Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДӘРІС № 8





 

Тақырып: Фармацевтикалық және медициналық тауарлардың ассортименті

Мақсаты: Фармацевтикалық және медициналық тауарлардың ассортиментін, ассортиментті талдауды және ассортименттің негізгі көрсеткіштерін қарастыру.

 

Дәріс жоспары:

1. Ассортименттің түрлері: өнеркәсіптік және сауда.

2. Сауда ассортиментінің негізгі түсініктері.

3. Тауарлар ассортиментін талдау.

4. Ассортименттің негізгі көрсеткіштері.

Дәріс тезисі:

Ассортимент – бір-бірінен типтері, мөлшері, дозасы және басқа да белгілері бойынша ерекшеленетін белгілі бір тауарлар тобының құрамы және қатынасы.

Ассортимент екі түрлі болады: өнеркәсіптік және саудалық.

Өнеркәсіптік ассортимент - өнеркәсіптің әртүрлі салаларының кәсіпорындары шығаратын тауарлардың жиынтығы.

Тауартануда өнеркәсіптік ассортименттің өзі келесілерді бөледі:

  • саланың өнеркәсіптік ассортименті - бір саланың кәсіпорындары шығаратын тауарлар жиынтығы;
  • регионның өнеркәсіптік ассортименті – облыс, өлке, қала, аудан кәсіпорындары шығаратын тауарлардың жиынтығы;
  • кәсіпорынның өнеркәсіптік ассортименті – бір кәсіпорын шығаратын тауарлар жиынтығы.

Саудалық ассортименті – көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарына немесе сауда айналысына түсетін тауарлар ассортименті. Ол тапсырыстарда, сауда прейскуранттарында беріледі.

Сауда ассортиментінде келесідей түсініктер болады.

Тауарлық номенклатура, тауар-микс – сатушыларға ұсынылатын барлық ассортименттегі тауарлар бірліктерінің және тауар топтарының жиынтығы.

Ассортименттік топ, ассортименттік қатар – ұқсас функцияларды орындауларына байланысты бір-бірімен тығыз байланысты тауарлардың жиынтығы.

Ассортименттік топша – бір белгімен біріктірілген тауарлар жиынтығы, ассортименттік топтың ең ұсақ бөлімшесі.

Тауарлық бірлік, ассортименттік позиция – белгілі бір түрдегі, химиялық құрамдағы немесе басқа бір сапалық көрсеткіштерімен сипатталатын тауарлық ассортимент немесе сауда маркасы шегіндегі жеке бұйым.

Тауар варианты, тауар бірлігінің варианты, тауардың түрі – белгілі бір мөлшердегі, көлемдегі, массадағы, дәрілік қалып түріндегі, бумадағы тауар бірлігі және т.б.

Ассортиментті басқару – бұл рационалды ассортиментті құруға бағытталған қызмет. Ассортиментті басқарудың негізін қалаушы элементтерге ассортиментті қалыптастыру және ассортименттің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер бойынша талаптар деңгейін белгілеу жатады.

Ассортиментті қалыптастыру – нақты қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын және ұйым жетекшілігі алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін тауарлар жиынтығын құру бойынша қызмет. Әрбір ұйым өзінің ассортименттік саясатын жүргізеді.

Ассортименттік саясат – ұйым жетекшілігі анықтайтын ассортиментті қалыптастырудың негізгі бағыттары, мақсаты және міндеттері.

Ассортиментті жаңарту – жаңашыл көрсеткішінің көбеюімен сипатталатын тауарлардың сапалық және сандық өзгерісі.

Ассортиментті тұрақтандыру – жаңару дәрежесінің төмендігімен және жоғары тұрақтылығымен сипатталатын тауарлар жиынтығының жай-күйі.

Ассортиментті қысқарту – тауарлардың кеңдігі мен толықтығын азайту есебінен тауарлар жиынтығының сандық және сапалық өзгеруі.

Ассортиментті қысқартудың себептеріне сұраныстың азаюы, ұсыныстың жеткіліксіздігі, жеке тауарлардың өндірісінде немесе сатылуында табыстың аз болуы немесе шығынның көп болуы жатады.

Ассортиментті кеңейту – тауарлардың кеңдігін, толықтығын және жаңашылдығын ұлғайту есебінен тауарлар жиынтығындағы сапалық және сандық өзгерістер.

Тауарлар ассортиментіне талдау жүргізу медициналық және фармацевтикалық тауарларға қажеттілікті анықтау үшін және дәріхана немесе емдеу ұйымдарының жұмысын объективті бағалау үшін жүргізіледі.

Көбінесе медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортиментіне талдауды келесі көрсеткіштер бойынша жүргізеді: кеңдігі, толықтығы, тереңдігі, құрылымы, тұрақтылығы, жаңару дәрежесі.

Ассортименттің кеңдігі – бұл номенклатуралық немесе формулярлық тізімдерде, классификаторларда, мемлекеттік реестрлерде берілген тауарлардың бөлшек немесе көтерме сауда желілеріндегі бар тауарлардың ассортименттік тобының (топшаларының, түрлерінің) саны.

Ассортименттің толықтығы (тауарлық линияның қаныққандығы, ұзындығы) – бұл номенклатуралық немесе формулярлық тізімдерде, классификаторларда, мемлекеттік реестрлерде берілген бөлшек немесе көтерме сауда желісіндегі бар бір ассортименттік топтағы тауарлар бірлігінің саны.

Ассортименттің тереңдігі – бұл номенклатуралық немесе формулярлық тізімдерде, классификаторларда, мемлекеттік реестрлерде берілген бөлшек немесе көтерме сауда желісіндегі бір ассортименттік топтағы немесе бір тауар бірлігіндегі тауарлар вариантының саны.

 

ДЕБИЕТ

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Ассортимент және ассортименттің түрлері.

2. Дәріханадағы ассортиментті басқару қандай мақсатпен жүргізіледі?

3. Дәріхана ұйымдарындағы ассортиментке талдау қандай мақсатапен жүргізіледі?

4. Ассортименттің негізгі көрсеткіштері.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 594. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия