Студопедия — Саймандарға қойлыатын негізгі талаптар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Саймандарға қойлыатын негізгі талаптар






· Адам ағзасымен және дәрілік заттармен ұзақ уақыт жанасатын (үздіксіз 6 сағаттан көп) саймандар тек коррозияға тұрақты металдар мен құймалардан жабынсыз дайныдалуы керек.

· Саймандардың бетінде сызаттар, жырылған жерлер, бояуы түскен жерлер, кедір-бұдырлар және қабатталып түскен жерлері болмау керек.

· Хромды және никельді жабындары бар көміртекті болаттар мен түсті құймалардан жасалған бұйымдар эксплуатация, тасымалдау және сақтау кезінде коррозияға тұрақты болуы керек.

· Саймандар дезинфекциядан, стерилизация алдындағы тазалаудан және стерильдеуден тұратын өңдеу циклдарына тұрақты болуы керек.

Саймандардың сапасын бағалауды қабылдау кезінде жүргізеді (партиямен қабылдайды). Партия деп бір құжат бойынша қабылданатын бір тип мөлшеріндегі саймандрды айтады.

Медициналық саймандарды қабылдау процесі кезінде келесі көрсеткіштерге тексеру жүргізіледі: негізгі геометриялық мөлшері, сыртқы түрі және ақауларының болуы (сырт көзбен қарағанда), қорғаныш-декоративті жабындары, беттерінің кедір-бұдырлығы, қаттылығы (егер бұйымның ьтехникалық шарттарында көрсетілген болса), жылтырау дәрежесі, жиынтығының түгелдігі, таңбалануы, құлпының еркін болуы.

Кесетін саймандардың сапасын бағалау (тауарлық талдаудың элементі):

· Көру арқылы сайманнның механикалық бүтіндігін, сынған жерлерінің, деформациясының, жабындарындағы ақауларының (түскен жері, дақтардың болуы, коррозия), сонымен бірге кесетін бөлігінде бүлінген жерлерінің болмауын анықтайды.

· Пышақтар мен скальпельдердің функционалдық қасиеті екі тәсілмен тексеріледі:

а) жалпақ скальпель және ампутациялық пышақпен замшты кеседі, ал резекциялық немесе шеміршекке арналған пышақпен теріні немесе орташа тығыздықтағы картонды кесіп көреді. Барлық жағдайда да жұмыс бөліктері тексеруден кейін өтпей қалмауы және деформацияланбауы керек, ал кесілген жерінің жиектері біртекті тегіс болуы керек;

б) скальпельдың немесе ампутациялық аышақтың өткірлігін тексеру үшін жұқа қағаз қабатын кесіп көреді, кесілген жердің жиектері тегіс болуы керек және қағазды майыстырмауы керек.

· Қайшылардың кескіш қасиетін дәкенің 1-5 қабатын кеісп көру арқылы тексереді. Дәкені қайшы құлпынан бастап ұштарына дейінгі ұзына бойы біртегіс кесуі керек және кескіш бөліктерінің арасынан дәке жылжып кетпеуі керек, жіптері тартылып қалмауы керек.

· Аралардың функционалдық қасиеті жануардың жаңа кесілген түтікшелі сүйегін немесе диаметрі осындай болатын қатты ағаш (емен, бук) кесінділерін аралау арқылы анықтайды. Аралаудан кейін араның жүзінде деформация болмауы керек, ал ұстайтын бөлігіне бекітілген полотносы босаңсып кетпеуі керек.

· Долотолардың кескіш қасиетін сынау жаңа кесілген сүйектің 100 мм жерін ұрғылау арқылы жүргізіледі. Сынаудан кейін жүзі өтпей қалмауы керек және деформацияланбауы керек.

· Сүйек қысқыштарының кескіш қасиетін сынау қалыңдығы 5-6 мм блоатын жаңа кесілген сүйек пластинкасын тістеу (қысу) арқылы жүргізіледі. Сынаудан кейін сайманның кескіш бөлігінде қалдық деформация болмауы керек, қисаймауы және майыспауы керек.

Жалпыхирургиялық қысқыш саймандардың сапасын бағалау:

· Қарау, көру арқылы коррозияның және жабынында көрінетін ақаулардың (қабаттарының түсуі, дақтар және сызаттар болмауы керек) болмауын, жұмыс бөліктерінің дұрыс жымдасуын, құлыптары мен кремальераларының дұрыстығын тексереді.

· Қан тоқтататын қысқыштардың жұмыс бөліктерінің тығыз жымдасуын тексеру үшін, жұмыс бөлігінің арасына папирос қағазын қысып көреді. Кремальерасын бірінші тісшесіне жапқан кезде жұмыс бөліктері толығымен жымдасады, сол кезде оның арасынан қағаз шығып кетпеуі керек.

· Асқазан-ішек қысқыштары мен жомдарының беріктігіне және серпімділігіне функционалдық сынау жұмыс бөліктерінің арасына диаметрі 12 мм болатын дренажды резеңке түтікшені үш мәрте қысып көру арқылы жүргізіледі. Кремальераның соңғы тісшесіне жапқан кезде қалдық деформацияның іздері болмауы, байқалмауы керек.

· Жомдардың жұмыс бөліктерінің жымдасу тығыздығы сайманнның жұмыс бөліктерінің арасына дәкенің 2 қабатын қысып көру арқылы тексеріледі. Жомның ұстайтын бөлігін толық қысқан кезде дәке шығып кетпеуі керек.

· Жомдардың құлыптарының жағдайы диаметрі 15-20 мм болатын дренажды түтікшені қысу арқылы тексеріледі. Сайманды толық қысқананан кейін құлпының босаңсыуы байқалмау керек.

· Ине ұстағыштардың функционалдық қасиеті жұмыс бөлігінде орташа нөмірдегі хирургиялық инелерді (көлденең кесіндісі үшбұрышты болатын немесе дөңгелек болатын) қысу арқылы тексеріледі. Сосудты тігуге арналған инеұстағыштарды сынау ішекке арналған хирургиялық инені үш мәрте ұстау арқылы жүргізіледі. Сынау нәтижесінде инеұстағыштарда қалдық деформация байқалмауы керек.

· Операциялық материалдарды қысуға арналған қысқыштардың функционалдық қасиеттерін сынау 7-8 қабатталған дәкені ұстау арқылы жүргізіледі. Сайман дәкені берік ұстауы керек.

· Корнцангтардың функционалдық қасиетін сынау 4 қабатталған дәкені немесе диаметрі 4-5 мм болатын дренажды түтікшені жұмыс бөлігінде үш мәрте қысу арқылы жүргізіледі. Сынау нәтижесінде қалдық деформация болмауы керек.

· Пинцеттердің жұмыс бөлігінің бір-біріне жымдасу тығыздығын жұмыс бөліктерінің арасына папирос қағазын қысу арқылы тексереді. Қысу кезінде қағаз жұмыс бөлігінің арасынан шығып кетпеуі керек.

Жараны ашатын, ығыстыратын және қалған жалпықирургиялық саймандадың сапасын бағалау:

· Қарау, көру арқылы коррозияның және жабындарында ақаудыңс болмауын, құлпы мен кремальерасының дұрыстығын тексеру анықтау керек.

· Тісшелі және пластинкалы ілмектердің беріктігі тісшелеріне 5-8 кг жүк ілу арқылы анықталады, тексеруден кейін тісшелерінде деформация байқалмауы керек.

· Айналарды сынау жұмыс бөліктерінде 10 кг дейінгі жүкті көтеру арқылы жүргізіледі, сынаудан кейін қалдық деформация қалмауы керек.

· Ілмектердің өткірлігі қалыңдығы 2-3 мм болатын картонды тесу арқылы анықталады. Сынау нәтижесінде ілмектерде қалдық деформация болмау ыкерек және өткірлігін жоғалтпауы керек.

· Тіл ұстағыштардың жұмыс бөлігінде деформацияның болмауын тексеоу үшін тіл ұстағыштың жұмыс бөлігінің арасына диаметрі 10-12 мм болатын дренажды резеңке түтікшені салып, кремальерасын соңғы тісшесіне бекітеді және осыны үш мәрте қайталайды. Осындайжүктен кейін сайманның жұмыс бөлігінде де және ұстайтын бөлігі мен құлпында да қалдық деформациялар болмауы керек.

· Распаторлардың кескіш қасиетін тексеру үшін распатордың жүзімен мүйіз пластинкасының немесе жаңа сүйек бетінің 100 мм бөлігін қырнайды. Осындай сынаудан кейін распатордың кескіш бөлігі өткірлігін жоғалтпауы керек және үгітіліп түспеуі керек.

· Лигатуралық инелердің өткірлігі медициналық саймандардың өткірлігін тексеруге арналған барабанға тартылған жұқа тері қабатын тесіп көру арқылы тексеріледі. Сынау нәтижесінде иненің ұшы өтпей қалмауы керек және қалдық деформация болмауы керек.

 

ӘДЕБИЕТ:

 

1. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с.

2. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с.

3. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.

 

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТЕСТ:

1. Жалпыхирургиялық саймандар қалай жіктеледі:

+а) кесетін

+б) қысатын

в) нейрохирургиялық

+г) жараны ашатын

д) гинекологиялық

2. Жалпыхирургиялық саймандар қалай жіктеледі:

а) медициналық

+б) көмекші

+в) ығыстыратын

г) тесетін

д) толықтыратын

3. Кесетін жалпыхирургиялық саймандарға жатады:

+а) скальпельдер

+б) қайшылар

+в) долото

г) жомдар

д) зондтар

4. Кесетін жалпыхирургиялық саймандарға қайсылары жатады:

а) корнцангтар

б) пинцеттер

+в) распаторлар

+г) аралар

+д) сүйек қысқыштары

5. Жұмыс бөлігі металдан жасалған, жұмсақ тіндерді бөлуге немесе сүйек тіндерін өңдеуге арналған бір немесе бірнеше жүзі бар медициналық саймандар – бұл:

а) қысқыш

б) хирургиялық

+в) кесетін

г) зондтайтын

д) көмекші

6. Қысатын жалпыхирургиялық саймандарға не жатады:

а) распаторлар

б) сүйек қысқыштары

+в) инеұстағыштар

+г) пинцеттер

+д) қан тоқтатын қысқыштар

7. Ағза мүшелерін, медициналық материалдарды, бұйымдарды немесе саймандарды қысуға және ұстауға арналған саймандар қалай аталады:

+а) қысатын

б) хирургиялық

в) кесетін

г) зондтайтын

д) көмекші

8. Айналасындағы тіндерді зақымдамай және зақымдай отырып тіндер мен мүшелерді кеңейтуге, ығыстыруға арналған саймандар бұл:

а) қысқыштар

б) хирургиялық саймандар

+в) ығыстырғыш саймандар

г) зондтайтын саймандар

+д) кеңейтетін саймандар

9. Жараны ашатын және ығыстыратын саймандар қалай жіктеледі:

+а) ілмектер

+б) айналар

в) ампутациялық ретрактор

+г) Буяльский қалақшасы

г) лигатуралық инелер

10. Ағза қуысының мөлшерін және ондағы сұйықтықтарды, сонымен бірге каналдардың бағыты мен ұзындығын анықтауға арналған саймандар қалай аталады:

а) көмекші саймандар

б) толықтыратын саймандар

+в) зондтайтын саймандар

г) буж саймандары

д) тесетін саймандар

11. Медицинаның әртүрлі саласында көмекші жұмыстар үшін өз алдына жеке немесе басқа саймандармен бірге қолданылатын саймаандар қалай аталады:

+а) көмекші саймандар

б) толықтыратын саймандар

в) зондтайтын саймандар

г) буж саймандары

д) тесетін саймандар

12. Пышақтар мен скальпельдердің функционалдық қасиеті қандай тәсілдермен тексеріледі:

+а) замшты кесу арқылы

+б) теріні кесу арқылы

в) дәкені кесу арқылы

+г) қағаздың жұқа қабатын кесу арқылы

д) дренажды түтікшені кесу арқылы

13. Қайшылардың кескіш қасиеті қалай анықталады:

а) қағаздың жұқа қабатын кесу арқылы

б) картонды кесу арқылы

в) замшты кесу арқылы

+г) дәкенің 1-5 қабатын кесу арқылы

д) папирусты қағаздың 1-5 қабатын кесу арқылы

14. Хирургиялық аралардың функционалдық қасиетін қалай анықтауға болады:

а) тығыз қағазды аралау арқылыбумаги

+б) жануардық түтікшелі сүйегін аралау арқылы

в) картон аралау арқылы

+г) қатты ағаш кесінділерін аралау жолымен

д) пластикалық массаларды аралау арқылы

15. Жаңа кесілген сүйекті ұрғылау арқылы қандай сайманның кескіш қасиетін анытайды:

а) распатордың

+б) медициналық долотоның

в) ампутациялық пышақтың

г) сүйек қысқыштарының

д) хирургиялық аралардың

16. Қалыңдығы 5-6 мм болатын жаңа кесілген сүейек пластинкаларын тістеу арқылы қандай жалпыхирургиялық сайманның кескіш қасиетіне сынау жүргізіледі:

+а) сүйек қысқыштарына

б) распаторларға

в) медициналық долтоларға

г) медициналық араларға

д) резекциялық пышақтарға

17. Қандай қайшылар көмекші қайшыларға жатады:

+а) тырнақ алуға арналған

+б) таңу материалдарын кесуге арналған

+в) байламаларды кесуге арналған

г) қабырғаға арналған

д) ұштары өтпейтін

18. Қысқыштардың жұмыс бөлігінің жымдасу тығыздығы оларыдң арасына нені қысып көру арқылы тексеріледі:

а) тығыз қағазды

б) дәкенің 1-3 қабатын

в) картонды

г) замшты

+д) папирос қағазын

19. Асқазан-ішек қысқыштарының беріктігіне және серпімділігіне функционалдық сынау қалай жүргізіледі:

а) дәкенің 5-10 қабатын үш мәрте қысу арқылы

б) папирос қағазын 5 рет қысу арқылы

+в) диаметрі 12 мм болатын дренажды резеңке түтікті үш мәрте қысу арқылы

г) замшты қысу арқылы

д) дәкенің 1-3 қабатын 5 мәрте қысу арқылы

20. Жомдардың жқмыс бөлігінің (еріндерінің) жымдасу тығыздығын нені қысу арқылы анықтайды:

а) папиросты қағазды

+б) 2 қабатталған дәкені

в) дренажды түтікшені

г) картонды

д) қағаздың жұқа қбатын

21. Асқазан жомдарының құлпының дұрыстыңыннені қысып көру арқылы анықтайды:

а) дм 10 мм дренажды түтікшені

б) қалыңдығы 5-10 мм болатын картонды

в) дм 25-30 мм дренажды түтікшені

г) дәкенің 10-15 қабатын

+д) 15-20 мм дренажды түтікшені

22. Ине ұстағыштардың функционалдық қасиетін нені қысып көру арқылы анықтайды:

а) дренажды резеңке түтікшені

+б) көлденең кесіндісі дөңгелек орташа нөмірдегі хирургиялық инелерді

+в) көлденең кесіндісі үш бұрышты орташа нөмірдегі хирургиялық инелерді

г) лигатуралық инелерді

д) диаметрі 8-10 мм дренажды түтікшені

23. Қалған хирургиялық саймандарға не жатады:

а) тісшелі ілмектер

+б) наркозға арналған саймандар

+в) лигатуралық инелер

+г) хирургиялық зондтар

+д) биопсияға тін алуға арналған қысқыштар

24. Хирургиялық айналар қалай жіктеледі:

+а) кеуде қуысына арналған

+б) жүрекке арналған

в) кремальерасы бар

+г) бұйректі ығыстыруға арналған

+д) бауырдц ығыстыруға арналған

25. Жараны ашатын саймандар қалай жіктеледі:

+а) кремальерасы бар

б) пластинкалы

+в) кремальерасы жоқ

+г) қабырғаға арналған винтті

д) тісшелі

26. Тісшелі ілмектердің өткірлігін нені тесіп көру арқылы анықтайды:

а) папиросты қағазды

б) қалыңдығы 3 мм болатын замшты

+в) қалыңдығы 2-3 мм болатын картонды

г) дәкенің 8-10 қабатын

д) қағаздың жұқа қабатын

27. Мүйіз пластинкасының немесе жаңа кесілген сүйектің үстіңгі бетін қырнау арқылы қандай саймандардың кескіш қасиетін сынайды:

а) медициналық долото

б) скальпельдер

в) ампутациялық пышақтар

+г) распаторлар

д) медициналық аралар

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Жалпыхирургиялық медициналық саймандарға анықтама беріңдер.

2. Жалпыхирургиялық саймандар қалай жіктеледі?

3. Кескіш саймандарға анықтама беріңдер?

4. Кескіш саймандардың сапасын бағалау қалай жүргізіледі?

5. Пышақтар мен скальпельдер қандай материалдардан дайындалады?

6. Хирургиялық қайшыларды атап шығыңдар?

7. Медициналық аралардың тауарлық түрлерін атаңдар.

8. Жалпыхирургиялық медициналық саймандардың қолданылу саласын көрсетіңдер. Оларға қандай талаптар қойылады?

9. Қысқыш саймандар қандай мақсатпен қолданылады?

10. Қысқыш саймандарға қандай талаптар қойылады?

11. Ығыстыратын саймандарды қандай топшаларға бөлуге болады?

12. Буж және зондтайтын саймандар не үшін қолданылады?

 

ТАҚЫРЫП: АРНАЙЫ САЙМАНДАРДЫҢ ТАУАРЛЫҚ ТАЛДАУЫ

МАҚСАТЫ: Арнайы саймандардың (урологиялық, акушерлік-гинекологиялық, оториноларингологиялық, стоматологиялық, офтальмологиялық, нейрохирургиялық) тауарлық талдауын жүргізу бойынша кәсіби білімдер мен дағдыларды қалыптастыру.

 

Студент білу керек::

· акушерлік саймандардың жіктелуін;

· гинекологиялық саймандардың жіктелуін;

· урологиялық саймандардың жіктелуін;

· оториноларингологиялық саймандардың жіктелуін;

· стоматологиялық саймандардың жіктелуін;

· офтальмологиялық сйамандардың жіктелуін;

· нейрохирургиялық саймандардыңжіктелуін;

· тауарлық талдауды жүргізу элементтерін.

Студент орындай білу керек:

· акушерлік саймандардың сапасын бағалауды;

· гинекологиялық саймандардың сапасына бағалау жүргізуді;

· оториноларингологиялық саймандардың сапасына бағалау жүргізуді;

· стоматологиялық саймандардың сапасына бағалау жүргізуді;

· офтальмологиялық саймандардың сапасына бағалау жүргізуді;

· нейрохирургиялық саймандардың сапасына бағалау жүргізуді;

· арнайы саймандарға тауарлық талдауды жүргізуді;

· сараптама актін рәсімдеуді.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ:

Ситуациялық есептерді шешу, пікірталас, оқу және қосымша әдебиеттерімен жұмыс, оқытушымен бірге сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылау.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА:

Ситуациялық есептер:

1 тапсырма. Акушерлік, гинекологиялық, урологиялық, оториноларингологиялық, стоматологиялық, офтальмологиялық және нейрохирургиялық саймандардың жіктелуін схема түрінде көрсету.

2 тапсырма. Оқытушы ұсынған үлгіге тауарлық талдауды жүргізу және тауарлық сараптама актін рәсімдеу.

1 этап. Тауардың жіктелу ітобын анықтау.

3 этап. Тауар түрін идентификациялау.

3 этап. Тауардың типтік мөлшерін анықтау.

4 этап. Талданатын тауардың сапасын анықтау.

5 этап. Тауардың жарамдылығы туралы қорытынды беру.

6 этап. Тауарлық сараптама актін рәсімдеу.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 422. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия