
Үшфазалық сұлба үшін ток трансформаторы үшбұрышша, ал реле – жұлдызша.
, (2.35)
, (2.36)
мұнда – ток трансформаторларынан релеге дейінгі кабель ұзындығы (м); q– кабель қимасының типі(мм ); студентпен тандалады; меншікті өткізгіштік (м/(Ом× мм )) (мыс үшін , алюминий үшін ).
, (2.37)
мұндағы S – релесінің тұтынатын қуаты; I=5 (А) – тұтынылатын қуат кезіндегі ток; Z =0,1 (Ом) – ДЗТ – 11 типті дифференциалдық релесінің толық кедергісі; Z (Ом) – ток тізбектеріндегі түйіспелі мәні.
Егер шарт
, (2.38)
орындалса, онда ток трансформаторы 10% дан кіші қателікпен жұмыс істейді. Ал орындалмаса қателікті азайту үшін трансформациялау коэффициентін үлкендеу алуға болады, бірақ қорғаныстардың тағайыншамаларын қайта есептеу керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Фигурнов Е.П. «Релейная защита устройств электроснабжения ж.д.» М.: Желдориздат, 2002. 720 б. 2. Справочник по электроснабжению ж.д. Т.2 под редакцией К.Г.Марквардта. М.: Транспорт, 1991. 392 б. 3. Прохорский А.А. «Тяговые и трансформаторные подстанции» М.: Транспорт, 1993. 496 б. 4. Справочник по релейной защите. Под редакцией Берковича. М.:Энергия, 2006. 344 б. 5. Давыдова И.К., Попов Б.И., Эрлих В.М. Справочник по эксплуатации тяговых подстанции и постов секционирования. М.: Транспорт, 1997.416 б. 6. Басс Э.И., Дорогунцев В.Г. Релейная защита электроэнергетических систем. Гриф УМО ВУЗов России. М.: Московский энергетический институт (МЭИ), 2006. 296 б. 7. Векторные диаграммы в схемах релейной защиты и автоматики. Практическое пособие. Под редакцией Кузнецова Ф.Д., Алексеева Б.А. М.: ЭНАС, 2009. 64б.
Қосымша 1
М.ТЫНЫШБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ
«Бекітемін» «Электрэнергетика» кафедрасының меңгерушісі _______________________ (қолы, аты-жөні) «____»____________20__г.
|