Студопедия — сер ету принципі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

сер ету принципі.






Поляриметрде бөліктерге бөлінген көру өрісінің жарықтылығын теңдестіру принципі қолданылған. Көру өрісінің бөліктерге бөлінуі поляриметрдің оптикалық жүйесіне хроматты фазалы пластинканы енгізумен орындалады. Салыстыратын өрістердің жарықтылығы көру өрісінің толық қараңғы бөлігінің жанында теңдестіріледі. Поляризатор мен анализатордың поляризация жазықтықтары өрістің минимал жарықтылығы кезінде 86,50 бұрышты құрайды.

Сурет 13. Дистильденген суы бар кюветаны орналастырғандағы анализаторды сезімтал жағдайда салыстыратын өрістердің бірдей жарықтылығы орнатылған кездегі лимб мен көру өрісінің жағдайлары (нөлдік жағдай).

Шамның жарығы конденсор мен поляризатор арқылы өтіп, оның бір шоғыры хроматты фазалы пластинка, қорғаныш шыны, кювета және анализатор арқылы, басқа шоғыры тек қорғаныш шыны мен анализатор арқылы өтеді.

Поляриметрдің көру өрісінің түрі 14- суретте көрсетілген.

Сурет 14. Ерітіндімен толтырылған кюветаны орналастырғаннан кейінгі және салыстыру өрістерінің бөліну сызығының суретін айқындау үшін окулярды екінші рет келтіргеннен кейінгі лимб мен көру өрісінің жағдайлары.

 

Салыстыратын өрістердің жарықтылығын теңдестіру анализаторды айналдыру арқылы орнатылады. Егер анализатор мен поляризатор арасына оптикалық активті ерітіндімен толтырылған кюветаны орналастырса, онда салыстыратын өрістердің жарықтылығы бұзылады. Оны (жарықтылықты) ерітіндінің поляризация жазықтығын айналдыру бұрышына тең бұрышпен анализаторды бұру арқылы қалпына келтіруге болады (сурет 15).

Сурет 15. Ерітіндімен толтырылған кюветаны орналастырғандағы анализаторды сезімтал жағдайда салыстыратын өрістердің бірдей жарықтылығы орнатылған кездегі лимб мен көру өрісінің жағдайлары (нөлдік жағдай).

Оптикалық активті ерітінді бар кезде және ол болмаған кездегі салыстыратын өрістердің жарықтылығының тең болуына сәйкес келетін екі есептеудің айырмасы берілген ерітіндінің поляризация жазықтығын айналдыру бұрышын анықтайды. Поляризация жазықтығының айналыс бұрышы бойынша оптикалық активті заттардың таралымы анықталады. Көптеген оптикалық активті заттар үшін меншікті айналыс таралымға соншалықты байланысты болмайды және айналыс бұрышы таралымға пропорционал:

(1)

Мұндағы - градуспен берілген поляризация жазықтығының айналыс бұрышы;

- 589 нм толқын ұзындығы үшін, 20° С температурадағы оптикалық активті заттың меншікті айналысы;

L- кюветаның дм- мен берілген ұзындығы;

С- заттың г/см3- тағы таралым.

Градуспен берілген поляризация жазықтығының айналыс бұрышын біле отырып, заттың г/см3-тағы таралымын табуға болады: ; (2)

Оңға айналдыратын оптикалық активті ерітінділермен поляризация жазықтығының айналыс бұрышын поляриметрмен өлшеген кезде санау 1-ші санау қондырғысының шкаласы мен лимб бойынша 0-ден 35°-қа дейін жүргізіледі.

Солға айналдыратын оптикалық активті ерітінділермен поляризация жазықтығының ай-налыс бұрышын поляриметрмен өлшеген кезде санау 1-ші санау қондырғысының шкаласы мен лимб бойынша 360-тан 325°-қа дейін жүргізіледі. Айналыс бұрышының шамасы анықталады: 1-ші санау қондырғысының шкаласы мен лимб бойынша санау және минус 360°.

Қажет болған жағдайда ±35° - тан үлкен поляризация жазықтығының айналыс бұрышын анықтау үшін өлшеулер жүргізуге болады. Осы кезде есептеу қателігін тәжірибе жүзінде, яғни өлшеулер кезіндегі заттың меншікті айналысының нәтижесі мен оның анықтама деректерімен салыстыру жолымен анықтауға болады.

Оптикалық активті ерітіндінің поляризация жазықтығын айналдыру бұрышын анықтау

1. Нөлдік санауды дистильденген сумен толтырылған кюветамен бастайды.

2. Бақылағыш түтікшенің төлкесін бұра отырып, окуляр арқылы салыстырылатын өрістердің бөліну сызығының айқын суретін табыңыз.

3. Тұтқаны (31) айналдыра отырып (12-ші суретті қараңыз), анализаторды бұрап, салыстырылатын өрістердің жарықтылығын сезімтал жағдайда теңдестіріңіз. Осы кезде көру өрісінде оның бөліктерінің түске боялуы болмау керек және хроматты фазалы пластинканың шеттері анық көрініп тұрмау керек. Егер көру өрісінде бояу (түс) бақыланса, онда кюветаның жамылғы шыныларын біршама қысыңқырау керек. Хроматты фазалы пластинканың шеттерінің анық көрініп тұруы шамның дұрыс орнатылмауынан болады.

4. Салыстырылатын өрістердің бірқалыпты жарықталуын анықтауды 5 рет қайталап, лимб мен санау қондырғысының шкаласы бойынша санаулар жүргізіп, орташа арифметикалық мәнін табу керек. Табылған мән нөлдік санау болып есептеледі.

5. Зерттелетін оптикалық активті ерітінділер мөлдір және қалықтаған бөлшектері болмау керек.

6. Поляризация жазықтығының айналыс бұрышын табу үшін зерттелетін ерітіндісі бар кюветаны (12-ші суретті қараңыз) поляриметрдің кюветалар бөліміне орнатып, қақпағын жабыңыз. Содан кейін төлкемен бақылағыш түтіктің окулярын көз деңгейімен орнатып, салыстырылатын өрістердің бөліну сызығының айқын суретін алыңыз.

7. Анализаторды жайлап бұра отырып, салыстырылатын өрістердің жарықтылығын теңдестіріп (сурет 15), санауды мынадай жолмен жүргізіңіз:

- лимб шкаласының 1-ші санау қондырғысының шкаласынан неше градусқа бұрылып тұрғанын анықтаңыз,

- лимб шкаласының штрихтарымен сәйкес келетін 1-ші және 2-ші санау қондырғыларының штрихтары бойынша градустың үлесін санаңыз.

8. Нониус бойынша санау шамасы 0,02°.

Санау қондырғысының сандық анықталуы: «10» - 0,10°- қа; «20» - 0,20°- қа сәйкес келеді және т.с.с.

9. 1-ші санау қондырғысының лимб шкаласы бойынша алынған градус санына 1-ші және 2-ші санау қондырғыларының шкаласы бойынша алынған санаудың арифметикалық орташа мәнін қосу керек.

10. Осындай дәлдеуді 5 рет орындап, олардың арифметикалық ортасын алу керек.

11. Табылған арифметикалық орташа мәннен нөлдік санауды шегеру керек.

 

Мысал 1. Дистильденген сумен толтырылғн кюветаимен жасалған тәжірибеде нәтиже 0,06° (сурет 13) болды, ал зерттелетін ерітіндімен толтырылған кюветаны орнатқаннан кейін нәтиже 3,56° (сурет 15) болды.

Бастапқы және соңғы қондырғылар арасындағы санау айырмасы зерттелетін ерітіндінің поляризация жазықтығының айналыс бұрышына тең болады: 3,56° —0,06° = 3,50°.

 

Мысал 2. Солға айналдыратын зерттелетін ерітіндімен толған кюветаны енгізгеннен кейін нәтиже 357,14° болды. Осы жағдайда нөлдік санауды 360,06°-қа тең деп қабылдау керек. Бастапқы және соңғы санаулардың айырмасы зерттелетін ерітіндінің поляризация жазықтығының айналыс бұрышына тең болады: 357,14° — 360,06° = — 2,92°

 



 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 49. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия